Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3
қарашадағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2014 жылы 3 желтоқсанда № 9923 тіркелді.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3
шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу
кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі Спорт және
дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген
тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік
тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет"
ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз
етсін.
3. "Дене шынықтыру
және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен
бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік
қағидаларын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін
атқарушысының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 02-02-18/175
бұйрығының
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7269 болып
тіркелген, 2011 жылдың 7 желтоқсанында № 596-600 (26992) "Егемен
Қазақстан" газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің