Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде консультанттардың қызметтерiне ақы төлеудi республикалық



Дата17.07.2016
өлшемі46.11 Kb.
#204609
Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде консультанттардың қызметтерiне ақы төлеудi республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қағидасын бекiту және "Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 шiлдедегi № 783 Қаулысы
"Казахстанская правда" от 14.09.2011 г., № 294-295 (26685-26686); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 46, 621-құжат


      "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының 7-2 тармағына және "Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлетi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде консультанттардың қызметтерiне ақы төлеудi республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қағидасы бекiтiлсiн.
      2."Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасында (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру):
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 7-бөлiмде мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 4-1 жолмен толықтырылсын:

"


4-1

Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi)

Қаржыминi

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының

2011 жылғы 2-тоқсан




(кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде консультанттардың қызметтерiне ақы төлеудi республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қағидасының жобасын әзiрлеу.




жобасы




".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 9 шiлдедегi
№ 783 қаулысымен  
бекiтiлген     

"Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде консультанттардың қызметтерiне ақы төлеудi республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қағидасы

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «сауықтыру жоспары», «сауықтыру жоспарын» деген сөздер тиiсiнше «оңалту (сауықтыру) жоспары», «оңалту (сауықтыру) жоспарын» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

     1 Осы Қағида Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекiтiлген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасына (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi - Бағдарлама) сәйкес әзiрлендi және бағдарлама шеңберiнде консультанттардың қызметтерiне ақы төлеудi республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру тәртiбiн анықтайды.


     2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     1) әлеуеттi қатысушы - Бағдарламаға қатысуға құқығы бар және Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеуге қатысуға ниет бiлдiрген кәсiпорын;
     2) консультанттар - әлеуеттi қатысушылардан және олардың кредит берушiлерiнен және меншiк иелерiнен тәуелсiз, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеу үшiн кредит берушiлер комитетi таңдаған адамдар;
     3) кредит берушiлер комитетi - еңбекақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жөнiндегi кредит берушiлердiң, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi кредит берушiлердiң өкiлдерiнен, кредит берушi - мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның, сондай-ақ кәсiпорынға талап қою сомасы неғұрлым көп кредит берушiлердiң өкiлдерiнен қалыптастырылған алқалы орган;
     4) оңалту (сауықтыру) жоспары – кредиторлардың талаптарын өтеу кестесiн, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелердi, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдердi қоса, iске асыру мерзiмiн көрсете отырып, жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, бiркелкi кредиторлар тобының арасындағы өзара келiсудiң негiзiнде жүзеге асырылатын және оңалту рәсiмiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған өзара байланысты iс-шаралар кешенi;
      5) Сауықтыру кеңесi - мүдделi мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың, сондай-ақ "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы өкiлдерiнен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен қалыптастырылған консультациялық-кеңесшi орган. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Сауықтыру кеңесiнiң төрағасы болып табылады;
      уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

2. Бағдарлама шеңберiнде консультанттардың қызметтерiн республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру тәртiбi

      3. Консультант қызметтерiнiң құнын төлеуге арналған 50 (елу) пайыз мөлшерiндегi шығыстар республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландырылады, бұл ретте әрбiр әлеуеттi қатысушыны бiрлесiп қаржыландырудың ең көп сомасы шарт сомасының 50 (елу) пайызынан немесе 35 (отыз бес) миллион теңгеден аспауға тиiс.


      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      4. Оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеу мақсатында әлеуеттi қатысушы кредит берушiлер комитетi таңдайтын консультантты тартады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      5. Оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеу мақсатында бiрлесiп қаржыландыруды алу үшiн әлеуеттi қатысушы уәкiлеттi органға әлеуеттi қатысушы мен консультант арасында жасалған оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеуге арналған шартты қоса бере отырып, уәкiлеттi орган бекiткен нысанға сәйкес жасалған өтiнiмдi жiбередi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      6. Өтiнiмде кредит берушiлер комитетi оңалту (сауықтыру) жоспарымен келiспеген, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеу мерзiмiнен асып кеткен, Сауықтыру кеңесiнiң терiс қорытындысы алынған немесе қатысушы бағдарламадан алып тасталған жағдайда әлеуеттi қатысушының республикалық бюджеттен жiберiлген бiрлесiп қаржыландыру сомасын қайтару мiндеттемесi қамтылады.
      7. Уәкiлеттi орган бiрлесiп қаржыландыруды жүзеге асыруға өтiнiмдi алған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiмде көрсетiлген сома негiзiнде төлеуге берiлетiн шотты қалыптастырады және ақшалай қаражаттың сомасын консультанттың банктiк шотына аударуды жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет