«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата04.07.2016
өлшемі61.69 Kb.
#176420


Әкімдіктің

2014 жылғы «___» ___________

№ _____ қаулысымен бекітілген

«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттар топтамасын қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар.

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 562 «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) біліктілікті арттыру бөлімшесінің (бұдан әрі - БАБ) хатшы-іс жүргізушісі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың көрсетілетін қызметті берушінің алдында берешегінің жоқтығы туралы толықтығын тексереді және БАБ зертханашысына береді, 30 (отыз) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – ұсынылған құжаттарды қабылдау және толықтығын тексеру, БАБ зертханашысына беру;

2) БАБ зертханашысы ұсынылған құжаттарды қарайды және бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 3 (үш) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу және қол қоюға беру;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және БАБ зертханашысына береді. Құжат дұрыс ресімделмеген жағдайда, қателерді жою үшін БАБ зертханашысына қайтарады, 4 (төрт) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне басшының қол қоюы;

4) БАБ зертханашысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуді, тіркеуді аяқтайды және көрсетілетін қызметті алушыға береді, 2 (екі) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуді аяқтауы және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) БАБ хатшы-іс жүргізушісі;

2) БАБ зертханашысы;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) біліктілікті арттыру бөлімшесінің (бұдан әрі - БАБ) хатшы-іс жүргізушісі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың көрсетілетін қызметті берушінің алдында берешегінің жоқтығы туралы толықтығын тексереді және БАБ зертханашысына береді, 30 (отыз) минут;

2) БАБ зертханашысы ұсынылған құжаттарды қарайды және бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 3 (үш) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және БАБ зертханашысына береді. Құжат дұрыс ресімделмеген жағдайда, қателерді жою үшін БАБ зертханашысына қайтарады, 4 (төрт) жұмыс күні;

4) БАБ зертханашысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуді, тіркеуді аяқтайды және көрсетілетін қызметті алушыға береді, 2 (екі) жұмыс күні.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілетін қызметті берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де

көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін,

сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
____________________

«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша



Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,

әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасы

Біліктілікті арттыру бөлімшесінің (бұдан әрі - БАБ) хатшы-іс жүргізушісі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың көрсетілетін қызметті берушінің алдында берешегінің жоқтығы туралы толықтығын тексереді және БАБ зертханашысына береді, 30 (отыз) минут





БАБ зертханашысы ұсынылған құжаттарды қарайды және бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 3 (үш) жұмыс күні










Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және БАБ зертханашысына береді. Құжат дұрыс ресімделмеген жағдайда, қателерді жою үшін БАБ зертханашысына қайтарады, 4 (төрт) жұмыс күні



БАБ зертханашысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуді, тіркеуді аяқтайды және көрсетілетін қызметті алушыға береді, 2 (екі) жұмыс күні


____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет