Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы «___» _________
№____ қаулысымен
бекітілген
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
-
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметі (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының оңалту орталықтары, психологиялық–педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі –қызмет беруші) болып табылады. Олардың мекен–жайы мен байланыс телефондары krg-edu.kz. сайтында көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мүмкіндігі шектеулі баланың психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау;
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін (іс-қимыл) бастау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және ортабілім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысындағы «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініші пен құжаттарды қабылдауы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне кіретін әрбір үрдістің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 іс - қимыл –кеңсеге келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды басшының қарауына жолдау. 5 (бес) минуттан аспайды.
2 іс - қимыл – басшымен құжаттарды қарастыруы, келісімшарт жасасуы және беруі, қаралған құжаттарды мамандарға беру. 10 (он) минуттан аспайды.
3 іс - қимыл – мамандардың құжаттарды қарауы, баланың зияткерлік даму ерекшеліктерін анықтау мақсатында топтық бағалау жүргізу. 45 (қырық бес) минуттан аспайды.
4 іс - қимыл – мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-психологиялық–педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту жүргізу. 90 (тоқсан) күннен 180 (жүз сексен) күнтізбелік күнге дейін.
5 іс - қимыл – мемлекетік көрсетілетін қызметтің мамандар және басшының қол қойған қорытынды дайындау. 10 (он) минуттан аспайды.
6 іс - қимыл – кеңсе қызметкерінің қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруі. Жұмыс күн ішінде.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1 іс-қимыл – бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде үрдіс (әрекет) нәтижесі құжаттарды басшыға тапсыру болып табылады. Басшыға тапсырылған құжаттар пакеті осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2 іс-қимыл – орындаудың басталуы үшін негіз болып табылады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2 іс-қимыл – нәтижесі осы Регламенттің 5 тармағында айқындалған 3 іс-қимыл – орындау үшін негіз болып табылатын басшымен құжаттарды қарастыруы, келісімшарт жасасуы және беруі, қаралған құжаттарды мамандарға беру. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3 іс-қимылдағы – орындау нәтижесі осы Регламенттің 5 тармағында айқындалған 4 іс-қимылды – орындау үшін негіз болып табылатын– мамандардың құжаттарды қарауы, баланың зияткерлік даму ерекшеліктерін анықтау мақсатында топтық бағалау жүргізу . Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4 іс-қимыл – бойынша нәтиже осы Регламенттің 5 тармағында айқындалған 5 іс-қимылды – орындау үшін негіз болып табылатын, мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-психологиялық–педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту жүргізу болып табылады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5 іс-қимыл – бойынша нәтиже мемлекетік көрсетілетін қызметтің мамандар және басшының қол қойған қорытынды дайындау болып табылады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6 іс-қимыл – бойынша нәтиже кеңсе қызметкерінің қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруі болып табылады.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау;
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсе қызметкері;
2) басшы;
3) маман.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті іс-әрекеттер сипаттамасы:
1) қызмет алушының құжаттарын қабылдау мен өтініштерін кіріс құжаттары журналына тіркеу және білім беру басшысына құжаттарды табыс ету;
2) басшының құжаттарды қарастыруы, келісімшарт жасасуы және беруі, қаралған құжаттарды мамандарға беру;
3) мамандардың құжаттарды қарауы, баланың зияткерлік даму еркшеліктерін анықтау мақсатында топтық бағалау жүргізу;
4) мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-психологиялық–педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту жұмыстарын жүргізуі;
5) мемлекетік көрсетілетін қызметтің мамандар және басшының қол қойған қорытынды дайындау;
6) қызмет алушының қолына басшы мен мамандардың қолымен бекітілген қорытындыны табыстау.
Жұмыстар (іс-әрекеттер) ретінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес әрбір жұмыстың (іс-әрекеттің) жүргізілу блок-сызбасында көрсетілген.
8. Іс - қимылдар реті осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үрдістері анықтамалығында көрсетілген.
«Дамуында проблемалары бар балалар мен
жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік
қызмет көрсету реттілігінің схемасы
Кеңсе қызметкері
Басшы
Жауапты маман
§
-
Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-психологиялық–педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту жұмыстарын жүргізу
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне басшы мен мамандардың қол қоюы
Кеңсе қызметкері
Достарыңызбен бөлісу: |