Бастауыш 1-4 сынып оқушыларының күнделігін тексеру
туралы қорытындысы
Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу,тазалықты,ұқыптылықты қалыптастыру.
Күнделік - оқу кезіндегі оқушының негізгі құжаты.
Күнделікті толтыру жайлы оқушы нені білу керек?
Оқушыларға күнделік оның басты құжаты екенін, оның тазалығы, толтырылуы белгілі ережеге сай болу керектігін үнемі айтып отыру керек.
Оқушы күнделігіне қойылатын талаптар:
Күнделік оқушының құжаты. Оның тазалығы мен толтырылуына өзі жауап береді.
1.Күнделік көк сиямен толтырылады.
2.Күнделіктің бірінші бетінде өзі жайлы ақпарат жазылады. Келесі бетінде оқытылатын пәндер, оқытатын мұғалімдердің аты-жөні жазылады, сабақ кестесі толтырылады.
Сурет , басқа жазулар жазылмайды.
3.Оқушы күнделікті үй тапсырмасын жазады.
4.Мұғалім, пән-мұғалімдерінің сұрауы бойынша күнделікті көрсетеді.
5.Мұғалім оқушының алған бағасын журналға, күнделікке қояды, қолымен растайды.
6.Сынып жетекшісі апта сайын күнделікті тексереді, бір жеті ішінде алған бағаларын күнделікке қояды. Сонымен қатар кешіккен, сабақтан қалған күндерін есептейді. Тоқсан аяғында бағалары күнделікке қойылады, қолмен расталады.
7.Еңбек практикасы бойынша жазуды жауапты мұғалім толтырады.
8.Сынып жетекшілері, мұғалімдер ескертулерді күнделіктің аяғында берілген жолға жазады.
9.Ата-аналар апта сайын, тоқсан сайын күнделікті қадағалап отырады, қолдарын қояды.
10.Мектеп әкімшілігі 2-11 сынып оқушыларының күнделіктерін жиі тексеріп отырады.
Оқушылар күнделік бойынша өз міндеттерін білулері керек және мектеп қызметкерлері сұраған кезде көрсетулері керек.
Күнделікті жүргізуге байланысты бірнеше сынып сағаттарын, әңгімелер өткізуге болады.
Осы бағытты қалыптастыра отырып бастауыш 1-4 сынып оқушыларының
күнделігін тексере отырып төмендегідей қорытынды шығардық.
Оқушыларды ұзақ қоңырау барысын пайдалана отырып жиын құрдық. Жиын қара жорға биімен басталды. Оқушылар ортаға шығып билеп белсенділік танытты. Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі меңгерушісі Мурзагулова Марина Сеилқызы құттықтау сөзін сөйлеп, ең таза күнделік атты тексеру барысында 1-4 сынып оқушылар арасынан әр сынып бойынша 3 оқушыдан таза күнделік деп танылып әр оқушыға мақтау қағаздары табытады.
Оқушының күнделігі бұл:
- оқушының бағасын қоятын журнал
- оқушының оқу үлгерімінің көрсеткіші
- ата-анамен қарым-қатынас құралы.
Қазіргі заман талабына сай оқушылардың күнделігі әртүрлі форматта, әдемі мұқабалармен безендірілген, әртүрлі анықтағыш материалдарымен, т.б. түрде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |