Орындаған: Игілікова Г.Ж. БТ-31 Инсулин - Инсулин (лат. insulinum insula — арал) — эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В- инсулоциттер ұйқы безі аралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақсы жетілген. Бета—безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді. Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады.
1869 жылы берлинде 22 жасар медик студенті П. Лангерганс микроскоппен ұйқы безі құрылысын зерттеуде бұрын соң белгілі болмаған топтар құрып орналасқан клеткаларды көреді, олар бүкіл бездің бойында бір келкі таралған. Кейін оларды «Лангерганс аралықтары» деп атаған. 1901 жылы ұйқы безінде осындай «аралықтар» зақымдануынан қант диабеті дамуы жүретіні айтылды. - 1869 жылы берлинде 22 жасар медик студенті П. Лангерганс микроскоппен ұйқы безі құрылысын зерттеуде бұрын соң белгілі болмаған топтар құрып орналасқан клеткаларды көреді, олар бүкіл бездің бойында бір келкі таралған. Кейін оларды «Лангерганс аралықтары» деп атаған. 1901 жылы ұйқы безінде осындай «аралықтар» зақымдануынан қант диабеті дамуы жүретіні айтылды.
- ХХ ғасырдың 20-шы жылдар басында қант диабетімен ауыратын жас адамдарда, яғни инсулинді қажет ететіндерде ұзақ өмір сұруге ұміттері жоқ еді. 1921 жылдың күзінде Торонто қаласында (Канада) Ф. Бантинг және Ч. Бест дәрігерлері бұзаулардың ұйқы безінен алынған белгілі заты иттерде экспериментальды диабетінде қанның қант деңгейін төмендеткен. 1922 жылдың 11 қантарында иттерге көптеген нәтижелі сынақтарынан кейін диабетпен сырқаттанатын 14 жасар ер баласына инсулиннің бірінші тарихи инъекциясы енгізілді. Келешекте олар Нобель сыйлығын алды, ал Бантингтің туған күнін Халықаралық диабет күні (14 қараша) деп аталып өтедіИнсулинді ұйқы безінің Лангерганс клеткалары синтездейді, гормон организмде көмірсу алмасуын реттейді, клеткалар глюкозаны сіңіруін қамтамасыз етеді, оның жеткіліксіздігі қант диабетіне әкеледі. Ф. Сенгер алғаш рет инсулиннің біріншілікті құрылысын немесе молекуласында амин қышқылдардың нақты жүйелі қатарын ұсынған. Кейін Д. Ходжкин рентгендік дифракция әдісі көмегімен инсулиннің кеңістіктегі молекула құрылымын тапты (екіншілік-төрттік құрылысы).
Достарыңызбен бөлісу: |