Сабақ Пәні: география сыныбы: 7 уақыты: 22 ақпан 2013 жыл Тақырыбы: ОҢТҮстік американың табиғат зонасы мақсаты



Дата20.06.2016
өлшемі43.5 Kb.
#149637
түріСабақ
Ашық сабақ

Пәні: ГЕОГРАФИЯ сыныбы: 7 уақыты: 22 ақпан 2013 жыл

Тақырыбы: ОҢТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ТАБИҒАТ ЗОНАСЫ

Мақсаты: Оқушылардың білімін тексеру, білімін пайдала білу дағдысын қалыптастыру, сабаққа деген қызығушылығын ояту, өз ойларын, білімдерін жинақтап тұжырымдай білуге дағдыландыруды мақсат еткен сабақта оқушылардың өзін көрермендер алдында дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке, алғырлыққа тәрбиелеу де қамтылды.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдісі: түсіндірмелі

Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеолар мен слайттар, атлас карта
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, құралдарын тексеру, назарын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Материктің қандай өзендері бар?

  2. Қандай көлдері бар?

  3. Атақты сарқырамалары қандай?

  4. Қандай алаптарға бөлінеді?

  5. Өз бетіңше нені іздедің?


ІІІ. Жаңа сабақ

Кесте арқылы Оңтүстік Американың табиғат зоналарын түсіндіру.


Ылғалды экваторлық ормандар (гилея)

Экватордың екі жағын алып жатыр.

Ауыспалы ылғалды ормандар

Гилеялардан түр құрамы онша өзгермей солтүстік пен оңтүстікке қарай ауысады.


Саванналар мен сирек ормандар

Материкте Ориноко саваннасы-льянос және Бразилия саваннасы-кампос деп ажыратылады.

Субтропиктік дала

Ла-Плата жазығын алып жатыр.

Шөлейт зонасы

Материктің қиыр оңтүстігіндегі Патагония жерін қамтиды.

Ылғалды мәңгі жасыл ормандар

Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішке алқапта экватор маңында орналасқан.

Тропиктік шөл

Экватордан 300 о.е. дейінгі аралықты алып жатыр.

Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар

Субтропиктік жағалық бөлікті қамтиды.

Оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар

Қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті қамтиды.

Жағалық шөл

Анд тауының ең төменгі бөлігінде Атакама шөлі орналасқан.

Тікенекті ксерофитті бұталар

Батыс Кордильера жотасының 2500 м биіктігінде орналасқан.


1. Амазонка ылғалды экваторлық ормандар.

Амазонка ылғалды ормандары экватордың екі жағын алып жатыр. Ол солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Дүние жүзінде бұл аймаққа келетін теңдесі жоқ. Топырағы қызыл-сары ферралитті. Ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. Сол себептен де бұл жержі «ғаламшардың өкпесі» деп атайды. Жергілікті тұрғындар орманның қалыңдығына байланысты «сельвас» деп атаған. Орман іші ыстық, қапырық төменгі жағына күн сәулесі түспейді. Ағаш биіктігі 80 м-ге жетеді.



Ағаштың түрлері: қауын, какао, хина, гевея, сейба т.б. ағаш түрлері көптеп кездеседі.

Жануарлары: бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы және су шошқасы капибара. Жыртқыш аңдары: ягуар, пума.

Құстары: тоты құстар, тукандар, гоциндер, ең кішкентай құс калибри.

Бауырымен жорғалауыштар ағаштардың жоғары бөлігінде өмірлерін өткізеді. Олардың ең ірісі – анаконда.



2. Саванналар мен сирек ормандар. /слайд арқылы/

Оринока саваннасы – льянос және Бразилия саваннасы – кампас деп ажыратылады. Топырағы ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады. Льяноста пальмалар мен акациялар өседі. Кампоста тікенекті кактус, мимоза, сүттіген бұталар және бөтелке ағашы өседі.



Жануарлары: пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқырлар, сауыттылар, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы.

3. Субтропиктік дала зонасы./слайд арқылы/

Ла-Плата жазығын алып жатыр. Топырағы құнарлы шымды қызғылт бұл аймақты тұрғындары «папма» деп атайды. Ол жазық дала деген ұғым береді.



Жануарлары: пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Теңіз шошқасы және саз құндызы өзен жағаларында мекендейді.

4. Шөлейт зонасы /слайд арқылы/

Қиыр шығысында Патагония жерін қамтиды. Топырақтың сұр және қоңыр топырақтары қаралған. Климаты қолайсыздығына нашар игерілген бұл аймақта жануарлар дүниесі сақталған.



Жануарлары: Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілермен қатар пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Гуанако ламасы мен пума кездеседі.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Т» кестесі

Солтүстік және Оңтүстік Америка материктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын табу. /интерактивті тақтада орындау/



Солтүстік Америка

ортақ

Оңтүстік Америка

Толығымен солтүстік жарты шарда

Батыс жарты шарда

Экватор сызығы кесіп өтеді

Кордильера тауы

Батысын жағалай тау алып жатыр

Анд тауы

Бизон

Тынық және Атлант мұхиттары шайып жатар

Анаконда

Қоңыржай белдеу көп бөлігін алады




Экваторлық белдеу өтеді

V. Үйге тапсырма

Өз қалауымыз бойынша жануар немесе өсімдіктерін зерттеп реферат дайындап келу.



Қазалы қаласындағы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп

Тақырыбы:



Сыныбы: 7

География пәні мұғалімі:

Нұрекешова Жанат Нұрыллақызы



22 ақпан 2013 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет