Тобы: 1901-22 Қабылдаған: Бақбергенова Ақбаян Жоспар



Дата29.03.2023
өлшемі50.6 Kb.
#471318
Есту көру эссе



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Тарих және педагогика» факультеті
Эссе


Тақырыбы: Есту талдағыштарының физиологиясы


Орындаған: Амангелді Гүлдана


Тобы: 1901-22


Қабылдаған: Бақбергенова Ақбаян


Жоспар:
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Есту мүшесі( құлақ)
2.2 Талдағыштар туралы түсінік
2.3 Дыбыстың дифракциясы және дыбыс толқындары
3 Қорытынды


Кіріспе
Есту- адам мен жануарлар организмінің дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті.Адам есту мүшесінің көмегімен қоршаған ортадан әртүрлі дыбыстарды қабылдап, талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап, ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.Есту мүшесі- құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Сыртқы құлақ- құлақ қалқанынан және кұлактың сыртқы тесігінен құралған: дыбыс толқынын дабыл жарғағына жеткізуші. Ортаңғы құлақ дыбыс қуысынан, самай сүйегінде орналаскан: балқашык, төс, үзеңгі деп аталатын өткізгіш сүйектерден тұрады, олар дабыл жаргагымен байланысқан, негізгі кызметі тербеліс жиілігін азайтып немесе күшін арттыру. Ішкі құлақта дыбыс қабылдаушы есту рецепторлары орналасқан иірім тутегі мен тепе-тендік талдағышы болады.

Талдағыштар (анализаторы) дегеніміз — дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлімімен байланыстырып тұрған рефлекторлық доғаның сезімтал бөлігі.Есту талдағышының адекватты тітіркендіргіші дыбыс болып табылады. Дыбыс ортаның (ауа, су, топырақ және т.б.) тербелмелі қозғалысы.Дыбыстың көзі тербеліп тұрған дене (мысалы, камертон, шек (струна), дауыс қатпарлары) болып табылады. Қандай болсын затқа, ортаға тән серпімділіктің арқасында бір жерде пайда болған тербеліс көршілес жерге беріледі. Осы жағдайда ортаның тығыздалуы мен тітіркенуі, яғни ортаның серпімділігіне, тығыздығына және температурасына тәуелді белгілі бір жылдамдықта тарайтын дыбыс толқындары туындайды (14с.) Мысалы, 0 кезінде ауадағы дыбыс толқынының таралу жылдамдығы 333 м/сек, ал суда -1450 м/сек.


Дыбыстың дифракциясы ол белгілі бір жерде туындаған дыбыс толқындары, барлық жақтарға белгілі бір жылдамдықта таралады. Реверберация -жабық бөлмеде дыбыс толқындарының қабырғада бірнеше рет шағылысуы жүретін құбылысты реверберация деп атайды.Күшті реверберация әсерінен бөлмеде қажетсіз дыбысталу байқалады, осы қабырғада дыбыстың шағылысуын төмендету үшін перделер, кілемдер іледі; осы кезде дыбыстың білгілі бір мөлшерде сіңуі жүреді. Егер қандай да бір дыбыс көзінің дыбысталу алаңына басқа бір дыбыс шығаратын зат түссе, онда бұл дыбыстың екіншілік дыбысталуы, немесе резонаторы болуы мүмкін; бұл құбылыс резонанс деп аталады. Қоршаған дүниенің барлық дыбыстарынан адам үшін маңыздысы бұл сөйлеу дыбыстары.
Акустикалық көзқарас жағынан қарасақ, сөйлеу әр түрлі ұзындықта паузамен үзілетін әр түрлі дыбыс ағындары болып табылады.Сөйлеу дыбыстарын екі негізгі топқа бөледі: дауысты және дауыссыз. Дауысты дыбыстар үнді дыбыстар, ал дауыссыз дыбыстар шулы дыбыстар болып келеді.Дауысты дыбыстар ол жеке дауысты дыбыстар арасындағы айырмашылық формант арқылы анықталады. Формант сөйлеу дыбыстарының күрделі спектрін құрайтын жиіліктің жеке күшейтілген ауданы.Дауыссыз дыбыстардың да белгілі акустикалық сипаттамалары болады, бірақ олар күрделірек. Ұяң дауыссыздардың дыбыстық талдауы, мысалы б, в, з, ж және т.б. дыбыстардың тербеліс периоды.
Дыбыс толқындарын өткізуге құлақ қалқаны, сыртқы есту түтігі, дабыл жарғағы, есту сүйекшелері, сопақша терезелердің сақиналы байланыстары, дөңгелек терезенің (екіншілік дабыл жарғағы) мембранасы, лабиринт сұйықтығы (перилимфа), негізгі мембрана қатысады.Негізгі мембрана тербелісі кезінде қозу процесінің немесе жүйке импульсінің пайда болуымен жүретін кортиев мүшесінің есту жасушаларының орын ауысуы байқалады.Бұл дыбыс қабылдаудың бастапқы сатысы болып табылады.


Қорытынды

Сонымен, талдағыш деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабыдап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесін айтады. Олар қабылдаушы құрылымнан рецептордан, өткізгіш бөліктен (жүйкелік жолдан) және мидың үлкен жарты шарларының қыр-тысында орналасқан орталық бөлімнен турады. Талдағыштар сезім мүшелерін орналасқан орнына қарай сырқы және ішкі болып бөлінеді. Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолынын бездерінен құлық белінеді. Кұлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей қорғаныштық қызмет аткарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естей, керең болып қалуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауық-ауыктавалап тұрған жөн. Құлыңты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін. Есту мүшесі — құлақ зақымданбауы үшін тазалықты сақтап қана қоймай, мынадай ережелерді де ұстанған жөн:Айқайлап сөйлемеу;Теледидар дыбысын қатты шығармау;Ұзақ уақыт бойы құлаққапта әуен тыңдамау;Құлаққапта әуенді қатты тыңдамау;Қатты шулы ортада ұзақ болмау;Құлаққа суық желдің кіруінен сақтану.




Пайдаланылған әдебиеттер:



  • https://stud.kz/referat/show/25441

  • Жумадина Ш.М. {Адам және жануарлар физиологиясы} кітабы.ЕВЕРО БАСПАСЫ. Алматы. қ. (2015 жыл)

  • https://www.iprbookshop.ru/69084.html

  • ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ГИГИЕНАСЫ (БІЛІМ ШАПАҒАТЫ)сайты



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет