4 практикалық сабақ Такырыбы



Дата21.05.2023
өлшемі17.51 Kb.
#474044
түріСабақ

4 практикалық сабақ
Такырыбы: XVIIғғ. II-жартысы-XIXғ. басындағы Жапония.
1.XVII ғғ. II-жартысы-XIXғ. басындағы Жапония. Жаңа дәуірдегі Жапонияның феодалдық құрылысындағы ерекшеліктер.
2.Токугава кезіндегі Жапонияның әлеуметтік құрылымы.
3.XIX ғ. Жапония. Жапониядағы аяқталмаған буржуазиялық революция.
4.XIX ғ. басындағы Жапонияның экономикалық жағдайы. Феодалдық қатынастарының шиеленісуі.
5.Елдің “ашылуы” және тең емес келісім шарттар жасасуы. Шетелдік интервенция. Сегунатты құлату. Мэйдзи қайта құрылуы.
6.1868ж. оқиғалар мен “Мэйдзи қайта құрылуының” маңызы. XX ғ. басындағы Жапонияның саяси-экономикалық дамуы.

1598 жылы император Хидэеси феодалдық соғыстарды болдырмау мақсатында 5 бас министрлерден тайро атты жоғарғы басқару органын құрды.Оның құрамына Токугава Иэясу, Маэда, Уэсуги, Мори, Укита. Олар император кәмелетке толғанша басқаруға тиісті болды. Бірақ екі жылдан кейін Токугава Иэясу әскери қимылдарды бастады.


1600 жылы Сэгигахара маңындағы шайқаста феодалдық князьдер коалициясын жеңіп, билік басына келді. 1603 жылы Иэясу сегун титулын алды, сөйтіп Жапонияда Токугава әулетінің билігі басталды. XVII ғасырдың басында елде 260-ға жуық ірі және ұсақ князьдіктер болды. Жапонияның халқының саны 28 млн. адам, оның 80% ауыл шаруашылығымен айналысты.
1590 жылдың өзінде-ақ Токугава Иэясуға император Хидэеси Канто ауданының 8 провинциясын сыйға тартқан болатын, сондықтан ірі феодалдық үйге айналды. Осыдан кейін Токугава өз билігін нығайтып, басқа князьдіктерге бақылауын орнатуды көздейді. Елдің өңделетін жерінің 1\4 бөлігі Токугавалар қолында болды. Токугавалар орнатқан әлеуметтік жүйеде төрт топ болды.
1.Си – самурайлар, сегун, оның маңындағылар, император және оның маңындағылар;
2.Но - шаруалар;
3. Ко - қолонершілер;
4. Се- саудагерлер.
Кугэ тобының жерлері болмаған, олар сегуннан күрішпен айлық алған.
Елдегі негізгі әкімшілік бірлік феодалдық князьдіктер болды. Олар күріш кірісіне байланысты категорияларға бөлінді. Ең үлкен феодалдық князьдіктің кірісі жылына 10 мың коку күріш болған. Елде жылына 11млн. коку күріш жиналса, оның 4млн. Токугава үйінікі болды. Ал Мори, Маэда, Уэсуги- 1 млн. 200 мың коку күріш берді.
Жер екі категорияға бөлінді: мемлекеттік және жекеменшік. Мемлекеттік жерлер -ол сегуннің жер иеліктері еді, жеке меншіктегі – князьдер, храмдар, монастырьлар жерлері. Жапонияда басыбайлылық болмаған. Шаруа феодал-дық өкімет белгілеген жер үлесінде өмір сүрүге міндетті болды.Жерді қолданудың негізгі түрі – жалға алу, міндеткерліктің негізгі түрі-нэнгу, күріш рентасы. Барщина, яғни жұмыс пен өтеу рентасы басқа елдердегідей кеңінен қолданылмады. Ол феодалдың жеке қажеттеріне жұмсалды: жөндеу жұмыстары, малға азық дайындау, жол құрылысы, көпірлер мен жолдарды жөндеу жұмыстары.
Токугавалық Жапонияның көптеген қалалары болды, олар қолөнер мен сауда орталықтары еді. Ең ірілері - Токугава сегунаты жойылғаннан кейін, билік император өкіметіне өтті, ол үкімет феодалдық өкілдерден құрылды да олар Жапон буржуазиясының мүдделерін қорғады.
Ал буржуазияның өзі феодалдық әкімшіліктермен тығыз байланысты болды да, импералистік үкіметінің саясатын қолдады.
Мейдзи реформалары жапон феодалдық монархияның буржуазиялық монархияға айналудағы алғашқы қадам болып табылады. Дворяндар мен самурайлар басым бөлігі елде феодалдық-абсолюттік монархияны сақтауды қалады.
Самурайлар және дворяндар феодалдық оппозицияға бірікті, олар қайта қаруларға қарсы болды. Олардың арасында императорлық үкімет мүшелері де болды. (Такалори Сайго). Феодарлдық оппозиция өзінің саяси бағдарламасын газетке шығарды. Онда феодалдық құрылысты, әскери-феодалдық диктатураны сақтауды талап етті.
Макалери Сайго және оны жақтаушылар Кореяға қарсы тез арада әскери жорыққа шақырды, талап етті (ал үкіметтің қалған мүшелері ол соғысқа әлі дайындық қажет деп түсінді). Осы жағдай 1873 жылы Такамори Сайго және тағы басқа министірлердің императорлық үкіметтің құрамынан шығуға себеп болды.
Самурайлардың наразылығы 1876 жылы олардың пенсиясын жойғаннан кейін күшейді. Пенсияның орнына бұрынғы пенсиядан 5-14 жылдық көлемінде буржуазияға компенсация берілді. Осы акт нәтижесінде самурайлар бұрынғы княздар мемлекеттен үлкен айырма ақша алды және көптеген мемлекеттік жерлерді төмен бағамен сатып алды. Өнеркәсіптік банктен орындарын ашты. Бірақ жай смурайлар алған ақша көп болмады. 1881 жылдың қазан айында “парламенттік сайлау Лигасы” (дзигото) құрылды. Оған либералды помещиктер, ауыл буржуазиясы, интеллигенция-ның бір бөлігі, ірі ала буржуазиясының бір бөлігі кірді. Дзигото басқарудағы басты роль (Итагаки) либералды помещиктер ойнады.
1882 жылдың екінші “қайта құрулар мен прогресстің Конституциялық партиясы” құрылып (кайсинто), оны Окума басқарды. Партия басшылары-ірі сауда және қаржы буржуазиясының мүдделерін қорғады. Үкімет “конституциялық, императорлық партияны” (тәйсэйто) құрды, оның құрамында чиновниктер көп болды. Партия мүшелері аз болғандықтан олар үлкен роль ойнамады.
Демократиялық қозғалыстан қорыққан жапон үкіметі конституцияны қабылдауды тездетті. Конституция қабылдау қарсаңында-император Хаккайдо аралының көп жерлерін, бұрынғы қауымдық орманды иеленді. Үкімет акциялары Жапонияның әр түрлі банктеріндегі император әулетінің иелігі деп жарияланды, ақсүйектер титулдар енгізілді.
Конституция 11.02.1889 жылы жарық көрді. 1889 жылғы жапон Конституциясына негіз болған үлгі-Прусс Конституциясы еді. Конституция-да: Император “Қасиетті” деп жарияланды. Соғыс жариялау, бітім жасау, келісімге қол қою және орнынан алу, парламентті шақыру және тоқтау. Император Жапонияның қару күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып есептелді.
Конституция бойынша парламентті құрды.
2 палата-мэрлер, өкілдер палатасы.
Мэрлер палатасы- император әулетінің мүшелері, жоғарғы титулды азаматтар, император тағайындаған, ал жартысы ұжымдық мерзімге ең бай салық төлеушілер сайланды.
Өкілдер палатасы-әр бір төрт жыл сайын қайта сайланды. Сайлау құқығы 25 жастан асқан ер кісілер болды, олар 15 салық төлеушілер болу қажет және өз округтарында кемінде 1,5 жыл тұру қажет.
Жапон азаматтарының құқығы шектеулі болды. 1889 жылғы Конституция буржуазиялық-либералды, либералды помещиктер оппозициясы мен үкімет-ке, монархияға деген сенімдері азая бастады.
Тәуелсіз капиталистік даму жолына түскеннен кейін Жапония Азияның басқа халықтарына отаршылдық агрессияны бастады. Феодалдық-Самурай топтары табысты соғыс олардың рөлін көтеретініне сенді. Жапон буржуазиясы жаңа, отаршылдық рынокпен шикізат көздерін іздеді. Агрессивті сыртқы саясат Жапон буржуазиясын, помещиктер мен әскери қолбасшыларды біріктірді. Жапонияның алғашқы агрессивті актілері Вашингтон қолдауын тапты. АҚШ Жапония арқылы Америка капиталына Корея мен Тайваньға енуіне жағдай жасау, Жапонияда орнығып алу және Англия мен Ресейдің Қиыр Шығыстағы позициясын әлсірету. 1874 жылы Жапон әскери қызметіне түскен Америка генералы Леонардтың белсенді қатысуымен Жапония Тайвань тұрғындарының қарсыластығын баса алмады. Жапон үкіметінің әскерін алып кетуін мәжбүр етті. Жапон жаулап алушылары Сахалин, Курилл аралдарына көз тікті.


Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Плетнер О.В. История эры Мэйдзи М. 19788.

  2. Эйдус Х. Т. Очерки новой и новейшей истории Японии М. 1955.

Қосымша әдебиеттер:
3. Очерки новой истории Японии (1960-1917) под ред Гальперина А. Л.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет