«Жауап басталды. Бірте-бірте бәрімізге де келеді ғой, сондықтан мүмкін болғанынша соларды бір ізге салған жөн ғой. Бұрынғы айтылғандар әлбетте өзгерілмейді қалады ғой. Менің айтқаным. Жаңа мәселелер қозғалуы тұсында. Ө (белгі қойылған –Т.Ж.) мұндай болатыны мына жауапқа барғандардан сұрағандарынан көрініп тұр ғой. Көпірде түйенің үлкені таяқ жейдінің кебі – әлбетте саңлақ төртеуімізге түседі. Бұл анық. Ғазыға айтқаныңнан қайт, тәубә қыл, қуақты тәуір көресің бе, оның жүргізіп жатқан саясаты д дұрыс па, жікке айтқан ұлтшылдық...
міне осындай, бұлардан басқа, да осы сенімді мәселелерді көтерулері мүмкін деп ойлаймын. Міне, осыларға қай тұрғыдан жауап береміз. Соған ақылдасуымыз тиіс. (Келесі басқа жазу жауап болуы мүмкін – Т.Ж.)
мен бұлай ойлаймын: Біз Кеңес жағындамыз. Қазақ үшін пайдалы жасауы керек. 0 . Өзіңе мәлім біз бәрімізде Кеңеске адал қызмет қылып келдік. Жасырын ісіміз еш болмаған. Бірақ бұл сөзде қазақтың бар мақсұты орындалды дей алмаймыз. Толып жатқан мақсұттар бар жүзеге шығаратын. Оның бер жағында Қужақ барғаннан бастап отыршылдық саясат басталып, жүріп жатқанын айту керек. Қазақтың жерге орналасуының өзгермегені үстіндегі (алдағы-Т.Ж) 5 жылда 320 мың іштен түкті ауыздарды көшірмекші болып оытрағанын, қазаққа берілген жақсы жерге кеңес шаруаларын салып салып жатқандары, шаруа жүзінде қазақ малына тиісті қам қылмаулары, малдың (арабша) орындату не еш фабрика-заводтың жоқтығы, сауда-саттық жайында Казторг,Упсырзаг, госплан, склад... тар қазалстандық жойып, мұнда байлағаны. Мәдениет майданында шала етіп, жастардың елге аттанысы -елді кеңестен бездіретін талай болып жатқан жұмыстардың жайында басқару жөнінде қазақтың қолынан жұмыс келетіні аз. Азаматтары – бірі-ұлтшыл, бірі – пәлен деп, партиядан айдап, ылғи оңбағандарды жинап алып, қазақ атынан жұмыс жүргізіп жатқаны, мекемені қазақтандыру жөнінде орысты ақша шығарып оқытып жатқандығы... Тап күресі деп қазақтың қалтылдаған шаруасын күйзелтіп жатқанын – қысқасы отаршылдық саясаттың барлап жатқанын түгел айту. Міне біз бұған қарсымыз, риза емеспіз. Бұл ұлтшыл болғандықтан емес, лениннің ұлт саясатын дұрыс жүргізбегендіктен, декларация прав нарад ата орын берілген құқықтарды жүзеге асырмағандықтан. Бізді ұлтшыл деген жапқан жала, себепті, ұлтшылдықтың мағынасы: екінші ұлтты жұту, ойран қылу. Бұл бізде жоқ, болуы да мүмкін емес. Біз қазақ шаруа, мәдениет майданында басқа ұлттармен тең болуы керек дейміз. Ол ұлтшылдыққа жатпайды, мұны декларация правта кеңес өкіметі өзі беріп отыр. Өлгеніңді жасырарсың – көмгеніңді қайтерсің дегендей – бізге бұғуға болмайды. Бұл ірі орын -білсін біз айтпағанда кім айтады. Жығылсаң жардан – ажалың әлдеқайдан. Бұл жерге келген соң тәуекел. Санасуға тиісті, осыкүні өзінің қалы торға түскен торғайдай біздің жайымызды. Түрік газеттері жазыпты. Әке дегенмен жан қалмайды. Қорғанудың жөні жоқ. Көп болса қ-қ үшін құрбан болармыз – онда тарихи борышымды өтеген боламын... не жаныңдағылармен сөйлесіп жазып бер. Алдымен шығып терезеден бер, байқап бер, сақ бол. 15 маған жапқанды оқыдым депсің. Ол сөйлескен мен кездескен менің жауабым ба, сені кім, негеоқытты. Пәлен түгенді айттыңдар ма№ таран отрядын ұстап бердіңдер дегенге не деп жауап беремін. Мен «А.Оның» істегендеріне жауап беремін дедім. Мен басқа сұрағанға жауап бермедім, сен не дедің? (86- бет) Басқа қағаз.
- 13 күні мені сейсенбектермен кездестірді. Жауапта Сұрша мен уақытша орынбасар болып жүрген ұзын орыс болды. Сұраушы ұзын. Оқылың менің берген жауабымды көрген шығарсың: ол заманда істелген істерге жауапкермін, ойлаймын жолдастарымда бас тартпайды... деген. Осыдан басқа тоқсан түрлі сұрағына жауап бермедім. Ұзынның бір жауабына – мұндай ақымақ сұрауға берер жауабым жоқ дегенге ашуланып, мені қорқытпақшы болып сөз сөйлеп еді, мен қорықпаймын, мені қорқыта алмайсың деген соң қойды. Сонан кейін жанымдағы кісіні алып, бұл жаққа жүргенше жалғыз болдым.
Үйілдің 3 күнгі жауапта тағы да орынбасар сұрады. Арасында сейсектің айтқаны өтірік деп едім, ол (қағаз алып) қалмақ бет қазақтың берген жауабы, сен оны қорғаштайсың, ал ол сендерді аяған жоқ. Міржақыппен екеуіңді, пәленді, түгенді атты деп отыр деді. Қағазда екеуіміздің атымызды көрдім. Ол сенен Ордада Иманның баласын түгенді аттыңдарма, Атбасарға кеткен түкті ауыздар туралы сұрады ма, сұраса сен не дедің. Сейсен солар туралы сұрады ма, не дедің? Сейсектен кездесуді Селеумен екеуміз – бір жағынан Қоқан – лоқы, екінші жағынан – Кесірқараны ұйымнан айдау үшін істеген шығар деп жорыдық, бұл қалай? Нақ осы күні бізді Орда жұмысына айыптар ма? Мені шашпен кездестірмейді. Мұнысына түсінбеймін. Біздің ісіміз бі.. Оларды қалай ол жақта қалдырды. Бізді мұнда әкелді, бұл қалай? Артынан Елдес пен Шашты кездестім. Білдірмей кездестім.
Мұнда келгенде менің алынған нәрсеме және ақшама екі квитанция берген еді. Соны бүгін алып, нәрселерімді квитанциясын берді. Ақша жоқ. Ақшамды да берді деп үміттенгенмін... Өйткені мұнда келген соң екі рет арыз жазып едім. «Өткіз ақша керек» деп. Арыз бойынша мұнда салған шығар деп ойлап отырмын. Маған жазба, бермейді дейді мұндағы «білгіштер», мына бергеніне қарағанда бізге жалпақ жұрттан басқашарақ қарағандайма.
Хош десеміз
С.М.М-ды» - 84 бет
Бұл жұқа, жыртық қағаз
Өз қолдары – Орта тұсы -міржақып жазған
Екеу – Садвақасов Кемеңгеров – 1936 27
ДІНШЕ ӘДІЛЕВКЕ ҚАТЫСТЫ ХАТТАРЫ
7 том. 10 бет.
«1/ ХІ – 20 ж. Алаш қаласы, Семей губерниясы.
Құрметті Ғабдірахман!
Саумын. Жақында Алматыдан мұнда келіп, енді Орынборға жүрейін деп даярланып жатқан жайым бар. Менің хабарымды Түркістан делегаттарынан естіген шығарсыңдар. Көбірек һам анығырақ менің өзімнен білесіңдер. Жан-тәніммен Алашқа қызмет қылармын. Орынборға жүрсем, Омбыда (Эмбыда деп аударған – Т.Ж.) саған хабар беремін. Астанада жолғармыз. Бәкеңе, Аяңа, Қасымға, үй-іштеріңе, ауылға, Хадиша, Жәмилә апайларыма, Нұғыман, Дайыр жезделерге һам басқа мені сұрағандардың бәріне сәлем айтқайсың. Мағжанға, Қошкеге айырықша сәлем. Хош!
Дінше Әділев».
Бұл Әбдірахман Байділдинге жазған хаты. Екеуінің де бұл кезде алдағы түрме азабы мен арбасуынан ада, тату күндердің әсерінде жүрген, алдан ұлы үміт күткен қамсыз шақтары еді. Кейін абақтыда бірімен бірі жарысып, жаныға көрсетінді жазды.
Тергеу ісінде ағасы Байсейіт түрмеде жатқанда жазылған Дінше Әділевтің 3-4 хаты бар. Бір-бір жапырақ қағаз. Әбден тозған. Соның бірнешеуін келтіреміз. Әуелгісі Міржақып Дулатовқа арналған.
«8/ІХ 27 жыл.
Жақа! Мырзағазы, Сейдазым ағай және басқа ағайлар!
Жолдастар!
Аманшылық. Ептеп күнімді көріп жүрмін. Қалай, қаладағы жолдастарды сағындым. Ең әрісі бір айдан қалмай Қызылордаға жүремін. Иә, поезбен, иә, атпен барамын. Поезбен жүруді қауіпті көремін. Атпен жүрем. Байсейіттің жұмысын мүмкін болған қадарда бір жола аяқсыз қалдыру жағын қарастырарсыздар – деп өтінемін. Көрген-білгендеріңізді Мұқатай деген жігітке айтып жіберерсіздер.
Жолыққанша қош болыңыздар!
Дінше».
Ендігі бір хат түрмедегі Байсейітке арналған.
«26/ҮІІ-27 жыл.
Бәке!
«Аманшылық. Рамазан мерген мен Нұрланды жіберіп отырмыз. Жетегінде сізге арнаған бос ат бар. Қаражатқа 175 сом бердік. Бір винтовка, бір бердеңке, 200 шама оқ бар. Мерген, 2 мылтық, 200 оқ, өз жігеріңіз, құдай қаласа бір әзірше жарап қалар. Не түрлі ақыл болса да о жерде өздеріңіз лайығына қарап істерсіздер. Жолыққанша. Қош боларсыз. Дінше.».
Түрмедегі жайлар және Байсейітті алып қашып шығушының хаттары бар. Ол бізге пәлендей қажет емес әрі ол интриганың түбіне жету өте қиын. Сондықтанда пайдаланбадық. Осы оқиға туралы «Советская степь» газетінің 1927 жылғы 4 январь күнгі санында «Көз-көрген» - деген мақаласы жарияланыпты.
Діншеге Міржақыптың жазған хаты.
«Дін!
«Бабайды» қырын қаратып қойып, күлдіріп, сөйтіп, қабан сияқты болғанын көруге кездесе алмай жүрмін. Ол былай тұра тұрсын. Не істеу керек, қалай істеу керек?
Мадияр.
13/ІХ-25 жыл».
Діншеге хат жазуының себебі – театрға бір адамды алу туралы өтініш еткен. «Бабай» деп отырған адамы - «Айтуар» ма, әлде «Аймауытов» па, оны тергеушінің сілтемесіндегі жазудан анық тани алмадық. Бұл кезде Дінше – қазақ театрының директоры болатын.
Істе Діншенің ағасы Байсейіт Әділевтің де хаты сақталған. Қолжазбасы төрт бүктеліп тіглген, қарындашпен жазылған жазу өше бастаған. Оны тану өте қиынға соққандықтан да тек қана Қара-Ноғайға қатысты тұстарын ғана көшіріп алдық. Хат 8/І-24- жылы жазылған. Жалпы сәлем мен ауыл-аймақтың жаңалығынан соң былай деп жалғастырады:
“… Айтарлық сөз – ескіше бірінші июнь күні Шу бойында Өксікбай ауылында ойдағы, қырдағы кіші жүз бас қосып, қоныс жайын сөйлемек. Сол кеңеске біз де шақырылыппыз. Алдағы екінші күні жүремін. Ол жиылыста менің айтатыным: Жер таппағаның Арқаға шығып кетсін, Хұқмет Әулие-Атада болсын. Ақмоладан бір жолата қолыңды үз – демекпін. Ақмоланың өзі де бұл тамадан күдерін үзгендей болса керек. Бірақ кесірлі Әтидің баласы Плакстың ізденуі, шақыруымен Шабдан Ералиев келіпті, Ахметжан Мықанов келіпті. Үшеуі елден мал жиып алып, ол кездемені сатып жатыр. Шабдан Ералиев өзіне тиген сыбағасына інісіне бір қыз алып беріпті. Мал алған кісілерге берген тиянақты документ жоқ. Артықша қаһар қылған Жүсіп болды. Жалғыз Жүсіптен 13 мал алды. Бәрі де ірі малдар. Бұл қылғандарының толық мағлұмат екенін Ташкенге бір жеткізермін. Тілегім – “Ақ жолға” бастыру.
Ендігі сөз – тірі болсам февраль жұлдызында Әулие-Атаға барып, сендерге хабарласып, Ташкентке барамын. Басқа ел бері Арқаға кетсе де өзім жонға барамын.
Айтпақшы, Плакс Орынборға барамын деп кетіп, Түркістаннан қайтып келді. Бір Омар Диуанов деген ноғайды ертіп келіпті. Ол ноғай ел-елдің налогін алды, кеткеннен қалғанының есебін алды. Ақмоланың хүкімінде қалғандардан да, қашып кеткендерді де есепке алды, қашқындарды ұстайд. Ол ноғай әзір Шу жағасындағы наймандарда жүрсе керек. Тамаға әзір келген жоқ. “Жауды аяған жаралы қалады” – деген. Не қылса да Плакстың ызасы өтті. Адамды құса қып.
Ендігі сөзді өзімнің ауызымнан естисің. Мен мынау Ескендірді разы қылып жібердім. Аман бол, бауырым. Наурыздың бас кезінде барамын. Асқарға көп-көп сәлем, шәкіртке…
Байсейіт Әділ ұлы.8/І-24 ж.”
Бұл хат – Дінше Әділевке арналған. Ал мұндағы айтылатын адамдардың жанама аттарының түсініктемесі былай беріліп, соңына Д.Әділев деп қол қойылған.
«Мұндағы Плакс - Сәдуақас Жалмақанов.
Иралиев – Ақмола милициясының бастығы.
Мықанов – Ақмола уезінің Сарысу ВК-нан.
Шақаев Жүсіп – Сарысу ауданының бір байы.
Ерденбаев Ескендір – Ақмола округінен, ол кезде САКУ-дің –Орта Азия коммунистік университетінің студенті, хатты сол әкелген. Д.Әділев».
25/І-29 жылы”- деп жазылған.
Түрме блокнотынан аудармалар
10/ІҮ-26 жыл. Пішпек.
«Қазақ ұлт театры басшысы жолдаш Әділұлына жолдастық хат.
Біздің қырғыз облысында ұлт театры деген мәселе жаңа қозғалып тұрың. Ошу жаз айында курмакшымыз. Сіздерден бұл мәселенің орындалып жатқанына бірнеше жыл болды. Ошундуктан бул ішпе сіздерден ағайыншылық тардамын күтеміз. Әлбетте біздің ағайыншылық, жолдаштык сураобузға дездеп журіп жәрдам берешіз деп сенеміз.
-
Туппаңыздың жобасы (положение)
-
Қазақша жасатқан декорацияларыңыздың формасы (описание), киіз қазақ үйінің жасалмасы
-
Осы күнге шейін іштеген театр іштеріңіздің есебін (отчет) бір формасы (копия)
Мына, жоғарғы сұруубозға, ағайыншылық, жолдаштық ретінде тезірек жауап қайтаруыңызды күтебуз.
Ағайыншылық, жолдоштық өтінішпен –
-
Ағарту-саяси бөлімнің басқарушысы Үркіншіұлы
-
Білім комиссиясы төрағасы – Тыныстанұлы»
============================***
============================================***
Дәл мындай хатты сарғыш открыткаға жазылған хат 240 бет, 7 том.
«Бауырым Дінше. 25.02.26 ж.»
Смағұлға жолықтым. Ол мектеп басшыларымен сөйлесті. Олар кіндік рұқсатынсыз босата алмаймыз депті. Ең үлкен бастығы орынбасар берсеңдер босатамыз депті. Соныен Смағұл УВУЗ-ға (Мәскеудегі) жолықпақ болып кетті. Қайтсем де баратын шығармын. Тек ресми жағы бөгет болып тұр. Пушкиннің екі пьесасын аударып, Мадиярға жібергем. Сыннан тезірек өткізуге қам қыларсың. Бара қалсам артистерге, өзіме жетекші болғандай театр әдебиетін ала қайтуға Смағұлға тапсырып жібердім. Ойындарың тәуірлеп келеді дегенге қуанамын. Қазақтың тұңғыш өнерпаздарына (артистерге) менен түгел сәлем айт. (осы хатты оқып бер)
Жүсіпбек
Сыртына 1.03.26. жауап қайтардым. – Дінше –
======================================***
7 том 301 бет.
ОГПУ-дің прокурорынан.
ОГПУ-дің СЛАК лагерінің тұтқыны Дулатов Міржақып Дулатұлынан алдын-ала тергеу кезіндегі мерзімді есептеу туралы өтініш.
ОГПУ коллегиясының (Үштіктің) қаулысы бойынша мен ҚК-нің 58-ші бабының 2,4,10,11 тармақтары бойынша 10 жылға коцлагерьге жіберілген едім. Кесім уақыты 16/VІІ – 29 жылдан бастап есептелді. Осыған байланысты өтінішім мынау: мен бұл іс бойынша 29/ ХІІ – 28 ж. Тұтқынға алындым. Сол уақыттан бастап Алматы мен Бутрканың түрмесінде тергеу астында болдым. Сондықтан да ҚІК кодексінің 29-шы бабына және ҚІК-нің 343-ші бабына сәйкес маған алдын-ала жүргізілген тергеудің уақытын яғни менің жаза өтеу мерзімімді 29/ ХІІ – 28 жылдан бастап есептеуіңізді өтінемін.
М. Дулатов
29 сәуір, 1931 жыл
ССР Халық коммисарлар кеңесінің жанындағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасы. Соловецк және Карел-Мурманск еңбек түзету лагерінің басқармасы. Тұтқындарды бөлу бөлімі. 15 маусым, 1931 ж.
ОЦР ОППУ-ға Москва СЛАК-тің бірінші бөліміне. Көшірмесін Міржақып Дулатовқа тапсыру үшін.
Міржақып Дулатовтың кесімді уақытын сотқа дейінгі алдын-ала тергеу кезіндегі 29/ ХІІ – 28 – ден бастап 15/VІІ – 29 дейінгі аралықты есептеу туралы өтінішін жолдап отырмыз. КОГПУ-дің 13/І – 1931 жылғы қаулысымен КК-нің 58 бабының 2,4,10,11 тармақтыры бойынша 10 жылға (ату жазасының орынына ауыстырылған) сотталған.
Басқарама бастығының орынбасары - қолы».
Демек 1885 жылы туған Міржақып Дулатов 46 жасында, 1931 жылы 13 қаңтар күні ату жазасына бұйырылған.
Анықтама ОГПУ-дің орталық тіркеу бөлімі:
Дулатов Міржақып Дулатұлы 1885 жылы Қазақ АССР-нің Қостанай округінің Наурызым ауданында туған. Сот коллегияссының 4/ІV – 30 г. Қаулысы бойынша 58-ші баптың 2,4,10,11 тармақтары бойынша айып тағып жоғары жазаға (атуға-Т.Ж.) кесілген. Дүние-мүлкі тәлкіленуге жатқызылды. Еңбек ақысы № 26 параграф бойынша есептеледі. Коллегияның 8/V – 31 жылғы қаулысымен коллегияның бұрынғы 4/ІV – 30 ж. Қаулысы 26/І күні жоққа шығарылды. 13/І-31 күнгі соттың шешімі бойынша ату жазасы тұтқындалған күннен бастап есептелетін 10 жылдық концлагермен ауыстырылды. Дүние-мүлкі тәркіленген, үй-іші жіберілген жоқ...».
Ату жазасына кесілгендердің барлығына да дәл осындай анықтама берілген. Тек аты-жөндері мен кесілген үкімдері ғана өзге.
21/ХІ-29 ж.
ОГПУ-дің комендантына қызмет бабындағы хат.
№ 14-ші үйдегі түрмеде жатқан Міржақып Дулатовты Бутрка түрмесіндегі Байтұрсынов, Аймауытов, Болғанбаев, Испулов, Бірімжанов, Жұмабаев, Юсупов, Байтасов, Омаров, Жәлелов жатқан камераға ауыстыруды өтінеміз.
Дулатовты Бутрка түрмесіне ауыстыру бүгін жүргізілсін.
ОГПУ-дің шығыс бөлімінің бастығы Дьяков».
Мұның алдында Міржақып Дулатов өзін Қазақстаннан келген тұтқындардың қасына ауыстыруды өтінген. Бұл ажал алдында тұрғанын сезіп аяулы азаматтармен соңғы рет бақұлдасып қалуды ойластырған амалы болса керек. Ал тергеушілердің мақсаты оларды бір бөлмеге жиып, арасына тыңшы қосып, айтқан сөздерін хатқа түсіріп алуды көздесе керек. Бұған тұтқындардың арасына Қалам, Дальше... сияқты салпаңқұлақтарды жіберу туралы өзара жазысқан қатынастары дәлел.
7 томның 372 бетінен бастап Аймауытовтың хаттары тіркелген және суреті бар. Сурет тура және қырынан түсірілген. Шашы қысқа. Көзін қысыңқырап түскен. Мұртты. Кеудесінде ақ шүберекте № 2870 деген сан жазылған.
7 том 375 бет.
Бутурка түрмесінің комендатына № 63 камерадағы тұтқын Жүсіпбек Аймауытовтан өтініш. Әйелімнен телеграмма алуыма байланысты оған төмендегі мазмұнда жауап беруге рұқсат етуіңізді өтінемін: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Бәрін тапсырып алдым. Аманмын. Бутрка түрмесіндемін. Аймауытов. Жауап хатқа төленген түбіртекті ұсынып отырмын. Телеграмманы алғаны туралы түбіртекті маған беруіңізді өтінемін.
Аймауытов
21/ІХ – 29ж.».
7 том 373 бет. 17/VІІ – 29 ж. № 1675 Бутрка түрмесінің бастығына. Төмендегі 8 тұтқын айдауылмен жіберіліп отыр.
1. Ташекенов Қаби Кентаевич
2. Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынович
3. Дулатов Міржақып Дулатович
4. Аймауытов Жүсіпбек Аймауытович
5. Исполов Мырзағазы Исполович
6. Бірімжанов Ғазымбек Қорғанбекович
7. Болғамбаев Хайреддин Әбдірахманович
8. Ғаббасов Халел Ахметжанович
Айдауылмен апарылсын және бір-бірінен оңаша ұсталсын.
ОГПУ- дің әскери бөлімі».
ОГПУ – дің әскери бөлімі 7 том 379 бет
Бутрка түрмесінде Міржақып Дулатовпен бір камерада жатқан төмендегі ьтұтқындарды: Байтұрсынов Ахметті, Аймауытов Жүсіпбекті, Исполов Мырзағазыны, Болғамбаев Хайреддинді, Бірімжанов Ғазымбекті, Жұмабаев Мағжанды, Юсупов Ахметсапаны, Байтасов Абдулланы, Омаров Елдесті, Жәлелов Кәрімді, Міржақып Дулатов № 14 үйге ауыстырылғаннан кейін оларды Ғаббасов Халелге және № 54 камерада жатқан Қазақстаннан келген 33 адамға (Әділов және басқалар ) жолықпайтындай етіп әр камераға бөліп-бөліп орыналастыруды өтінемін.
ОГПУдің әскери бөлімі – қолы»
7 том 382 бет.
Бутрка түрмесінің комендантына Бутрка түрмесінің тұтқыны, 14 дәліздегі № 63 камерасындағы Аймауытов Жүсіпбектен өтініш.
Көптен бері үй-ішімнен хабар болмағандықтан да өз есебімнен төмендегі мазмұндағы телеграмманы жолдауға рұқсат беруіңізді өтінемін: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Амандықтарыңды хабарлаңдар. Шолақ тон жіберіңдер. Адресім бұрынғысынша.
Аймауытов. 3/ХІІ-29ж.»
Өтініштің бас жағына: «Қарсы емеспін 8/ХІІ-29ж.» деп қол қойылған. Яғни бес күннен кейін барып қана жеделхат жолдауға пұрсат берілген.
7 том 384 бет. Бутрка түрмесінің комендантына Бутрка түрмесінің тұтқыны, 14 дәліздегі № 63 камерасындағы Аймауытов Жүсіпбектен өтініш.
Маған әйелімнің жолдаған жеделхатына жауап ретінде почта телегррафы арқылы төмендегі мазмұндағы жауапты ақсыз түбіртек арқылы жорлдауыма рұқсат беруіңізді сұраймын: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Аманмын. Шолақ тонмен бірге бас киімді де алдым.
Аймауытов. 28/І-30ж.»
Осы өтініштің шекесіне: «Қарсымын басқарма көмекшісі Павлов 2/ІІ-30ж.» деп қол қойған.
===================================***
7 том 389 бет.
ПП ОГПУ-дің КССР бойынша өкілдігі. Алматы қаласы. № 6
ОГПУ-дің Сырдария округтік бөлімшессі мынаны хабарлайды: ПП ОГПУ-дің орынбасары Алшанскийдің өкіміне сәйкес тұтқындалған:
-
Кеншімов Мәдібек
-
Исатаев Сапалай
-
Иманов Жантөре - 17/ V-30 күні Арал теңізі арқылы екі күзетшімен ОГПУ-дің Қызылордадағы бастығының қарауына жіберілді.
20/V күні алынған ПП ОГПУ-дің Кеншімов Мәдібекті ату туралы қаулысына орай округтік бөлімшенің атына: тұтқындар тиісті жерге жеткен соң үкімді орындау туралоы шифрлы телеграмма жіберілді. Округтік бөлімшеге белгісіз себептермен тұтқындар айдауылмен қоса 23/V-30жылы Шымкентке қайтарылып жіберілді. Қайтар жолда, Салатөбе станциясы мен № 167 разедің арасында Сарытоғай станциясына жетпей 25/V күні түнгі сағат 11-де, айдауылдардың айтуынша тұтқындар зулап келе жатқан поезддің вагонынан секіріп кеткен. Айдауылдардың шұғыл шара қолдануымен Иманов пен Исатаев қолға түскен. Қатты жараланған жарақаттан Исатаев 25/V-30ж. Сағат 14-те өлді. Ал Иманов Жантөре округтік бөлімшеге жеткізіліп, сіздің өкіміңізге орай үкім жүзеге асырылды. (атылды – Т.Ж.). Кеншімов Мәдібекті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
(Бурдаков, тіркеуші Жемчужинов)».
Ақыры атылатынын біліп жандарын дәрмен етіп еркіндікке ұмтылған. Бірақ та қу жандарының қоныс табатын ұясы басқа болды. Оларды «ажал актісі» күтіп тұрды.
7 том. 394 бет.
«Акт. 10 ақпан 1931 жыл. Шымкент қаласы»
Біз, төменде қол қоюшылар ОГПУ-дің Шымкенттегі оперативтік секторының қызметкерлері - Плишкин, Полевой және Нестеров: бүгінгі күні түнгі сағат 12-де ату жазасына бұйырылған тұтқын Кеншімов Мәдібекке байланысты үкім орындалды, яғни атылды. Сол үшін 2 дана етіп осы акті жасалды.
Плишкин, Полевой, Нестеров – қолдары қойылған».
Иә, дала көкжалы осылай ажалын тапты.
7 том.403 бет.
30/ ІХ-1933 ж. ОГПУ-дің тергеу жүргізу басқармасы. Москва.
ПП ОГПУ-дің Батыс Сібір бөлімі 15/ҮІІІ – 33 ж. Сіздер жолдаған № 15/541784 архив ісін тапсырып алғанымызды және әкімшілікпен жер аударылған Ахмет Байтұсынұлы Байтұрсыновтың осында келгегенін, сондай-ақ оның Колпашева қалашығына жіберілгенін растаймыз.
Бөлім бастығы ...(қолы)».
7 том. 405 бет.
«ОГПУ коллегиясының 1933 жылғы 4 маусым күнгі мәжілісінің хаттамасы.
Тыңдалды: №541784 архив ісі бойынша азамат Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы ОГПУ коллегиясының 13/І– 30 ж. Қаулысымен ең жоғары жазаға кесіліп, ол жаза 10 жыл түрмеге отыруға ауыстырылған. ОГПУ коллегиясының 8/І– 31 ж. Қаулысы бойынша ОГПУ коллегиясының 14/4– 30 ж. Жоғары жазамен қоса дүние–мүлкін тәргілеу туралы қаулысының күші жойылған. ОГПУ коллегиясының 4/ХІ –32 ж. Қаулысымен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылып, солтүстік өлкеге – Архангельскіге (Находкаға) жылға 3 жер аударылған.
Қаулы етілді: Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлына Қиыр солтүстік өлкесінің Кривошейн ауданына қарасты Жуково деревнясында тұруға рұқсат етілсін».
Тіл сындыратын осынау қасаң тіркестердің астарында азапты тағдыр мен арманды өмір күресі жатыр. Ату жазасына кесілуін естудің өзі де жүйкеге сын. Одан кейін қолыңда жоқ дүние-мүлкің тәргіленуіне үкім шығарудың өзі де мазақ. Одан қиыр солтүстікке жер аударылу да өліммен бетпе-бет келу. Ал бақылау астындағы еркін қоныстануға шығу дегеніңіз – азаттыққа шыққанмен пара-пар. Сондықтан да назарға ұсынып отырмыз.
==============================================================
7 том. 417.
15 тамыз, 1933 жыл. Архангелбскі қ., П – Виногр, 58. УСО бөлімінің Солтүстік өлкесі жөніндегі өкілетті өкілі.
Москва, ОГПУ – дің УСО бөліміне.
Көшірмесі: Новосибирь қаласы. ПП ОГПУ-дің Батыс Сібір өлкесі жөніндегі өкіліне.
Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 7/ҮІІІ- 33 ж. Күні №75707/11 анықтамасымен үй-ішімен кездесу үшін Батыс Сібір өлкесі Кривошейн ауданындағы Жукова деревнясына жүріп кетті. Байтұрсынов Новосибирь қаласына 25/ҮІІІ – 33 ж. Кешікпей жетуге міндетті.
ПП ОГПУ-дің УСО бастығы – Капар».
Бадриса Байтұрсынова жарымен қиыншылықты бірге бөлісу үшін итжеккенге барған. Бұл туралы естеліктер бар.
7 том 417 бет.
«ОГПУ –дің төрағасының орынбасары жолд. Прокофьевке Мәлімдеме
«Түрікмен азатлығы» контрреволюциялық ұйымын әшкерелеу жөніндегі іске байланысты бетпе-бет жүздестіру үшін тұтқын Ғазымбек Бірімжановты ОО ПП ОГПУ-дің Орта Азия бөлімінің қарамағына арнайы айдауылмен жіберуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Достарыңызбен бөлісу: |