Д. Серікбаев атындағы вкгту шқмту им. Д



Дата25.06.2016
өлшемі308.56 Kb.
#158199




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

Сәулет-құрылыс

факультет деканы
_______________Б.О.Нұхаева

___________________2015 ж.



МЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ КЛИМАТОЛОГИЯ

Силлабус
МЕТЕОРОЛОГИЯ И КЛИМАТОЛОГИЯ

Силлабус

Мамандық: 5В080500 «Су ресурстары және суды қолдану»

Оқу түрі: күндізгі
Курс: 3

Семестр: 5

Кредит саны:2

Сағат саны: 90

Дәрістер: 15

Зертханалық сабақтар: 15

СОӨЖ: 30

СӨЖ: 30


Емтихан: 5 семестр
Өскемен

Усть-Каменогорск

2015

Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарт негізінде «Су-ауа бассейнін тиімді пайдалану және жылугазбен жабдықтау» кафедрасында дайындалып 5В080500 «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығындағы студенттерге арналған.



«САБТП ж ЖГЖ» кафедра отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі Н.Ю.Акименко
№____ хаттама ____________________ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төрайымы С.С. Лутай
№____ хаттама ______________________ж.

Дайындаған


аға оқытушы И.К.Сағынғанова

Норма бақылаушы Т.В.Тютюнькова


ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«САБТПж ЖГЖ» кафедрасы, Сәулет-құрылыс факультеті (Г-2-102 дәрісх.)

Пән жүргізетін оқытушы: Сағынғанова индира Кенесовна, аға оқытушы

Жұмыс телефоны: 540-596

Дәрісханалық сағат және кеңес беруге арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.

1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Оқылатын пән сипаттамасы
«Метеорология және климатология» пәнінің қарастыратыны атмосфера болып табылады. Атмосфера өзінің энергия көзіне ие болғандықтан салыстырмалы өздігінен қалыптасады. Сондықтан метеорология және климотология бойынша білімдерінің қалыптасуы болашақ су ресурстары және суды қолдану мамандықтары үшін үлкен маңызға ие.
1.2 Пәнді оқытудағы мақсат
Студенттерді атмосфераның құрылымымен; ауа құрамымен; жер шарында қысымның, температураның, ылғалдылықтың кеңістікті уақытпен таралуын; атмосферада күн радиациясының түрленуін; жылу және су тәртіптерімен; әртүрлі енділікте ауа райының өзгеруін анықтайтын негізгі айналмалы жүйелер қасиеттерімен таныстыру.

Аспаптармен таныстыру және қарапайым метеорологиялық, градиенттік және актинометриялық бақылауларға дағдыландыру.

Климаттық жүйе, глобальды және локальды климаттар қарым қатынасы, климаттың пада болу үрдістері, климаттық ірі масштабты өзгерістер және климаттың қазіргі жылынуы туралы мәлімет беру.
1.3. Пәнді оқытудың міндеттері
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер

- атмосфераның құрылымын, Жердің радиациялық, жылулық және су тепе-теңдігінің құраушыларын, ылғалдың булану және кондесациялану үрдістері, атмосфераның жалпы айналым үрдісі туралы, жауын-шашынның түсуі және қауіпті метеорологиялық құбылыстар және олармен күресу шаралары, олардың қалыптасуы туралы білу қажет;



  • метеорологиялық бақылаулар тәсілдерін, су шаруашылық, табиғатты қорғау объектілерін жобалау кезінде жауын-шашынның, буланудың, желдің мөлшерлік сипаттамаларын есептеу әдістерін игеру қажет;

  • стационарлық және далалық жағдайларда негізгі метеорологиялық сипаттамаларды өлшеу кезінде аспаптармен жұмыс істеуге дағдылану;



1.4 Пререквизиттар
Мектеп сабақтары: физика, математика. Жоғарғы оқу орнында: математика, инженерлік сызба, физика.
1.5 Постреквизиттар
Гидрология, гидрометрия, суресурстарын кешенді пайдалану, өзендерді және суаттарды қалпына келтіру.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Сағат көлемі

Ұ Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1. Кіріспе. Ауа райы туралы ұғым. Метеорология және климатология. Атмосфера, ауа райы және климат. Ғылымдар ішінде соның ішінде Жер туралы ғылым ішінде метеорология және климатологияның орны. Метерологияның тәжірибелік маңызы. Метеорология және климатология әдістері: бақылау, тәжірибе, статистикалық талдау, физика-математикалық үлгілеу. Метеорология және климатология дамуының негізгі сатылары.

2

Хромов С.П., Петросян М.А. Метеорология и климатология. 5 изд. М.: Изд-во МГУ, 2001. 528 с.


Тақырып 2. Атмосфера, оның құрамы және құрылымы. Жер бетіндегі құрғақ ауаның газдық құрамы. Су буы. Газдар күйінің теңдеуі. Газ тұрақтысы және құрғақ ауаның молекулярлық массасы. Ауа тығыздығы. Ылғалды ауа тығыздығы.

Атмосфера құрылымы: атмосфераның негізгі қабаттары және олардың ерекшеліктері. Гомосфера және гетеросфера. Тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және олардың арасындағы шекаралық қабаттар. Ионосфера және экзосфера. Озонның атмосферада таралуы. Атмосфералы уадағы сұйық және қаттықоспалар. Түтіндер, бұлттар, тұмандар. Атмосфераның электрлі алаңы. Атмосферадағы иондар. Атмосфераның статика теңдеуі. Барометрлік формуланы қолдану. Барилық саты. Қысымды теңіз деңгейіне әкелу. Температураның тік таралу түрлері.

Жел. Жел жылдамдығы. Жел бағыты. Жел раушангүлі. Желдің тең әсер етушілері. Басым бағыттар. Жел және турбуленттілік. Желдің екпінділігі. Тәрбуленттік айырбас. Жер қабаты және планетарлық шекаралы қабат.


2

Хромов С.П., Петросян М.А. Метеорология и климатология. 5 изд. М.: Изд-во МГУ, 2001. 528 с.


Тақырып 3 Күн радиациясы; радиациялық және жылулық тепе-теңдіктер.

Электромагниттік радиация. Радиацияның температураға тәуелділігі. Қысқа толқынды (күн) және ұзын толқынды (жер және атмосфералық) радиация. Жердің жылулық және сәулелік тепе-теңдігі. Күн радиациясының спектрлі құрамы.

Күн тұрақтысы. Күн белсенділігі. Тікелей күн радиациясы. Күн радиациясының атмосферада және жер бетінде өзгеруі. Атмосферада күн радиациясының сіңуі және таралуы. Радиацияның таралуымен байланысты құбылыстар: шашыраңқы жарық, аспан түсі, ымырт және таң, атмосфералық көріну. Атмосферада радиацияның әлсіреу заңы, мөлдірлік коэффиценті, лайлылық әсері.

Тура және таралған радиацияның тәуліктік жүрісі. Жалпы радиация. Радиацияның шағылысуы және альбедо. Сіңірілген радиация. Жер бетінің сәулеленуі, қарама-қарсы сәулелену, тиімді сәулелену. Жер бетінің радиациялық тепе-теңдігі. «Парникті» тиімділік. Кететін радиация. Жердің планетарлық альбедосы.

Күн радиациясының атмосфера шекарасында таралуы. Тік, шашыраңқы және жалпы радиацияның, жер шарында жер бетінің радиациялық тепе-теңдігінің және тиімді сәулеленуінің географиялық таралуы.

Сәулелі энергия. Атмосфераның сәулеленудің тасымалдауына әсері. Қысқа толқынды радиация. Ұзын толқынды радиация. Радиациялық тепе-теңдік.



2

Хромов С.П., Петросян М.А. Метеорология и климатология. 5 изд. М.: Изд-во МГУ, 2001. 528 с.

Тақырып 4. Атмосфераның жылулық тәртібі.

Ауа температурасының өзгеру себептері, ауа температурасының жеке және локальды өзгерістері. Атмосферамен төселетін бет арасындағы жылуалмасу механизмі. Төселетін беттің жылулық тепе-теңдігі. Топырақтың және суаттардың жылулық тәртібіндегі айырмашылықтар. Топырақтағы және суаттағы жылдық жылу айналым.

Топырақ бетіндегі температураның тәуліктік және жылдық жүрісі. Температуралық ауытқулардың топырақ тереңдігінде таралуы. Тәуліктік және жылдық тепература тұрақтыларының қабаттары. Өсімдік және қар жамылғыларының топырақ температурасына әсері. Суаттар бетіндегі тәуліктік және жылдық температура жүрісі. Температуралық ауытқулардың суда таралуы.

      1. Ауа температурасының тәуліктік жүрісі және оның биіктікке байланысты өзгеруі. Ауа температурасының мезгілісіз өзгеруі. Ауа температурасының тәулік аралық өзгеруі. Қатқақ, суық.


Ауа температурасының жылдық амплитудасы және климаттың континенталдығы. Континенталдық идексі. Ауа температурасының жылдық жүрісінің түрлері. Орташа жылдық және айлық температуралардың құбылмалылығы. Теңіз деңгейіне келтірілген температуралар. Изотерм карталары. Орташа жылдағы қаңтарда және шілдеде температураның географиялық таралуы; құрылықтың және теңіздің, орографияның және теңіз ағыстарының әсері. Ендік шеңберлерінің температуралары, температура аномалиясы. Тұтас Жер шарындағы және жарты шардағы температуралар.

Температураның биіктікпен тропосферада және стратосферада таралуы. Конвекция, конвекцияның үдеуі. Конвекцияны анықтайтын фактор ретінде атмосфераның стратификациясы. Ауа массаларының стратификациясы. Температура инверсиялары, олардың түрлері.

Жер бетіндегі жылулық тепе-теңдік және Жер-атмосфера жүйесінің жылулық тепе-теңдігі. Ендік аймақтардың жылулық тепе-теңдігі және атмосфералық циркуляция.


2

Хромов С.П., Петросян М.А. Метеорология и климатология. 5 изд. М.: Изд-во МГУ, 2001. 528 с.

Тақырып 5.

Атмосферадағы су: ауа ылғалдығы, жауын-шашын, ылғалдану. Оның таралуының заңдылықтары және географиялық қабықтың дифференциациясына әсері.

Булану және қанығу. Булану және буға айналушылық. Транспирация, жалпы булану. Булану жылдамдығы. Скорость испарения. Буланудың және буға айналушылықтың географиялықтаралуы. Ауа ылғалдылығының сипаттамасы. Ауа ылғалдылығының тәуліктік және жылдық жүрісі, оның биіктікпен өзгеруі және географиялық таралуы.

Атмосферадағы конденсация және сублимация. Конденсация өзегі және қату.

Бұлттар. Бұлттардың микроқұрылымы және сулылығы. Бұлттардың халықаралық жіктелуі. Негізгі бұллтар түрлерінің бейнеленуі. Генетикалық түрлері: көтерліп жылжып келе жатқан бұлттар, қабатты бұлттар, конвекция бұлттары, толқын тәрізді, орфографиялық бұлттар. Бұлттардағы оптикалық құбылыстар (кемпірқосақ, тәж). Метеорологиялық серіктер мәліметтері бойынша бұлттылықтың глобальды алаңы. Күн сәулесінің ұзақтығы.

Мұнар, тұман, іңір. Тұманның географиялық таралуы.

Жауын-шашынның пайда болуы, конденсация және коагуляция. Бұлттардан түсетін жуаын-шашын түрлері (жаңбыр, қар, бұршақ, сіркіреме жауын және т.б.). Бұлтқа жасанды әсер теулер.

Бұлттардың және жауын-шашынның электрлігі. Найзағай. Найзағай және күн күркіреу. Дөңгелек найзағай. Эльма жалыны. Жер беті гидрометеорлары (шық, сұйық түсу; қырау, және қатты түсу). Көктайғақ; ұшақтардың мұздануы.

Ылғал айналымы. Жауын-шашын тәртібінің сипаттамасы. Жауын-шашынның тәуліктік жүрісі. Жауын-шашынның жылдық жүрісі. Жауын-шашынның біркелкісіздік көрсеткіші. Жауын-шашын қосыныдыларының өгергіштігі. Жауын-шашынның ұзақтығы және қарқындылығы. Ылғалданудың сипаттамалары (индексі).

Құрғақшылық. Жер шарындағы су тепе-теңдігі. Қарлы жабын және оның сипаттамалары. Қар жабынының климаттық маңызы. Қарлы борандар.



2

Хромов С.П., Петросян М.А. Метеорология и климатология. 5 изд. М.: Изд-во МГУ, 2001. 528 с.


Тақырып 6. Атмосфера қысымы, желдер және олардың сипаттамасы. Атмосфераның жалпы айналымы: пассаттар (тропиктік белдеулер жел), қоңыржай ендіктің батыс желдері, поляр маңы ендігіндегі шығыс желдері, муссондар.

Барилық алаң, изобаралық беттер, изобаралар. Барилық топография карталары. Геопотенциал туралы ұғым. Көлденең барилық градиент. Биіктікпен барилық градиенттің өзгеруі. Барилық жүйелер. Температураның таралуына байланысты циклонда және антициклонда барилық алаңның биіктікпен өзгеруі. Уақыт бойынша қысымның ауытқуы, оқтын емес өзгеруі және тәуліктік жүріс. Қысымның тәулікаралық өзгергіштігі. Жылдық жүріс, қысымның айлық және жылдық ауытқулығы. Қысымның таралуындағы аймақтық. Жер бетінде қаңтарда және шілдеде қысымның орташа таралуы. Қысымнаң атмосфераның биік қабаттарында таралуы. Жер шарындағы орташа қысым.

Атмосферадағы әсер етуші күштер: ауырлық күші, көлденең барилық градиент күші, Жердің айналуының ауытқу күші. Желдің қысымның өзгеруімен байланысы. Атмосферадағы фронттар. Фронт түрлері. Фронттар және ағыстар.

Атмосфералық қозғалыстар масштабы. Қысымның және желдің таралуындағы аймақтық. Жалпы циркуляцияның (айналымның) меридианды құраушылары. Қысымның географиялық таралуы. Атмосфераның әсер ету орталықтары. Қысымның еркін атмосферада географиялық таралуы. Жер шары және жарты шар үшін қысымның орташа шамасы. Желдің басым бағыттары.

Тропиктағы айналым. Пасаттар, пасаттар ауа райы. Антипассаттар. Муссондар. Тропикалық муссондар. Конвергенцияның тропика ішілік аймағы. Тропикалық циклондар, олардың пайда болуы және ауысу, тропикалық циклондардың пайда болу аудандары, тропикалық циклондағы ауа райы.

Тропиктан тыс айналым. Тропиктан тыс циклондар. Циклондардың пайда болуы және дамуы, тропиктан тыс циклондардың ауысуы, циклондағы ауа райы. Антициклондар. Ендіктер аралығындағы ауа алмасудағы циклондар түрінің рөлі. Циклон энергиясы. Тропиктан тыс ендіктердегі атмосфералық айналым түрлері. Тропиктан тыс муссондар. Климатологиялық фронттар.

Жергілікті желдер. Самал желдер (Бризы). Таулы-аңғарлы желдер. Мұз желдер. Фен. Ызғырық (Бора). Дауылдар (Шквалы). Кішкене масштабты құйындар.

Ауа райы қызметі. Синоптикалық талдау, синоптикалық талдауда серіктік ақпаратты қолдану. Ауа райы болжамы.



2

Хромов С.П., Петросян М.А. Метеорология и климатология. 5 изд. М.: Изд-во МГУ, 2001. 528 с.


Тақырып 7. Жер климаттары. Климат түзуші үрдістер. Климаттық жүйелер. Глобальды және локальды климат. Жылу айналым, ылғал айналым, атмосфералық айналым климат түзуші үрдістер ретінде. Климаттың географиялық әсерлері. Географиялық ендіктің климатқа әсері. Климаттың биіктікпен өзгеруі, биіктікті климаттық аймақтық. Климатқа құрғақышылықтың және теңіздің таралуының әсер етуі. Климаттың континенталдығы. Климаттың аридналығы.

Орография және климат. Мүхиттық ағыстар және климат. Өсімдік жабынының климатқа әсері. Қар және мұз жабынының климатқа әсері. Климат теориялары.

Микроклимат атмосфераның аласа қабатының құбылысы сияқты. Микроклиматты зерттеу тәсілдері. Микроклиматқа жер қыртысының, өсімдіктердің, суаттардың, үймереттердің әсері.

Адамның климатқа қасақана жасамаған әсері. Төселетін беттің (ормандардың құруы, алаңдарды жырту, суландыру, құрғату, ормандарды өсіру және т.б.) өзгеруі және олардан климатқа келетін салдарлар. Көмірқышқыл газы және аэрозольдар концентрациясының техногенді артуы және олардан болатын салдарлар. Жылуды техногенді өндіру. Үлкен қала климаты. Климатқа әсер ететін антропогенді әсерлердің глобальды тиімділігін бағалау. XX ғасыр соңында климаттың жылынуы. Мүмкін болатын себептер.

Климаттардың жіктелуі. Климаттардың жіктелу принциптері. Б.П.Алисовтың климаттардың генетикалық жіктелуі. Экваторлық климат. Тропикалық муссондар климаты (субэкваторлық). Тропикалық климаттар. Субтропикалық климаттар. Қоңыржай ендік климаттар. Субполярлы климат (субарктикалық және субантарктикалық климаттар). Атктика климаты. Антарктида климаты.

Климаттың өзгеру. Климаттың өзгеруінің мүмкін болатын себептері. Өткен климаттарды қалпына келтіру және зерттеу тәсілдері. Аспаптық бақылаулар кезінде климаттың өзгеруі. Климаттың антропогенді өзгерістері.



3

Хромов С.П., Петросян М.А. Метеорология и климатология. 5 изд. М.: Изд-во МГУ, 2001. 528 с.

Зертханалық сабақтар

Тақырып1. Метеорологиялық бақылауларды ұйымдастыру. Метеорологиялық станцияға саяхат жасау (экскурсия).

2

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Тақырып 2. Ауа және топырақ температурасы.

2

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Тақырып 3. Ауа ылғалдығы

2

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Тақырып 4. Атмосфералық қысым

2

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Тақырып 5. Атмосфераның радиациялық және жылулық тәртібі.

2

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Тақырып 6. Бұлттылық.

2

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Тақырып 7. Атмосфералық жауын-шашын және қар жабыны.

2

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Тақырып 8. Жел.

1

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Тақырып 9. Жер шары климаты.

1

Сагынганова И.К. Методические указания к лабораторным занятиям «Метеорология и климатология» ВКГТУ, 2009, 63 с.

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

Тақырып 1. Тропикалық және тропиктаен тыс муссондар. Пайда болу жағдайлары, ауа райы.

2




Тақырып 2. Тропика ішілік айналым ерекшеліктері. Пасаттар және олардағы ауа райы.

2




Тақырып 3. Тропикалық циклондар, олардың пайда болуы, ауысуы, ауа райы.

2




Тақырып 4. Тропика ішілік циклондар. пайда болу шарттары және ауа райы.

2




Тақырып 5. Антициклондар. Пайда болу шарттары және ауа райы. Жылы фронт. Пайда болуы, ауысуы, ауа райы.

2




Тақырып 6. Суық фронттар. Пайда болуы, ауысуы, ауа райы.

2




Тақырып 7. Окклюзии фронттары. Пайда болуы, ауысуы, ауа райы. Жергілікті желдер.

2




Тақырып 8. Климат тудыратын үрдістердің өзара байланысы және өзара шарттары.

2




Тақырып 9. Орман микроклиматының ерекшеліктері. Таулы аймақтардың микроклиматының ерекшеліктері.

3




Тақырып 10.Қала микроклиматының ерекшеліктері. Қала тұманы.

2




Тақырып 11. Кёппен В.П. және оның климатты жіктеуі.

2




Тақырып 12. Берг Л.С. және оның климатты жіктеуі.

2




Тақырып 13. Алисов Б.П. және оның климатты жіктеуі.

2




Тақырып 14. Галоценде климаттың өзгеруі. Климаттың антропогенді өзгеруі.

3





2.2 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

Метеорологиялық бақылаулар

1. Статикалық және физика-математикалық талдаулардың метеорологиядағы мәні.

2. реферат:

а) Дүниежүзілік Метеорологиялық қызмет;

б) ҚР гидрометеорологиялық қызметі;

в) ШҚО гидрометеорологиялық қызметі








Реферат

2 апта

Атмосфера және атмосфералық ауа

1. Контурлы картамен жұмыс

2. реферат:

а) Атмосфералық ауадағы ластаушылар және олармен күресу шарлары

б) Парникті тиімділік және оның климаттың өзгеруіне әсері

в) Озон қабатының бұзылуы








Реферат

4 апта

Күн радиациясы. Радиациялық тепе-теңдік

Рефераттар

1.Күн - табиғи үрдістердің энергия көзі.

2. Күн радиациясын өлшеуге арналған негізгі аспаптар.








Реферат

5 апта

Атмосфераның жылулық тәртібі

1. Контурлы картамен жұмыс – ауа температурасының таралуы (қаңтар және шілде айларының изотермі)

2. Рефераттар

а) Температуралық ерекшеліктер (аномальдар) және олардың себептері

б) Атмосфераның төменгі қабаттарының жылулық тәртібі.

в) Термосфераның және экзосфераның термиялық тәртібі.








Реферат

6 апта

Атмосферадғы су

1. Контурлы картамен жұмыс – жауын-шашынның таралуы.

2. Рефераттар

а) Тұмандар және олардың қалыптасу жағдайлары.

б) Бұлттылық және оның тәуліктік және жылдық жүрісі.

в) Жауын-шашынның пайда болуы.








Реферат

7 апта

Атмосфералық қысым және желдер

Рефераттар

а) Климаттың өзгеруіне атмосфералық қысымның әсері.

б) Экваторлы және қоңыржай белдеулердің барометрлік минимумы

в) Полярлы және тропикалық ендіктердің барометрлік максимумы









Реферат

8 апта

Атмосфера айналымы (циркуляциясы)

Рефераттар

а) Тайфундар және олардың пайда болу жағдайлары.

б) Құйындар және олардың салдарлары

в)Муссондардың ежелгі теңізшілер саяхатындағы маңызы.









Реферат

10 апта

Ауа райы

1.Ауа райы түрлерінің кестесі.

2. Рефераттар

а) Ауа райы жағдайын қысқа уақытты болжау.

б)Ауа райы жағдайының оқтын-оқтын және анда-санда өзгеруі.

в)Ауа райы жағдайын ұзақ мерзімді болжау.








Реферат

11 апта

Климаттың қалыптасуы. Микроклимат

Рефераттар

а) Ірі қаллардың микроклиматы. крупных городов

б) Ормандардың микроклиматы.

в) Смог және оның пайда болуы. зардаптары.









Реферат

12 апта

Климаттың өзгеруі

Рефераттар

а) Қазіргі глобальды (жаппай) жылыну және оның себептері.

б) Климаттың палеозой эрасына өзгеруі

в) Климаттың мезозой эрасына өзгеруі.









Реферат

14 апта

Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі*


Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысуы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Жазбаша сұрақ







*







*










*







*







Реферат














































Зертханалық жұмысты қорғау







*










*







*













*

Рубеждік тестілеу



















*



















*




Барлығы













































3 ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Негізге әдебиеттер

1 Соромотина О.В. Метеорологические приборы. Тюмень: Изд-во ТюмГУ, 2005. 71 с.


2 Хромов С.П., Петросян М.А. Метеорология и климатология. 5 изд. М.: Изд-во МГУ, 2001. 528 с.


  1. Қосымша әдебиеттер

1 Волошина А.П., Евневич Т.В., Земцова А.И., Сорокина В.Н. Руководство к лабораторным занятиям по метеорологии и климатологии/ Под ред. С.П. Хромова. М.: Изд-во МГУ, 1997.


2 Антропогенные изменения климата/ Под ред. М.И. Будыко. М.: Изд-во МГУ, 1987.
3 Будыко М.И. Климат в прошлом и будущем. Л.: Гидрометеоиздат, 1980. 352 с.
4 Будыко М.И., Голицын Г.С., Израэль Ю.А. Глобальные климатические катастрофы. М.: МГУ, 1986.
5 Воробьёв В.И. Синоптическая метеорология. Л.: Гидрометеоиздат, 1991. 604 с.
6 Груза Г.В., Ранькова З.Я. Структура и изменчивость наблюдаемого климата: Температура воздуха Северного полушария. Л.: Гидрометеоиздат, 1980. 71 с. (Новости и проблемы науки).
7 Зверев А.С. Синоптическая метеорология. Л.: Гидрометеоиздат, 1977. 700 с.
8 Кароль И.Л. Введение в динамику климата Земли. Л.: Гидрометеоиздат, 1988. 215 с.
9 Качурин Л.Г. Методы метеорологических измерений. Л.: Гидрометеоиздат, 1985.
10 Кондратьев К.Я., Прокофьев М.А. Физические основы прогноза климата на срок от одного месяца до нескольких десятилетий//Итоги науки и техники/ВИНИТИ. Метеорология и климатология. Т.2. М.: 1983. 66 с.
11 Кислов А.В. Теория климата. М.: Изд-во МГУ, 1989. 160 с.
12 Монин А.С. Введение в теорию климата. Л.: Гидрометеоиздат, 1982.
13 Монин А.С., Шишков Ю.А. История климата. Л.: Гидрометеоиздат, 1979. 408 с.
14 Полтараус Б.В., Кислов А.В. Климатология. М.: Изд-во МГУ, 1986. 144 с.
15 Риль Г. Климат и погода в тропиках/ Пер с англ. Л.: Гидрометеоиздат, 1984.
16 Хргиан А.Х. Очерки развития метеорологии. 2 изд. Л.: Гидрометеоиздат, 1959.
17 Хромов С.П., Мамонтова Л.И. Метеорологический словарь. 3 изд. Л.: Гидрометеоиздат, 1974.
18 Атлас облаков. Л.: Гидрометеоиздат, 1978. 267 с.
19 Атлас теплового баланса земного шара/ Под ред. М.И. Будыко. 2 изд. М.: Изд-во МГУ, 1963.
20 Географический атлас для учителей средней школы. М.: ГУГК, 1985. 236 с.

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары:

  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:


Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысуы

Реферат

Жазбаша сұрақ


Зертханалық жұмысты қорғау

Рубеждік тестілеу


Барлығы


Рейтинг 1

10

20

30

20

20

100

Рейтинг 2

10

20

30

20

20

100

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағаттанарлықсыз



4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәлімет
1 Климотологиядағы және метеорологиядағы зерттеу әдістер.

2 Метеорологияның және климотологияның халық шаруашылығындағы мәні. Және оның ғылымдар жүйесіндегі, соның ішінде Жер туралы ғылымдар ішіндегі.

3 Метеорологиялық қызмет. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым. Әлемдік ауа райы қызметі. Халықаралық метеорологиялық және климаттық ғылыми бағдарламалар.

4 Метеорология және климотология тарихының негізгі сатылары.

5 Атмосфералық қысым, өлшем бірліктері. Ауа температурасы, температуралық шкалалар.
6 Жер бетіндегі құрғақ ауаның құрамы. Ауа құрамының биіктікпен өзгеруі.

7 Ауа тығыздығы. Газ күйінің теңдеуі. Ылғалды ауа тығыздығы.


8 Атмосферадағы адиабаталық үрдістер. Температураның тік таралу түрлері. 9 Атмосфераның түзілуі: негізгі қабаттар және олардың ерекшеліктері.
10 Тропосфера. Стратосфера.
11 Мезосфера. Термосфера.
12 Экзосфера. Ионосфера. Озоносфера.
13 Атмосфера статистикасының теңдеуі. Барилық саты. Қысымды теңіз деңгейіне келтіру.
14 Күн радиациясының спектрлік құрамы. Күн тұрақтысы. Күн радиациясының тәуліктік және жылдық жүрісі.

15 Жалпы күн радиациясының географиялық таралуы. Радиациялық тепе-теңдіктің географиялық таралуы.


16 Күн радиациясының атмосфераның жоғарғы шекарасында таралуы. Температуралық ауытқулардың топырақ астында таралуы. Фурье заңы.

17 Температуралық ауытқулардың суда таралуы. Ауа температурасының тәуліктік жүрісі және оның биіктікпен өзгеруі.


18 Ауа температурасының жылдық ауытқуы және климаттың континентальдығы.
19 Температуралық географиялық таралуы.. Изотермалар.
20 Ауа ылғалдығының сипаттамасы. Атмосферадағы конденсация және сублимация.
21 Булану және қанығу. Булану және буланушылық. Транспирация.
22 Қар жабыны және оның сипаттамалары. Қар жабынының климаттық мәні.

23 Бұлттардың халықаралық жіктелуі. Бұлттардың микрофизикалық құрылымы.

24 Бұлттылықтың тәуліктік және жылдық жүрісі. Жауын-шашынның пайда болуы. Конденсация және коагуляция.
25 Жауын-шашын түрлері. Жауын-шашынның тәуліктік және жылдық жүрісі. Жауын-шашынның географиялық таралуы. Изогиеталар.

26 Барилық жүйелер. Барилық алаң. Изобаралық бет, изобара карталары.


27 Жер бетінде қаңтарда және шілдеде қысымның орташа таралуы.

28 Жел, оның сипаттамалары. Жел раушангүлі. Желдің тәуліктік және жылдық жүрісі және бағыты.


29 Атмосферадағы жалпы айналым сұлбасы. Тропикалық ендіктер ішіндегі айналым ерекшеліктері.
30 Қоңыржай ендіктердегі айналым ерекшеліктері. Полярлық ендіктердегі айналым ерекшеліктері.
31 Циклондар. Пайда болуы, ауысуы, ауа райы.

32 Тропикалық циклондар, пайда болуы, ауа райы ерекшеліктері

33 Антициклондар. Пайда болуы, ауысуы, ауа райы.
34 Атмосфералық фронттар түрлері. Жылы фронт. Пайда болуы, ауысуы, ауа райы.

35 Суық фронт. Пайда болуы, ауысуы, ауа райы.

36 Окклюзии фронттары. Пайда болуы, ауысуы, ауа райы. Муссонды айналым ерекшеліктері.

37 Ауа температурасының өзгеру себептері, жеке және шоғырланған өзгерістер.


38 Б. П. Алисовтың климаттың генетикалық жіктелуі. В.П. Кеппен – Г.Т. Треварттың климатты жіктеуі. Л. С. Берганың климатты жіктеуі.
39 Микроклимат. Үлкен қала климаты. Климат түзеуші үрдістер.
40 Климаттың географиялық әсерлері. Қар жабынының, мұхит ағыстарының, өсімдік және топырақ жабынының климатқа әсері.

41 Төселетін беттің өзгеруі және олардың климатқа тигізетін салдарлары.

42 Экваторлық, субэкваторлық белдеулер климатының сипаттамасы.

43 Тропикалық, субтропикалық, қоңыржай, субарктикалық, субантарктикалық белдеулер климатының сипаттамасы.

44 Арктика және Антарктида климаттары
45 Қазіргі климаттың ауытқуының себептері. Климаттың ауытқуының мүмкін болатын себептері.

46 Климаттың биіктікпен өзгеруі, биіктікті климаттық аймақтық.

47 Көктайғақ, пайда болу шарттары.
48 Таң, пайда болу шарттары.
49 Бұлттардағы оптикалық құбылыстар.

50 Гомосфера және гетеросфера.


51 Синоптикалық карта.
52 Самал желдер, пайда болу шарттары. Ауа райы.

53 Найзағай, пайда болу шарттары. Ауа райы.

54 Пассаттар пайда болу шарттары, ауа райы.

55 Таулы-аңғарлы желдер, пайда болу шарттары. Ауа райы.

56 Ызғырық, пайда болу шарттары. Ауа райы.
57 Шық, пайда болу шарттары, географиялық таралуы.

58 Дөңгелек найзағай, пайда болу шарттары.

59 Дауылдар, қалыптасу ерекшеліктері, ауа райы.
60 Қырау, пайда болу шарттары.
65 Тұман, пайда болу шарттары, географиялық таралуы.

66 Күннің түсуі, өлшеу, ұзақтығы.

67 Температура инверсиясы және олардың түрлері. Уақытты өлшеу.
68 Қатқақ суық, пайда болу шарттары, олармен күрес.

69 Құйын, пайда болу шарттары.


70 Тұман. Пайда болу шарттары, географиялық таралуы.

71 Мұнар, пайда болу шарттары, географиялық таралуы.

72 Қырау, пайда болу шарттары, түрлері.
73 Құрғақшылық, пайда болу шартары, географиялық таралуы.

74 Кемпірқосақ, пайда болу шарттары.


75 Атмосферадағы дыбыстық құбылыстар.
76 Альбедо, планетарлық альбедо.
77 Конденсация және сублимация өзегі.
78 «Ауа райы» және «климат» ұғымдарының анықтамасы.
79 Жылы жел.
80 Ауа райы болжамы. Ауа райы қызметі.
81 Ауа райын алдын ала айтудың жергілікті белгілері.

82 Метеорологиялық алаң.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет