Cөж тақырыбы : Балалардың нерв жүйесінің морфофункциялық сипаттамасы Орындаған



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата25.02.2022
өлшемі198.85 Kb.
#455757
  1   2
гисто обсөж



1

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік 
университеті 
Медицина факультеті 
Гистология кафедрасы 
CӨЖ
 
Тақырыбы :
Балалардың нерв жүйесінің морфофункциялық
сипаттамасы
Орындаған: Ураз Бекзат
Тобы:
ЖМ-001F
Тексерген: Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент С. А. 
Ажаев
Түркістан 2021


2

Жоспары: 
 
Ø
Кіріспе 
Ø
Негізгі бөлім 
1. Нерв жүйесі 
2. Балалардағы нерв жүйесінің ерекшелігі 
3. Ми нейрондарының қалыптасуы 
Ø
Қорытынды 
Ø
Қолданылған əдебиеттер тізімі


3

Кіріспе 
Жүйке жүйесі – адаммен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға 
бейімдеуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның 
бөлімін нейрология деп атайды. Жүйке жүйесіндегі патологияға 
байланысты адамда паралич болуы мүмкін, көру, сөйлеу, есте сақтау 
қабілеттерін жоғалтуы мүмкін. Нерв жүйесінің құрылысын білу нерв 
жүйесінің функцияларын түсінуге жəне нерв жүйесінің ауруларын 
дұрыс диагностикалау үшін қажет. Қазіргі кезде невропотолог 
мамандары да жеткіліксіз. Сол себептіде медицина мамандары жəне 
ЖОО студенттері үшін нерв тінінің морфофункциялық сипаттамасын 
білу маңызды. 
 
 
 


4

 
 
Нерв жүйесінің мүшелері нерв тінінен, яғни нейроциттер мен 
глиоциттер құрылған. Морфологиялық көзқарастан орталық нерв 
жүйесін жəне перифериялық нерв жүйесін ажыратады. Орталық нерв 
жүйесіне ми жəне жұлын жатады. Перифериялық нерв жүйесіне нерв 
түйіндері (ганглийлер), нервтер жəне нерв ұштары жатады. 
Балалардың жүйке жүйесі, бір жағынан, ересектердегі жүйке жүйесінің 
құрылымдық ұйымына өте жақын. Екінші жағынан, балада туылған 
кезде ми мен жұлынның көптеген түзілімдері толығымен 
қалыптаспаған, олар морфофункционалды тұрғыдан жеткілікті 
жетілмеген. Алғашқы 2 жылда бас миының көлемі ұлғайып, организм 
қызметінің артуы байқалады. Бұл баланың қозғалыс, сезімтал жəне 
ПСИХО- эмоционалды өмірінің ерекшеліктерімен көрінеді. Жүйке 
жүйенің прогрессивті дамуы 20-25 жасқа дейін созылады. 
Нəрестеде бас миы қыртысының кейбір алаңдарында, мысалы 
маңдай жəне самай иірімдері аймағында, аксондардың миелинді 
кабаттары болмайды. Олар бала туғаннан кейін біраз уакыттан соң 
пайда болады. Жүйкелік талшықтар мен глияның мөлшері балаларда 
бірте-бірте арта бастайды. Глия немесе нейроглия – жүйке 
клеткаларының, олардың өсінділерінің тіні. Глия жүйке жүйесіне 
қорғаныш қызметін атқарады əрі жүйке импульстерін өткізеді. 


5

Ми нейрондардың қалыптасуы 


Балалардың бас нейрондары туғаннан кейін қалыптасады. Туған кезде 
үлкен ми жарты шар қыртысы нейрондары нейроглио-тамырлық 
байланыста болады. Бірақ көптеген нейрондар дұрыс емес формалы, 
өсінділері айқын емес, мөлшері кіші болады. Глиальды жасушалары 
ұсақ, қан тамырлары жұқа, капиллярлы торы сирек болады. 
Баланың миында шамамен 20 миллиард нейрон бар. Олар тамырлар 
арқылы жүйке импульстарын қабылдайды, өңдейді жəне басқа 
жасушаларға береді. Нейрондар жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын 
қамтамасыз ететін жүйке импульстарын өткізуге қатысатын арнайы 
химиялық белсенді заттар – нейротрансмиитер шығарады.
Үлкен мидың қыртысының дамуы барысында ересек адамдарда, 
нəрестемен салыстырғанда, нейрондар сиректеу орналасады, бірақ, 
жасушалардың жалпы саны өзгермейді. Адамның өмірі ұзарған сайын 
нейрондардың 
саны 
біртіндеп 
азая 
бастайды. 
Жүйкелік 
жасушалардың санының азаюы егде тартқан жəне қартайған 
адамдарда қарқынды жүреді. Жүйке жүйесінің адамның егде тартқан 
шақтағы өзгерісі негізінен мидағы қан тамырларының склеротикалық 
өзгерістерімен тығыз байланысты. 
Бұл кезеңде мидың жұмсақ жəне қан тамырлы (торлы) қабықтары 
қалыңдап, қатаяды. Бас миының маңдай жəне төбе бөліктерінде 
атрофиялық өзгерістер байқалады. Нейрондардың саны азаяды, 
көлемі кішірейеді, базофильді заты жойылады. Ядросы тығыздалып
пішіні өзгереді. Дифференциялану барысында жүйке жасушалары 
көбею қабілетін айырылады. 
Жұлынның салмағы шамамен 4 граммды құрайды.
Ø
6 айда ол екі есеге 8 граммға,
Ø
3 жаста- 4 есе көбейіп 16 грамм болады, 
Ø
20 жасқа дейін ол 7 есе өседі нақты айтқанда 26 – 28 грамм. 
Туылған кезде барлық жасушалар жақсы дамыған. Жұлынның 
жауап беретін рефлекстері жатырішілік даму кезеңінде 
белгіленеді.
Ми туылғанға дейін де қалыптасады.


6

Ø
5-ші аптада эмбрионда мидың көпіршіктері пайда болады. Одан 


мидың барлық бөліктері дамиды. Осы кезеңде ананың 
денсаулығын сақтау маңызды.
Ø
Жаңа туылған нəрестенің миының массасы 350-370 грамм. 1 
жастан 7 жасқа дейін ми қарқынды дамиды.
Ø
1 жасқа дейін мидың массасы екі есеге көбейеді, яғни 700грамм; 
Ø
3 жаста - үш есеге;
Ø
7 жаста - ересек адамның массасына жақындап, 1250 граммға 
жетті. 
Ø
Мектеп жасында мидың массасының өсуі күрт баяулайды жəне 
жетілу басталғанға дейін ол шамамен 1400 граммды құрайды; 
Ø
20-29 жасқа дейін максимумға жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет