Бағдарламасы «Қазақстан Республикасындағы ұлттық желілер/каолициялардың қоғамдық шараларын»



Дата27.06.2016
өлшемі160.5 Kb.
#161964
түріБағдарламасы










«Аймақтық ынтымақтастық арқылы даму»

бағдарламасы
«Қазақстан Республикасындағы ұлттық желілер/каолициялардың қоғамдық шараларын» қолдау бойынша грант алу үшін өтінім беру байқауына шақыру

  1. «АРГО» Азаматтық Қоғамды Дамыту Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі (арықарай АРГО) «Аймақтық ынтымақтастық арқылы даму» бағдарламасының аясында қоғамдық шараларды* өткізу бойынша гранттық байқауға қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың (арықарай ҮЕҰ) каолициялары мен ұлттық желілік ұйымдарды шақырады. Бұл Бағдарлама АҚШ-тың Орта Азия Республикаларындағы халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID/CAR) қаржылық қолдауымен іске асырылуда.





  1. Гранттық байқаудың мақсаты: ұлттық деңгейде биліктің мемлекеттік органдарымен конструктивты диалог құру арқылы Қазақстан Республикасындағы желі/каолицияның мақсатты топтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау.

Өтінімді қабылдаудың басталу күні: 01 шілде 2014 жыл

Өтінімді қабылдаудың аяқталу күні: 29 тамыз 2014 жыл

Грантты іске асыру мерзімі: 9 айдан аспауы тиіс

Гранттың теңге баламасындағы сомасы: $15,000 аспауы тиіс
Болашақ жобалардың аясында төмендегілер көзделуі тиіс:


  1. Сараптама топты қалыптастыру, зерттеу жүргізу, белгілі тақырыптық аясында мүмкіндіктер мен қажеттіліктерге талдау жасау және ұлттық деңгейде болашақта даму үшін сәйкес ұсынымдарды әзірлеп дайындау;

  2. Ұлттық деңгейде мемлекеттік органдармен конструктивты диалогты құруды қоса есептегенде, желі/каолицияның ұсынымдарын қорғау мен алға бастыру мақсатында қоғамдық шаралар аясында іс-шаралар жоспарын, тиімді стратегияны әзірлеу және іске асыру;

  3. Келешекте ұсыныстардың 10%-нан астамы мемлекеттік мекемелердің шешім қабылдау барысында ескерілуі үшін қоғамдық шаралар ұсыныстарын дайындау.


Гранттық бағдарлама бойынша ақпараттық сессияны АРГО 2014 жылдың 11 шілдесінде, саағат 15.00, АРГО кеңсесінде келесі мекенжай бойынша өткізеді: Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қаласы, Жандосов көш., 36
АРГО қосымша консультациялар мен ақпараттарды 2014 жылдың 20 тамызында келесі контакттар бойынша ұсынады:

«АРГО Азаматтық Қоғамды Дамыту Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі

Жамиля Доромбаева, Гранттар бойынша менеджер

Телефон:+ 7 (727) 250 27 87, вн.120

Электронды пошта: d.jamilya@argonet.org
Бұл хабарландыруға 3 құжат қосылған:


  1. Байқау туралы жалпы ақпарат;

  2. Өтінім формасы;

  3. Бюджеттің толықтай формасы.


1. Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар


  1. Қоғамдық шараларды өткізуде және жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасындағы ҮЕҰ желілердің/каолициялар байқауға қатыса алады;

  2. Желіден Өтінім беруші болып, ұзақ мерзімде белгілі бір желі/каолицияның мүшесі/көшбасшысы болып табылатын, Қазақстан Республикасында заңды тіркелген ҮЕҰ болуы тиіс;

  3. Қызылорда облысының (Қазакқстан Республимкасы) ҮЕҰ желі/каолицияның қоғамдық шарасына тарту қалаулы, дегенмен міндетті болып табылмайды.


Грантқа өтінім берушілердің тапсыруы тиіс құжаттар тізімі:


  1. Қарастырылған формат бойынша өтінім толтыру;

  2. Жобаның негізгі орындаушыларының түйіндемесі;

  3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (нотарилдық растаусыз);

  4. Жарғы көшірмесі (нотариалдық растаусыз);

  5. Бюджеттің электрондық нұсқасы (қарастырылған Excel форматына сәйкес);

  6. Бірлесіп жобаны іске асыру туралы келісім жөніндегі, негізгі серіктестік ұйымдармен Өтінім беруші ұйымы мәмілесінің көшірмесі (қол қойылған).

Негізгі серіктестестік ұйымдарды қоса есептегенде, Өтінім берушілер, гранттың сұралған сомасынан 20% кем емес мөлшерде жеке салым салуға міндетті. Шығын/салымды үлестірудің негізгі сандары егжей-тегжейлі бюджетте берілуге тиісті.

Жеке салымды ақшалай немесе заттай салуға болады. Ақшалай салымға жобаны жүзеге асыру барысында жұмсалатын өтінім берушінің немесе оның серіктестерінің ақшалай қаражаты жатады. Заттай салымға жобаны жүзеге асыру барысында пайдаланылатын затары жатады, офис, құрал-жабдық, транспорт, мекеме қызметкерлерінің ерікті жұмысы және т.б.


2. Өтінімді бағалау критерийлері
Гранттық комиссия қарастырғанға дейін, барлық өтінімдер байқау талаптарының орындалу сәйкестігіне тексеріледі.

  1. Ұлттық деңгейдегі желілік ұйымда/каолицияда 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;

  2. ҮЕҰ салық борышының жоқтығы;

  3. Өтінімге тиісті барлық қосымшаларды беруі тиіс.


Өтінім төменде көрсетілген әрбір бөлім бойынша баллдық жүйемен қарастырылады:


  1. Өтінім беруші ұйымы мен желінің миссиясы ұсынылатын қызметке сай болуы тиіс

10

  1. Өтінім беруші ұйымы мен желінің әлеуеті

15

  1. Өтінім берушінің және серіктес ұйымдардың жұмыс тәжірибесі

10

  1. Мақсаты, Міндеттері мен үміттегі нәтижелер санаға қонымды әрі бір-бірімен байланысты

15

  1. Жоба гранттық байқаудың мақсатына сай болып табылады

10

  1. Жұмыс жоспары жоба міндеттемелеріне сәйкес келеді

15

  1. Нәтижелердің шынайылығы мен тұрақтылығы, жобаның әсері

15

  1. Бюджеттің баптары жұмыс жоспарына сай болып табылады, барлық шығындардың негізі бар (Ұлттық банктің бағамы бойынша АҚШ долларына баламалы сомадағы теңге)




10

Төлем шарттары: АРГО, әрбір грант бойынша төлемдер кестесі мен төлем шарттары бойынша шешімді секемеде орнатылған саясат пен тәртіпке байланысты жүзеге асырады.


3. Қаражатты пайдалану

Қарастырылған шектеулер:





  1. Тікелей шығыстар (Интернет, байланыс қызметтері, банк шығыстары және т.б.) – гранттың жалпы сомасынан 15% аспауы тиіс;

  2. Осы грант шеңберінде жайды күрделі жөндеуге, үй, ғимарат, автомобильдер және қымбат жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінбейді;

  3. Жалақы (жобаның негізгі тұлғаларына) – гранттың жалпы сомасының 30%-нан көп емес;

  4. Кеңесшілер, осы жобаға ғана алынатын қызметкерлер, сарапшылар бұл шектеуге кірмейді.



4. Өтінімдерді тапсыру
Өтінімдер, осы құжаттта көрсетілген күннен кешіктірілмей, тапсырылуы тиіс. Өтінімдер орыс немесе қазақ тілдерінде қабылданады (екеуінің біреуі). АРГО бір мекемеден бірнеше өтінімді қарастырмайды.

Ұйым өтінімге талап етілетін қосымшалары бар (бұл қосымшалар өтінімнің 20 бетіне толықтыру болып табылады), толтырылған (20 беттен артық емес) БІР өтінім тапсыруы тиіс.



2014 жылдың 29 тамызы сағат 18:00 дейін (Астана уақыты) пошта немесе электронды пошта арқылы алынған өтінімдер қаралуға қабылданады

Пошта арқылы: өтінім түпнұсқасаы мен электронды нұсқасы орыс немесе қазақ тілдерінде (екеуінің бірінде), сонымен қатар, міндетті болып табылатын қосымшалар АРГО қабылданады

мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қаласы, Жандосов көш., 36

«Қазақстан Республикасындағы ұлттық желілер/каолициялардың қоғамдық шараларын байқауы» белгісімен, Жамиля Доромбаева Гранттар бойынша менеджерге

Электронды пошта арқылы: Өтінімнің сканерленген немесе электронды нұсқасы орыс немесе қазақ тілдерінде (екеуінің бірінде), сонымен қатар, міндетті болып табылатын қосымшалар АРГО қабылданады

e-mail: d.jamilya@argonet.org

«Қазақстан Республикасындағы ұлттық желілер/каолициялардың қоғамдық шараларын байқауы» белгісімен, Жамиля Доромбаева Гранттар бойынша менеджерге

Электронды хаттың көлемі 2Мб аспауы тиіс, себебі Сіздің хатыңызды сервер қабылдамауы мүмкін. Егер файлдардың жалпы көлемі көрсетілгеннен артық болатын болса, оны 2 немесе одан көп хатқа бөлу қажет.

Назар аударыңыз:

 Гранттық комитет жеңімпаз жобаларды анықтағаннан кейін АРГО тек жеңімпаз ұйымдармен ғана хабарласады, ал қалған ұйымдарға хабарландыру хаттар электрондық пошта арқылы жіберілетін болады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет