Corel Draw графикалық редакторында текетпен жұмыс істеудің негізі тәсілдері Corel Draw 12



Дата28.12.2022
өлшемі57.67 Kb.
#468021
Corel Draw графикалық редакторында текетпен жұмыс істеудің негізі тәсілдері


Corel Draw графикалық редакторында текетпен жұмыс істеудің негізі тәсілдері
Corel Draw 12-де мәтінді өңдеу және әр мақсатта қолдануға болады. Мәтін – жарнамалық плакат, логотип, буклеттердің бөлінбес бөлігі және дизайнерлік жұмыстарда қажет. Мәтіндік құралдар баннерлер мен логотип жасауда қарапайым әрі ыңғайлы бола отырып, құжат жасауда мәтіндік құралдардың қуатты дамығандығын көруге болады.

Corel Draw 12-де мәтіндік объектінің екі түрін – қарапайым және фигуралық мәтінді қолдайды.
Фигуралық мәтін.Фигуралық мәтінарнайы эффекттер мен айналулар қолданылатын қысқа мәтіндік фрагменттерді жасауға пайдаланылады. Фигуралық мәтіннің формасын, эффекттерін, бұрмалану дәрежелесі оңай өзгертіледі және ол бөлек сөздер, тақырып сияқты мәтін қатарлары, логотиптер және шығарылған сөздер(выноски) үшінқолданылады.Егер Таңдау құралы арқылы фигуралық мәтінніңөлшемі өзгертілсе, онда мәтіндік белгілер (әріптер) де өзгереді. Фигуралық мәтін басқа объекттерді ағымдала (обтекание) алады. Фигуралық мәтінді жасау үшін құралдар жиынынан Мәтін құралын – Абатырмасын басып таңдап,құжат бетінің қай жері керек – сол жерге курсорды басыңыз, сонда Ібелгісі жыпылықтап тұрады. Сол жерге керек мәтінді енгіземіз. Мәтінді тек Мәтін құралы режимінде ғана форматтауға болады. Фигуралық мәтінді қарапайым мәтінге айналдыру үшін Мәтін→Қарапайым мәтінге айналдыру(Текст→Преобразовать в простой текст) командасын орындалады.

Қарапайым мәтін.Қарапайым мәтін кәдімгі көп қолданатын мәтіндік редактор – WordPad-ты еске түсіреді.
Мәтін ені бар блок ішіне жазылады, егер бірінші қатарға сыймаса, екінші қатарға автоматты түрде өтеді. Қарапайым мәтіннің фигуралық мәтіннен айырмашылығы осында, фигуралық мәтінұзыннан-ұзақ жазыла береді. Блоктың құрылуы, қисаюы, және өлшемінің өзгеруі ішіндегі мәтіннің қасиеттеріне(қаріп(шрифт) өлшемі, теңестірілуі(выравнивание)және т.б.) әсер етпейді, бірақ мәтін өзгерген блок ішін толтыруға тырысады. Егер осы блок толса, онда мәтін келесі блокке өтеді. Қарапайым мәтін барлық
фигураның ішіне жазыла алады. Қарапайым мәтінді мәтіндік колланаларда жазуға болады. Бұл газет беттеріндегі мәтінді реттеуге(верстка) қолданылады.
Қарапайым мәтін жасау үшін Мәтін құралын таңдап, құжат бетіне тіктөртбұрыш сызыңыз,сосын сол тіктөртбұрыш ішіне мәтін жазылады.
Web үшін қарапайым мәтін.Егер сіз Corel Draw-да Web-бетке қарапайым мәтін жазсаңыз, онда оны HTML-бетіне жай мәтін түрінде экспортталады. Web-ке сәйкес мәтін қылу үшін мәтінді белгілеп Мәтін→Мәтінді Web-ке сәйкес қылу(Текст→Сделать текст Web совместимым) командасын орындау керек.
Мәтінді форматтауМәтінді форматтау үшін қасиеттік тақтасын пайдалануға болады. Бұл жерде мәтін стилін, қаріп түрін қаріп өлшемін, теңестіру және т.б.өзгертуге болады.


Қасиеттік тақтада және меню арқылы жасай алмаған түзетулерді Мәтінді форматтау сұхбат терезесінде орындауға болады. Мәтінді форматтау сұхбат терезесінде бес бүктеме(вкладка) арқылы мәтіннің барлық параметрлерін (символ, қаріп, түрту(вычеркивание), жылжу(смещение), кллонна, текст бағыты, кернинг, теңестіру, абзац) өзгертуге болады. Мәтінді форматтау сұхбат терезесіне қасиеттік тақта арқылы барады.
Мәтінді түзеу(редактирование).Мәтін режимінде мәтінді түзеу Windows-тың колданбалы программаларындағыдай. Егер кімде-кім Windows-тың мәтіндік прцессорларында мәтінді түзей алса, онда Corel Draw-да мәтінді түзеу оп-оңай. Мәтінмен жұмыста Ctrl, Shift, Ÿ, , ž, , PgUp, PgDown, Home, End пернелерін комбинациялар көмегімен жұмысты жеңілдетуге болады.
Егер мәтінді бөлек керек болса, онда қасиеттік тақтадағы мәтінді түзеу батырмасын басып, ашылған Мәтінді түзеу сұхбат терезесінде мәтінді түзейміз.
Мәтінді түзеу сұхбат терезесі
Қарапайым мәтінмен жұмыс.Қарапайым мәтін блокке жазылады. Блок үзік сызықпен қоршалып көрінеді және ол мәтіннің шекарасы болып анықталады. Қарапайым мәтін блогы маркерлерден тұрады.
Маркерлер арқылы блоктың өлшемін өзгерту, басқа блокпен қосу басқа да қызметтер атқарады. Блокты блокқа қосу дегеніміз бірінші блоктағы мәтінді қосылатын блоктағы мәтінмен қатынас жасау. Блоктарды қосу үшін төменгі не жоғарғы қосу маркерлерін басып, қосылатын блокті көрсету арқылы жүзеге асады. Қосылатын блоктар әртүрлі беттерде орналасуы мүмкін.
Фигуралық мәтінмен жұмыс.Фигуралық мәтіннің әрбір символымен жұмыс жасау үшін Форма құралын пайдаланған дұрыс.Ол арқылы символды жылжытуға болады. Ctrl+K пернелер комбинациясы арқылы мәтінді символдарға бөліп тастайды. Осыдан кейін Форма құралын таңдаймыз. Белгіленген символға КомпановкалауҚисыққа айналдыру (Компановать→Преобразовать в кривую) командасын қолданса, онда символ
көп түйіні бар объектіге айналады.Сол түйіндерді тару, қысу, керу арқылы керекті пішінге келтіре аламыз.
Мәтінді барлық фигуралардың(қисық, тіктөртбұрыш, эллипс, жұлдыз, көпбұрыш) контурында жазуға болады. Мәтін құралын таңдағаннан кейін ішіне немесе жиегіне жазуға болатын фигураға жақындатсақ мына суретегіні көреміз. белгісінде фигура жиегіне, белгісінде фигура ішіне жазамыз.
 Дұрыс жазу құралдары.Қазіргі барлық графиктік және мәтіндік редакторладың бәрі орфагафияны тексеру жүйесі бар, бірақ Corel Draw орфагафияны тексеру жүйесінен басқа грамматиканы тексеру жүйесі – тезарус бар. Бұл құралдар арқылы орфаграфиялық дұрыс, үлкен сөздік қоры бар, грамматикалық стилдегі мәтінді алуға болады. Бұл құралдарға Мәтін→Жазу құралдары командасы арқылы баруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет