БОӨЖ
Тақырыбы:Педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық деңгейлеріндегі әдістері
Тексеруші: аға окытушы Жумабаева А.Ж.
Орындаушы:Жоламанова.Г.Ж
БОӨЖ Тақырып:Педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық деңгейлеріндегі әдістері
Қарастырылатын сұрақтар:
1)Теориялық және эмпирикалық әдістеріне анықтама беріп,талдау жасау;
2)Теориялық әдістің мазмұны,мақсаты;
3)Эмпирикалық әдісті талдау;
4)Теориялық әдіс пен эмпирикалық әдістің айырмашылығы.
Педагогика әдіснамасы – педагогикалық теория, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білімдер жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарының жиынтығы туралы педагогика ғылымының бір бөлігі.
Әдіснаманың теориялық жағы – педагогикалық заңдылықтарды, педагогикалық зерттеудің қандай идеялардан (философиялық, биологиялық, психологиялық) анықтап, қорытынды шығарады.
Әдіснаманың нормативтік жағы – педагогикалық нысананы(объектілерді) қараудың жалпы принциптерін, ғылым мен педагогикалық зерттеудің жалпы және жеке әдістерінің жүйесін зерттейді. Ғылыми педагогикалық зерттеу жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын танымдық әрекет түрі және оқыту, тәрбиелеу және тұлға дамуының объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс болғандықтан, объективтілігі, нақтылығы, дәлелділігі жағынан сипатталады.
Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері:
1.Эмпирикалық (практикалық) – жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, талдау және жалпылау, практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық талдаудан өтеді.
2.Теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын-ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3.Әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылыстың жалпы принциптері мен әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |