Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие



бет1/6
Дата29.02.2024
өлшемі37.1 Kb.
#493310
  1   2   3   4   5   6
ясауи сұрақтары


  1. Ясауидің әкесі және анасы жайында баяндаңыз Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана).

2 Арыстан бабтың Ясауиге құрманы беру туралы айтыңыз
Бірде Мұхаммед пайғамбар серіктерімен жолаушылап келе жатып, азықтары таусылып, қарындары ашады. Жебірейіл періште оларға пейіштен інжу, меруерт, дүрлермен өрнектелген алтын табаққа салынған құрма жемісін әкеліпті. Пайғамбар «Бісcіміллә» деп, табаққа қол салып, құрмадан дәм татыпты. Серіктері де жапырлай қозғалып, құрма жеуге кіріседі. Табақтағы құрма азайғанда, ортадағы бір құрма ерекше көрінеді. Әлгінің кереметі, ол құрма қолға түспей дөңгелей береді. Сахабалар бұған таң-тамаша болады. Бұл құрманы ешқайсысы жей алмапты. Сол кезде пайғамбарымыз құрманы қолына алып қарайды да, «Бұл не ғажап?», «Бұл не деген керемет?» деп ойланады. Сол кезде Жебірейіл періште де жетіп:
Уа, Алланың елшісі! Бұл құрмада үлкен бір құпия бар. Ол сізге де, серіктеріңізге де бұйырмайды. Сізге Тәңірім сәлем жолдады. Төрт жүз жыл заман өткен соң сіздің бір үмбетіңіз дүниеге келеді. Оның есімі Ахмет болады. Ол үмбетіңіз сіздің рухани жолыңызды жалғастырады. Бұл құрма сол баланың несібесі, – дейді. Серіктері мына әңгімені естігенде, таң қалады. Сол кезде Мұхаммед пайғамбар:
Иә, Жебірейіл, ол заманға дейін бұл құрма қалай жетеді? – деп сұрайды. Жебірейіл періште:
Бұл құрманы Ахмет атты балаға жеткіз деп бір серігіңізге тапсырыңыз, – дейді. Сонда Пайғамбар:
Уа, бауырлар! Мына аманат құрманы менің 400 жылдан кейін дүниеге келетін ардақты үмбетіме кім табыстайды? Кім тәуекелге бел байлайды? – депті.
Отырғандардан ешкім үндемейді.
Бұл құрманы жеткізген адам екі дүниеде бақытты болады. Ол бақыт кімге бұйырғалы тұр екен? – деп қайталап сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет