Деректерді талдауда индикаторларды қолдану



бет1/3
Дата02.01.2023
өлшемі37.15 Kb.
#468080
  1   2   3
1.9-ресурс-Индикаторлар


Деректерді талдауда индикаторларды қолдану
Мектеп қалай дамып жатыр?
Бір сыныптың басқа сыныптан айырмашылығы неде?
Көрші мектептер несімен ерекшеленеді? Олардағы білім сапасын қалай өлшеуге болады?
Әдетте бұл сұрақтарға статистикалық көрсеткіштер бірден жауап бермейді. Ол үшін статистикалық аналитикалық жұмыс құралы ретінде индикаторлар қажет.
Индикаторлар статистикалық аналитикалық жұмыс құралы ретінде білім беру жүйесінің сапалық аспектілерін талдау құралы ретінде «шикі» деректерді мағыналы ақпаратқа айналдыру арқылы жағдаяттар мен проблемалық мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді.
Көрсеткіштерден индикатор құру үшін нені өлшегіміз келетінін білуіміз керек.
Ұлттық білім беру деректер қорынан (ҰБДҚ) дайын статистикалық көрсеткіштерді пайдаланып білім сапасын бағалайтын қарапайым индикатор құрудың мысалын қарастырайық.
Сізде келесі деректер бар делік (мәліметтер базасынан): «Алтын белгі» белгісімен марапатталған орта білім туралы аттестат алған бітірушілердің саны.
Осы дерек бойынша бұл мектепте сапалы (жақсы) оқытады ма деген сұраққа жауап беруге бола ма? Бұлай, дұрыс болмас. Мұны бір объектімен, мысалы, көрші мектеппен салыстыру керек болады.
Біздің мектепте «Алтын белгі» аттестатымен мектепті бітірген түлектердің саны, мысалы, 7 адам, ал көрші мектепте - 9 адам болса ше? Сонда, біз нашармыз ба? Жоқ, бұл әлі индикатор емес, өйткені көрші мектепте түлектер саны бізден бір жарым есе көп, ал «Алтын белгі» иегерлері бар болғаны 1,3 есе көп болды. Басқаша айтқанда, біздің мектепті бітірушілерге шаққандағы «Алтын белгі» иегерлерінің үлесі көрші мектепке қарағанда жоғары. Бұл - білім сапасы индикаторының қарапайым мысалы.
Бұл индикаторды мектептің әртүрлі сыныптарындағы білім сапасын бағалау үшін де қолдануға болады. Ол келесі түрде болады:


Білім сапасын бағалау үшін тағы қандай көрсеткіштерді қолдануға болады?


«Бітіруші сыныптағы жалпы орта білім туралы аттестат алмаған оқушылардың саны» көрсеткішін қолдана отырып, «мектеп түлектерінің жалпы саны» мен «аттестат алмағандар санын» белгілеп, сапаның екінші индикаторын (дәлірек айтқанда, сапаның жоқтығын) шығаруға болады. Бұл индикатормен әртүрлі сыныптарды, мектептерді және т.б. салыстыруға болады.


Әртүрлі статистикалық көрсеткіштерді қолдана отырып, одан да күрделі, интегралдық индикатор құру арқылы әрі қарай тереңдеуге болады. Бұл жағдайда әрбір қарапайым индикаторға оның салмағы, интегралдық индикатордың жалпы мәніндегі маңызы беріледі. Бұл коэффициент түрінде сарапшылардың шешімімен белгіленеді. Мысалы, білім сапасын жалпы бағалау үшін «Алтын белгі» иегерлерінің болу маңыздылығын 0,7 коэффициентімен (+ белгісімен) бағалауға, ал аттестат алмағандар түріндегі кемшіліктердің маңыздылығын 0,8 коэффициенті бойынша (- белгісімен) бағалауға болады. Нәтижесінде, осы екі компоненттен тұратын білім сапасының интегралдық индикаторы «Алтын белгі» иегерлерінің үлесі түрінде сыныптың жетістігі мен аттестат алмағандар үлесі арқылы жіберілген кемшіліктерді көрсетеді.


Егер осы интегралдық индикаторды (Iintegr) формула ретінде жазатын болсақ, онда ол мынадай түрде болады:



Бұл - әртүрлі статистикалық көрсеткіштерді білім сапасының интегралдық индикаторын құру үшін қолдануға болатындығының мысалы.


Интегралдық индикаторлардың негізгі артықшылықтары:

  • сыныптарды салыстыру, саралау мүмкіндігі болады.

Жаттығу ретінде бірнеше, тіпті оншақты көрсеткіш бойынша озат оқушыларды анықтап көріңіз. Кейбір көрсеткіштер бойынша бір сынып жоғары болса, басқасы бойынша екінші бір сынып алда болып шығады. Ал нақты қай сыныпта білім сапасы жоғары екенін қалай бағалауға болады? Интегралдық индикатор осыған мүмкіндік береді. Тек оның нені білдіретінін, оны қалай есептейтінін келісіп алу керек. Нәтижесінде сіз шешім қабылдау мен бағалаудың пәрменді құралына ие боласыз.
Дұрыс анықталған индикатор:

  • талдаудың мақсатына сай болуы;

  • пайдаланушының (зерттеушінің) қажеттіліктерін қанағаттандыруы;

  • зерттеу объектісін толық сипаттауы;

  • ақпаратты бұрмаламай жалпылауы тиіс.

Индикатор:

  • басқа индикаторлармен құрылымдық тұрғыда байланысты және үйлесімді,

  • дәл және салыстырмалы, шынайы және сенімді;

  • алға қойылған мақсаты немесе белгіленген нормативке жеткенін бағалайтын;

  • мән беріп қарау қажетті осал тұстарды/бағыттарды анықтауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет