Центрифугалау әдістері



бет1/4
Дата03.12.2022
өлшемі0.73 Mb.
#466346
  1   2   3   4

Центрифугалау әдістері

Орындаған : Адилбекова Асем.


Суспензиядағы бөлшектерді немесе сұйықтағы макромолекулаларды салмағы және пішіні бойынша бір-бірінен оңай бөлу үшін центрифугаларды пайдаланады.
Центрифуга негізінен электр моторынан, онымен жалғасқан ротордан және айналатын роторды сыртқы ортадан бөліп тұратын камерадан тұрады.
Ішіндегі компоненттерін бір-бірінен бөлу үшін қоспаны центрифуганың арнайы ыдысшасына (пробиркасына) құяды, содан кейін оны центрифуганың роторының арнайы ұяларына ендіріп орналастырады. Ротор дегеніміз – денесі қалың металдан жасалған, ішінде симметриялы түрде пробирка ендірілетін ұялары бар периметрі дөңгелек бөлшек. Оның ішіндегі ұялардың саны және үлкендігі айналымға түсетін ерітіндінің көлеміне байланысты 6-дан 24-ке дейін болады.
Центрифугалаудың нәтижесінде пробиркадағы суспензия негізінен екі фракцияға бөлінеді. Біріншісі тұнбаның өзі болса, екіншісі - тұнбаның жоғары бөлігіндегі тазаланған мөлдір сұйық. Жоғарыда айтып кеткендей, клеткадан алынған таза сұйықты экстракт дейді. Басқа жағдайларда, мысалы, сол экстракттың ішіндегі бірқатар белоктардың түрін қыздыру арқылы немесе тұндырғыш (мысалы, тұз) қосып тұнбаға түсіргеннен кейін центрифугалап алынған мөлдір сұйықты супернатант деп атайды.
Центрифугалау әдісінің принципі – центрифуга арқылы айналдыру кезінде орталықтан тебілетін күштің әсерінен сұйық қоспадағы түйіршіктер тұнбаға түседі немесе салмақтары әр түрлі макромолекулалар бір-бірінен бөлінеді. Центрифугалардың роторларының айналу жылдамдығы және оған сәйкес олардың заттарды бір-бірінен бөлу қабілеті байланысты олар баяу жылдамдықты, жоғары жылдамдықты және ультрацентрифугалар болып бөлінеді
Жылдамдығы жоғары центрифуганың роторлары
1- ұяшықтары тұрақты бұрышта жасалған, 2- ұяшықтары ілінген,
3- ұяшықтары вертикал орналасқан.
Центрифугалау әдістері.
Препаративті центрифугалау
Дифференциалды центрифугалау
Молекулалық салмақты седиментация жылдамдығы арқылы анықтау
Аналитикалық центрифугалау
Тығыздық градиентінде тепе-теңдікпен центрифугалау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет