Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні:
Сынып:7
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Географиялық картосхемаларды қолдану
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
|
Тақырып бойынша картасхемалар жасай алады
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылыр біледі: жер беті кескіндері түрлерін, шартты белгілерді, картадағы түстердің нені білдіретінін біледі.
Көпшілігі: план мен картаны ажыратады , кескін картаға түсіріп қолданады
Кейбірі: шартты белгілерді қолдана отырып план сызады, картаны, табиғи нысандарды ажыратады.
|
Бағалау критерийі
|
Жергілікті жердің қандай тәсілдермен бейнеленетінін түсінеді.
Карта, план, картасызба ұғымдарын анықтай біледі.
Карталарды және шартты белгілерді картасызбаларда қолданады
План мен картаны ажырата отырып маңызын талдайды
Картасызбаларды қандай мақсатта қолданады қорытынды жасайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Карта және картасызба ұғымы айырмашылығын айтады
Шартты белгілерді оқып, оларды қолданады
Жаңа терминдер анықтамасын жазады. Олар: план , картасхема, аэрофотосурет, шартты белгі.
Карта түрлерін ажыратады, тақырыптық карталарды оқи алады.
|
Құндылықтарға баулу
|
Жергілікті жердің планын сыза отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.
Қазақстан картасын әлем картасымен салыстыра отырып, өз Отанына деген мақтанышы артып патриоттық сезімі туындайды.
|
Пәнаралық байланыс
|
-Жаратылыстану пәнімен Жердің картада бейнеленуі, карта түрлері туралы байланыстырамын.
-Картаны сызудағы қолданылатын таңбалар, өлшемдер және масштаб арқылы математика пәнімен байланыстырамын.
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар географиялық дереккөздерді біледі. Олар: атлас, карта, экспедиция, аэрофото т.б.
Графикалық әдістерді ( профиль, сызба, суреттер) географияда қолданады.
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Дереккөздер, ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
|
1.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу.
«Керемет бақ»
Оқушылар бақта жүрміз деп бір сәтке елестетіп, өздеріне ұнаған гүлді салып қасындағы оқушыға жылы лебіздерін білдіру арқылы ұсынады.
Сынып оқушыларын стикерлер арқылы 3-топқа топтастырамыз. Оқушыларға бағалау парағы таратылады.
2. Үй тапсырмасы:
«Сурет арқылы болжау»стратегиясы. Суреттерді сипаттап мағынасын ашу. Әр топқа әр-түрлі суреттер, сызбалар үлестіріледі. Оқушылар мағыналарын ашып сипаттайды.
|
Түрлі-түсті бояу
қарындаштар стикер,
Интеракт. тақта,
Глобус, суреттер
|
Сабақтың ортасы
5-6 минут
6-7 минут
6-7 минут
3 минут
|
«Ой қозғау» әдісі. Жаңа тақырыпты меңгеруге кіріспес бұрын оқушылардың ойын шоғырландыру үшін қолданылатын әдіс.
1.Картасызба не үшін қажет?
2.Картасызбалар қалай құрастырылады және дайындалады?
3.Қазіргі кезде картаның мүмкіндіктері қандай деп ойлайсыңдар.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылармен пікірлесе келе карта жайлы қысқаша мәліметтер: карта қалай? қашан? пайда болды , оның маңызы не? және пайдасы туралы мәліметтер айтып өтемін. Оқушыларды құлақтандыра келе жаңа сабақты «өздік жұмыс» әдісімен меңгертуді бастаймын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |