Деніѕ сау болсын десеѕ



Дата10.11.2023
өлшемі40 Kb.
#482915
түріСабақ
Денің сау болсын десең ...


Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл -үшеуімен болады бақытты өмір»
Сынып: 9 Б
Педагогтың аты-жөні: Баймбетова Л.С
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» ұғымының құңдылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын, ой тазалығы мен таза ниетінің әсері туралы түсінік беру.
Денсаулығын күту, денсаулыққа кері әсер ететін есірткі заттарды болдырмауға және оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Денсаулықты күтуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, плакат,оқулық, дәптер.


Оқушылардың барлығы шеңберге тұрып «Ақ көгершін » әнін шырқайды.
Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырамын, егерде сол жұмбақтың шешуін тапсандар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Оны күткен адамдар.


Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар:
Байлық – осы деседі:

Шешуі: денсаулық.


Салауаттылық – сергек те,


Таза жүру өмірде.
Адамзаттық келбетке.
Дақ түсірмеу тегінде.

Ойын:
Сиқырлы қорап деп аталады. Бұл ойында кубизм әдісін қолданамыз.


Қораптың ішінде қандай зат бар? Жіңішкеме ? жуанба ?қаттыма? жұмсақпа?
Оқушылар ұстап, қозғап көреді. Әрбір оқушы өз ойларын және қораптың ішінде не бар екенің айтады. Ұстап көргеннен кейін қораптың ішін ашамыз. Қораптың ішінде шприц бар. Оның пайдасы , және қандай зиянды әрекеттері бар? Оқушылардың пікірін тыңдап болғаннан кейін, оның пайдалы жағы дәрі егуге, аурудың алдын алуға, емделуге арналған. Ал зиянды әрекеттері: есірткі заттарды адам денесіне жіберу.
Денсаулық жөнінде оқушылардың білімдерін естеріне түсіріп, пікірлесу үшін арнайы берілген. Бірінші байлық-денсаулық деп неліктен айтылған? «Деңі саудың – жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер? Денсаулық сақтаудың қандай жолдары бар? Деген сұрақтарды қойып әңгімелесеміз.
«Денсаулықтың – он құпиясы» атты мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылардың денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызығушылықтарын арттырады.

Шарға сұрақтар ілінеді.


- денсаулықтың құпиясын іздеудің маңыздылығы неде?


- Денсаулықты ақыл-оймен байланыстырудың маңызы неде?


- Денсаулықтың бесінші құпиясын қалай түсінесіндер?


- Денсаулықты сақтаудағы сенім күшінің қажеттілігі неде?


- Сүйіспеншіліктің денсаулыққа әсері қандай?


Тапсырма.


Темекінің, спирттің адам өмірінде қандай пайдалы және зиянды әрекеттері бар?


Оқушылар өз ойларын айтады.


Шаршадым «Уһ» дедім,


Ренжідім «Туһ» дедім,


Қорықтым «Ой» дедім,


Өкіндім « Аһ » дедім,


Шарасыз « Еһ » дедім,


Таңырқап «О» дедім,


Кейідім «И» дедім,


Біліп ап «Е» дедім,


Қуанып «Ха-ха-ха» дедім.


Денсаулық – адам баласыныңең құңды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетін таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.

Адам табиғаттың өзіңе сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып,гигиеналық тәртіпті сақтап, денсаулыққа зиян келтірмей жүрсе, ұзақ та бақытты өмір сүреді. Денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында.


Сабр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығын жақсы болса, көңіл күйде көтеріңкі болады.


Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл күйін басқара білуіне байланысты. Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл-ой салауаттылықтың негізі.


Жағдаяттарды талдау.


1-жағдаят.


Шәкең ертең болатын емтиханды ойлап, әбден мазасы кетті. Барлық сұрақтарға тыңғылықты дайындалған болды. Бірақ көңіліне сенімсіздік ұялап, мазасыз ойлар бірінен соң бірі тізбектеліп келе берді. Мазасыздықтан арыла алмаған Шәкен өзін жайсыз сезінді.

-Шәкенге қандай кеңес берер едіңдер?


2-жағдаят.


Айнаш пен Күләш бір сыныпта оқиды. Айнаш ақкөңіл, құрбыластарымен тез тіл табысады. Күләшта ашық жарқын,бірақ Айнаш болған жерде көңілі күрт өзгеріп сала береді. Неге екені белгісіз Айнаштың жетістіктері Күләшқа түрпідей тиеді. Берекесі кетіп бойын мазасыздық билейді.


1. Әйтеке бидің «Сау дене,азат ақыл,адал көңіл-үшеуі мен болады бақытты өмір...» деген нақыл сөзінің негізінде өз ойларынды жазыңдар.


2. «Денсаулық-зор байлық» деген тақырыпта өлең шығарыңдар.


Оқушылар шеңберге тұрады,барлығы бірге қосылып , «Денсаулық-зор байлық. Жаны саудың-тәні сау» деп айтады.




Жүрекшелерге бір-біріне тілек жазады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет