Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Қарағаш орта мектебі
География пәні мұғалімі
Сатымғалиева Айгүл Қыдырбайқызы
Тақырыбы: Ауаның қысымы және желдер
Мақсаты:
-
Ауа қысымы мен желдердің Қазақстан аумағында таралу ерекшеліктерін түсіндіру. « Жергілікті желдер» ұғымын қалыптастыруды одан әрі дамыту. Желдердің табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін әсерлерін талдау.
-
Есте сақтауға,салыстыруға,талдауға,топпен жұмыс жасауға,қорытындылауға,шығармашылық қабілеттерін дамытуға түрткі жасау.
-
Патриоттық,отансүйгіштік тәрбиеге баулау,экологиялық тәрбие беруге түрткі жасау:атмосфера ресурстарын ұтымды пайдалануға шақыру.
Сабақ түрі: аралас
Әдіс-тәсілдер: топтық,ұжымдық,жеке,интерактивті тақтада схема,сурет,кесте,картамен жұмыс,сұрақ-жауап,талдау,баяндау,деңгейлік тапсырмалар,электронды оқулықпен жұмыс.
Көрнекілер: Қазақстанның физикалық картасы,8 сынып атласы,интерактивті тақта,электронды оқулық кескін карта,сурет,кесте,схема.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,журнал толтыру,көрнекілерді реттеу.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
1) Ауа массаларының сипаты
2) Ауа массаларының таралу географиясы.
3. Бекіту. Электронды оқулықпен тапсырма орындау
4. Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық кезеңі.
Тақырыпты хабарлау,сабақ мақсатын айқындау,сабақ барысымен таныстыру.
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспар
А) Ауа қысымы ұғымы,түрлері,таралу географиясы
В) Жел түрлері,таралу географиясы
Интерактивті тақтада сәйкестікті анықтау
Ауа қысымының түрлері
төменгі жоғарғы
циклон антициклон
қысымдық минимум қысымдық максимум
Электронды оқулықтың «ауа қысымы тақырыбының мәтінін тыңдай отырып,тексеру.
Бағыттау сұрақтары: суық және жылы ауаның қайсысы ауыр және жеңіл? Суық және жылы ауада қандай қысым орнайды ?
Қазақстан аумағы қоңыржай климаттық белдеуде орналасқандықтан жылдың төрт мезгілі айқын ажыралатыны белгілі,әр жыл мезгілдерінің ауа қысымдарын талдау.
Жел дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер?
Қазақстан аумағындағы жел түрлері Сайқан Шілік Арыстанды Қордай Мұғалжар
Топпен жұмыс
1 топ – кестемен жұмыс
2 топ - кескін картамен жұмыс
3 топ - терминдермен жұмыс
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы топ бойынша толтыру.
Кесте-1. «Қазақстан аумағындағы желдер»
Терминдер: ауа қысымы,циклон,антициклон,изобара,жел,Воейков белдеуі,тау аңғарлық жел.
Сергіту сәті.
6. Жаңа тақырыпты бекіту.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
-
деңгей
-
Анықтаманың атын жаз
-
Ауа қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық атауы
-
Ауаның горизонталь бағытта жылжуы
-
Ебі және Сайқан желдері соғатын өңір
-
Орталығы максимум болатын жоғарғы қысым белдеуінің атауы
-
деңгей
-
Биіктік артқан сайын атмосфералық қысымның кемитіні неліктен?
-
Төмендегі жел түрлерінен Қазақстан аумағына тән желдерді атаңдар. Самум,мұғалжар,пассат,ебі,қордай,бриз.
-
деңгей
-
Төмендегі жағдайда жел қалай соғады? Ойыңды тұжырымда. Құрлық үстінде қысым 758 мм сын. Бағ. Теңіз үстіндегі қысым 760 мм сын.бағ.
7. Үйге: 22. Қосымша мәлімет.
Жел энергиясы бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде жел электр станцияларын салуға қолайлы деп 8 аймақ таңдалып алынды. Осы аймақтарды анықтау.
8. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |