Дәріс №1. Информатика және білім беру. Білім берулді басқаруда және оқытуды ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары



бет1/3
Дата22.01.2023
өлшемі18.2 Kb.
#468615
  1   2   3
Дәріс 1 (1)


Дәріс №1.Информатика және білім беру. Білім берулді басқаруда және оқытуды ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары.


Қоғамды ақпараттандыру — қоғамдық өндірістің басым түрі болатын заманауи микропроцессорлік және есептеу техникаларының негізінде ақпараттық құралдардың алмасуы, ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, жіберу, қолдану ерекшелігіен тұратын әлеуметтік жаһандық үрдіс.
Қоғамды ақпараттандыру: қоғамның өндірістік, ғылыми және басқа да салаларының өкілдерінен жинақталған тәжірибелік қорларындағы әрдайым кеңею үстіндегі интеллектуалды мүмкіншілігін қолдануды; қоғамдық өндірістің барлық салаларын қамтитын еңбек қызметін интеллектуализациялауды, ақпараттық технологияларды ғылыми және өндірістік интеграциялауды; қолданылатын мәліметтердің маңыздылығын, қолданыстағы ақпаратты визуалды түрде көрсетілуін, қоғамның кез-келген мүшесінің шынайы ақпаратқа қол жетімділігін, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Қоғамдық құралдың заманауи дамуының ерекшелігі қол жетімді және ақпарат массивін толық пайдалануға арналған ақпараттық жүйелерді қолдану болып табылады. Бұл заманауи әлеуметті басқару, қоғамды гуманизациялау мен демократизациялау механизмдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қоғам мүшелерінің жағдайын жоғары деңгейге көтереді. Қоғамды ақпараттандырумен байланысты үрдістер тек ғылыми-техникалық прогрессті жетілдіріп қана қоймай, әр индивидтің шығармашылық даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін, әлеуметтің жаңашыл ақпараттық ортасын қалыптастырады.
Бұл үрдісті сипаттайтын кезең – Бүкіләлемдік Интернет желісінің қалыптасуы және қызмет етуі. Ол әр пайдаланушының ақпараттық қызығушылығы мен сұраныстарын қанағаттандырады. Ақпарат ғылымда, өнерде, өндірісте, техникада және білім беруде бірінші деңгейлі маңыздылыққа ие бола бастады. 1980 жылдардың аяғы – 90 жылдардың басында Интернет желісінің күрт дамуы әлемнің ірі кітапханаларының, радиостудиялардың, телестудиялардың, мәліметтер қорының және тарихи құжаттардың көшірмелерінің ақпараттық ресурстарын пайдаланушылық түрде қолдануға мүмкіндік берді. Заманауи ақпаратты жіберу құралдары көлемдік және жылдамдық сияқты қиындықтарды оңай шешеді, ал навигациялық құралдар кез-келген алыс қашықтыққа қатынас құра алады. XX ғасырдың соңында Интернет желісі дамып, әріптестермен, ортақ қызығушылықтағы адамдармен, ғылыми зерттеулермен, олардың ақпарат көздеріне қатынас құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы ақпараттандыру және жалпылама жаһандық коммуникациялау үрдісіне ақпаратты қоғамдық өнім ретінде қолдану тән. Ғылыми тұрғыдан информатиканы қолдану кәсіби және оқу тапсырмаларын жылдам әрі сапалы орындауды, аданың тұлға болып қалыптасуы, оның заман ағымына сай ақпараттық ортағы бейімделуі мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдануды қамтиды.
АКТ қолдану кез-келген мамандық иесінің қызметін техникалық және технологиялық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар эргономикалық, физиологиялық-гигиеналық жағынан да өзгеріске ұшыратады. Сонымен қоса өзгерістер жылдамдығы өте тез. Осыған сай болашақ кез-келген маман иес, кәсіби дайындық пен ақпараттық мәдениетті кепіл ететін, информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тұрғысынан базалық дайындыққа ие болуы керек.
Білім саласына АКТ-ды енгізу жан-жақты қамтылған арнайы түсініктер мен терминдерді қолдануды талап етеді. Олардың кей бірі информатика мен педагогикада қатар қолданылатын, ал басқалары соңғы он жылда қалыптасқан қор болып табылады. Олар «терминдер сөздігінде» көрсетілген. Қосымша түсініктемелер мен тақырыптық жақын сөздер берілген.
Негізгілер қатарына «логикалық сабақтас» болып табылатын «информатика» пәні аймағынан алынғандаржатқызылады (мысалы, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттық қатынас»), ал екінші жағынан білім беруді ақпараттандыруда қолданылатын маңызды терминдер бар. («АКТ құралдары», «оқытуды ақпараттандыру бағытындағы алмасулар»). Дәл осы терминдер білім беруді ақпараттандырумен байланысты жүйелік түрде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет