Будың пайда болуы
Булану-заттардың сұйық немесе қатты агрегаттық күйінен газ(бу) күйіне ауысу процесі. Булану табиғатта, жалпы өмірде көп байқалатын процесс. Мысалы табиғатта қардың, мұздықтардың еріп, күннің жоғары температурасының әсерінен буға айналуы, тұрмыста судың,шайдың қайнауы кезіндегі бу пайда болуы.
Будың пайда болуы температураға байланысты болады.Температура жоғарылаған сайын будың пайда болуыда жылдамдай түседі. Жабық ыдыстағы булану процесі сұйықтықтың не қатты дененің үстіндегі кеңістікте қаныққан буға толғанша тұрақты температурада жүреді. Қаныққан будың қысымы тек температураға ғана тәуелді және ол температура жоғарылаған сайын артып отырады. Егер қаныққан будың қысымы сыртқы қысымға тең не артық болса, онда булану қайнау процесіне айналады. Егер булану тұрақты температура кезінде жабық ыдыста жүретін болса, онда буланумен қатар оған кері конденсация процесі, яғни будың қайта сұйыққа айналу процесі жүреді. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды қаныққан бу деп атайды. Қаныққан будың рқ қысымы тек оның химиялық құрамы мен температурасына тәуелді, ал будың көлеміне тәуелсіз болады.
Берілген температурада қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды қанықпаған бу деп атайды. Яғни, булану конденсациядан артық болса, онда сұйықтың бетіндегі бу және сұйық жоқ кездегі бу қанықпаған деп аталады. Қанықпаған будың қысымы оның көлеміне тәуелді: көлем кішірейсе, қысым артады, ал көлемі ұлғайғанда, қысымы кемиді.
Булану салдарынан сұйықтықтың температурасы төмендеп, салқындайды сондықтан менің ойымша булану процесі тұрақты температурада жүруі үшін оған үнемі тұрақты түрде жылу беріп отыру қажет. Сондықтанда булану табиғаттағы ылғал алмасудың негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |