Бөлімі бойынша тәжірибелік сабақтарын және соөЖ Қамтамасыз етуге арналғАН



бет5/36
Дата21.10.2022
өлшемі4.75 Mb.
#463138
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
З.М. ға Финиш КУ казакша ПОСОБИЕ 03.01. 2017г. (1)

Нәтижелерді бағалау:

  • Жұтқыншақтың қалыпты микрофлорасының құрамына көптеген микробтар кіреді, сондықтан, аурудың этиологиясын анықтау үшін патогенді микробтардың жаппай өсуін анықтау қажет. Зерттеу нәтижесінде микроорганизмдердің аз көлемде анықталуы науқаста өтпелі тасымалдаушылықты көрсетуі мүмкін.

  • Ауыздан қақырықты танертеңгі ауыз қуысын тазалауды кейін, стерильді құтыға жинаған дұрыс. Қақырық төменгі тыныс жолдары бөлімдерінен болуы керек. Егер қақырық бөлінбейтін болса, науқасты мәжбүрлеудің қажеті жоқ (Оны жеңілдету үшін алдымен 0,9%NaCl ыстық ерітіндісімен ингаляция жасауға болады).

  • Қажет болған жағдайда, бронxоскопия кезінде алады.

  • Нәтижелерді бақылау кезінде, тек кана материалдағы кейбір бактериялардың сөзсіз басым болуы немесе қақырықтан бірдей микроорганизмдердің бөлінуі патологиядық процестің дамуына рөл атқаратынын есте ұстауымыз керек.



ІРІҢ –АБЦЕССТЕРДЕН ЗЕРТТЕУ ЗАТЫН АЛУ:

  • Көп жағдайларда зақымдалған терілер мен аспираттарды зерттеуге шприцтің көмегімен алады. Зерттеу затын дәрігер ота жасау кезінде немесе таңу жүргізу кезінде алады.

  • Терінің үстіңгі жарақатының айналасын 70%-дық этил спиртімен немесе басқада антисептиктермен мақталы тампонның көмегімен өңдеу жүргізеді.

  • Зерттеу затын екі түрлі стерильді мақта тампонымен алады: біріншісі-бактериоскопия үшін, ал екіншісі-себінді жасау үшін; анаэробтарды зерттеу үшін қосымша тампон қолданылады. Зерттеу затын құрғап кетуінің алдын алу мақсатында арнайы транспорттық орталар қолданылады.



Нәтижесін бағалау:
Көп жағдайларда ауру қоздырғышы болып табылатын, бір ған түрдің микроорганизмдері анықталады.
Егер абцесстің өз бетімен ашылып кеткен жағдайында, қалыпты микрофлора өкілдері қоздырғыштары ретінде қабылдануы мүмкін.


АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ:


Ауыз қуысы:

  • Ұрт, қызыл иек, тілдің шырышты қабатынан және сілекей шығаратын жолдардан зерттеу затын мақталы тампонның көмегімен жинайды;

  • Тіс-қызыл иектік қалташадан – бактериологиялық ілмекпен алады;

  • Тіс арнасынан – ұшына стерильді мақта оралған арнайы стоматологиялық зондпен, не мақта немесе қағаз фитилькалармен алынады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет