Шөптесін өсімдіктер:
1. Күреңат (Epilobium - кипрей).
2. Сабынкөк (Scrophularia - норичник).
3. Күнгелді (Trollius - купальница).
4. Сарыраушан (Solidago - золотарник).
Б. Егістіктерді қорғайтын, көгалдандыру мақсатында отырғызылатын балды өсімдіктер:
1. Ақ қараған (Robinia - акация)
2. Гледичия (Gleditscһia - гледичия).
3. Кәдімгі аткаштан (Аescucus hyppocastanum - каштен конский).
4. Бөріқарақат (Berberis - барбарис).
5. Жиде (Elaegnus - лох).
6. Сирень (Syringa - сирень).
7. Долана (Crataegus - бояришник).
8. Айва (Cydonia - айва).
Шалғындықтардағы балды өсімдіктер.
Көп жағдайда шалғындарда жақсы бал жинайтын өсімдіктер мол болады. Жалпы шалғындықтар жылына 1 гектардан 20-80 кг-ға дейін бал бере алада.
Қазақстанның тауларындағы субальпі аймағы (теңіз деңгейінен 2000м биіктікте) үлкен қызығушылық туғызуда. Өйткені ол жерлерде шілде-тамыз айларында, мысалы, Іле Алатауының орталық аймағында субальпі белдеулерінде жуалар түрлері (Allium - лук), Алтай шырышы (Eremurus altaica - эремурус алтайский), бoз кілем түрлері (Sedum hidridum S.eversii), сарғалдақтар (Ranunculus alberti, R. songorісa) кездеседі.
Гүлден аралар нектар жинайды. Жалпы шалғындықтарда негізгі бал жинауға жарайтын өсімдіктер мыналар:
1. Беде ( Trigolium - клевер).
2. Шалфей ( Salvia - шалфей).
3. Қазтамақ (Geranium - герань).
4. Сиыр жоңышқа (Vicia - вика-горошек).
5. Гүлкекіре (Centaurea - василек).
6. Бозкілем ( Sedum - очиток).
7. Қайызғақ шөп (Stachys - чистец).
8. Қойжелкен (Tragopogon - козлеобразник).
9. Қазтабан ( Potentilla - лапчатка).
10. Кәді (Crepis - скерда).
11. Шелна (Sanguisosba - кровохлебка).
12. Мажыра (Comarum - сабельник).
13. Котырот (Scabiosa - скабиоза).
14. Балдырған (Herachleum - борщевик).
15. Сныть (Aegopodium - сныть).
16. Мия ( Gelycyrrhiza - солодка).
17. Астра (Aster - астра).
18. Қазанақ ( Ledum - багульник).
19. Гравилат (Geum - гравилат).
Достарыңызбен бөлісу: |