Демеушілік көмек көрсету үшін ашық оферта (Ұсыныс)



Дата08.06.2016
өлшемі36 Kb.
#121715
ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН

АШЫҚ ОФЕРТА (ҰСЫНЫС)

Алматы қ.

04 қараша 2015 жылы


1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабына сәйкес кәмелетке толған және «ҚАЗАҚ ЕЛІ» циклінен бірінші ұлттық тарихи-драмалық телевизиялық сериалды нарыққа (прокат) шығару және тарату үшін ақшалай қаржыны салуға ниеті бар кез келген физикалық тұлғаға, бұдан әрі «Демеуші» деп аталатын, бағытталған осы құжат Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша тіркелген және 2014 жылды 15 қыркүйегіндегі сенімхаттың негізінде әрекет ететін «Кино қоры» ұлттық кинематографты қолдаудың Қоғамдық қорының, бұдан әрі «Қор», келесідей келісімшартты сасасу үшін ресми, ашық және шақыртылмайтын ұсынысы болып табылады.

1.2. Осы ашық офертаның толық және мінсіз акцепті болып осы офертаның 5 бабында келтірілген тәртіпке сәйкес Демеушімен қаржыны беру табылады.

1.3. Офертаның акцепті Демеуші осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді және демеушілік көмекті көрсету туралы келісімді жасасу кезінде күші бар деп саналады.

1.4. Осы офертаның әрекет ету мерзімі Қазақ елі хандығының 550-жылдығына орай «ҚАЗАҚ ЕЛІ» циклінен бірінші ұлттық тарихи-драмалық телевизиялық сериалды нарыққа (прокат) шығару және тарату үшін (бұдан әрі -Жоба) ақшалай қаржыны демеушілік көмек арқылы жинау мерзіміне орнатылады.

1.5. Жобаны іске асыру үшін ақшаны жинау краудфандингті платформада іске асырылады, интернет желісіндегі мекенжайы http://qazaqeli550.kz/.


2. Келісімнің мәнісі

2.1. Осы келісімге сәйкес Демеуші Жобаны жасау және нарыққа шығару үшін ақшалай көмек көрсетеді. Жобаны іске асыру үшін ақшалай құралды беру оны http://qazaqeli550.kz/ сайтында көрсетілген Демеушіге ыңғайлы тәсілдердің бірі арқылы іске асырылады.

2.2. Демеуші http://qazaqeli550.kz/ сайтында келтірілген Жобаға қатысудың және төлеудің техникалық шарттарымен анықталған сомадан кем емес болатын қаржының көлемін өздігімен анықтайды.

2.3. Демеушіге алғысты Қор фильмнің титрлерінде демеушілік көмек ерікті түрде фильмді жасау үшін алынғаны туралы мәліметтерді енгізу арқылы білдіруге міндеттенеді.

2.4. Егер Демеуші өзі туралы ақпаратты фильмнің титрлеріне енгізу туралы ықыласты жазбаша түрде төлемді іске асырғаннан кейін 30 (отыз) күннен кешіктірмей, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының «Қазақ елі» кинопроект» бөлімшесіне (бұдан әрі –Жобаның ұйымдастырушысы) жолдау арқылы білдіретін болса, Қор фильмнің титрлерінде Демеуші туралы жалпы ақпаратты енгізуге міндеттенеді (заңды тұлғаның аты-жөні немесе атауы).
3. Тараптардың құқықтары

3.1. Қор міндеттенеді:

3.1.1. Қордың шот есебіне ақшаны аударуға кеткен комиссияның шегергендегі, алынған демеушілік көмекті осы келісімшартта анықталған мақсаттар мен міндеттерге пайдалануға міндетті.

3.2. Демеуші міндеттенеді:

3.2.1. Жобаға, сценарийге және фильмді түсіру барысына қандай да бір өзгерістерді енгізуді талап етпеуге, Жобаның тоқтап қалуына және/немесе жабылуына әкеп соғатын Жобаның ұйымдастырушысына қандай да бір тәртіппен әсер етпеуге міндетті.

3.2.2. Осы келісімнің 2.4 тармағында көрсетілген деректерден басқа, қандай да бір ақпаратты Қордан таратуға талап етпеуге міндетті.

4. Басқа шарттар

4.1. Осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін іске асыруға кедергі келтіретін бой бермейтін күштер пайда болғанда (форс-мажор) тараптар осы келісімшарт бойынша алынған міндеттерді орындаудан босатылады.

4.2. Осы келісімшартты орындау барысында туындаған барлық даулар тараптардың арасындағы келіссөз арқылы, оның ішінде медиатордың қатысуымен (дауларды реттеу бойынша маман) шешіледі. Келісімге келмеген жағдайда, осы дау Қазақстан Республикасының ағымдағы заңдылығына сәйкес шешілу үшін сотқа өткізіледі.
5. Соңғы ережелер

5.1. Осы келісімшарт Жоба үшін http://qazaqeli550.kz/ сайты арқылы Демеуші ақшалай көмекті енгізгеннен кейін күшіне енеді де, Демеушінің ашық офертаға қатысты мінсіз акцепті болып табылады (демеушілік көмек көрсету туралы келісім).

5.2. Осы келісімшарт тараптардың екі жағы өз міндеттерін толығымен атқарғаннан кейін өз әрекетін тоқтатады.
6. Қордың деректемелері

«Кино қоры» ұлттық кинематографты қолдау ОФ

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл Фараби даңғылы, 176


БСН 150240001173


Банк: «Казкоммерцбанк» АҚ, Алматы қ.

ИИК KZ62926180219A032000



БИК KZKOKZKX

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет