Ақтау қаласының 2015 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
2015 жылдың қаңтар – тамыз айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 79,2 млрд. теңгені құрады, нақты ауқым индексі (бұдан әрі НАИ) – 84,9% -ды құрады (2014 жылдың осы кезеңінде НАИ – 134%). Оның ішінде:
-
тау-кен өнеркәсібінде – 1183,2 млн. теңге (НАИ – 14,6%);
-
өңдеу өнеркәсібінде – 33959,5 млн.теңге (НАИ – 90%);
-
электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 38209,7 млн. теңге (НАИ –96,5%);
-
сумен жабдықтауда – 5829 млн. теңге (НАИ – 136,8%).
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 85,4%-ға төмен. Оның ішінде 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда гранит және ескерткіштерге арналған тастар өндірісінің көлемі 2%-ға (19,6 мың куб.м.) және табиғи құм 41,6%-ға (12,9 мың куб.м.) төмен.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі келесі өндірістер бойынша 10%-ға төмендегені анықталды:
-
ет өнімдері 91%-ға (9,9 млн. тенге);
-
сусындар 29,2%-ға (114 млн. теңге);
-
тоқыма бұйымдары 9,6%-ға (36 млн. теңге);
-
металлургия өндірісі 30,3%-ға (2564,2 млн. тенге);
-
кокс 11,1%-ға (4203,7 млн. тенге);
-
машина жасау 44%-ға (3959,7 млн. теңге) және басқалар.
Сонымен қатар, келесі өндірістердің көлемі артқаны анықталды:
-
тамақ өнімдері 10,2% (2179 млн. теңге);
-
сүт өнімдері 18,4%-ға (1220,7 млн. теңге);
-
жеңіл өнеркәсібі 18,1%-ға (488,5 млн. теңге);
-
киімдер 6,6 есеге (88,1 млн. теңге);
-
былғары өнімі 0,9%-ға (364,5 млн. теңге);
-
қағаздар 22,9%-ға (16,9 млн. теңге);
-
пластмасса өндірісі 36,1%-ға (1815,6 млн. теңге);
-
өзге де металл емес минералды өнімдер 23,4%-ға (7481,3 млн. теңге);
-
фармацевтикалық өндірістері 3,7%-ға есеге (57,1 млн. теңге) және басқалар.
Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және әуе салқындатқышында электр энергиясы көлемі 5,2%-ға (3210,8 млн. кВт.ч) төмендеді және жылу энергиясы көлемі 10,1%-ға (224 мың. Гкал) артты.
Сонымен қатар, табиғи судың көлемі өткен жылдың сәйкес деңгейінен 5,2% аз және 714,1 млн.куб.м. құрады.
Қалалық өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің облыстық көлемдегі үлесі 7,9%-ды (1000,97 млрд. теңгеден) құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімі. 2015 жылдың I-ші жарты жылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 93,2 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 15,7%-ға жоғары. НАИ 115,7%-ды құрады (2014 жыл – 85,8%).
Есепті кезеңде барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 24,5%-ға (69,7 тонна), сауып алынған сиыр сүті 61,8%-ға (39,8 тонна) өсті және 7,9 есе жоғары тауық жұмыртқалары алынды (11,8 мың дана).
01.09.2015 жылға ірі қара малының бас саны 18,7%-ға (130 бас), қойлардың 25,5%-ға (831 бас) және жылқының 16% (131 бас) азайды.
Сонымен қатар, түйелердің бас саны 57,1%-ға (132 бас), ешкілердің 74,2% - ға (338 бас) және құстардың 12,7 есеге (242 бас) артқаны анықталды.
Мал шаруашылығының 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларына
негізгі көрсеткіштері
(бас)
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларында 24,56 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 3%-ға көп (23,7 млрд. тенге), құрылыс-монтаж жұмыстары 18,4%-ға (24 млрд. теңге) өсуінің есебінен. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу көлемі бойынша 70%-ға (229,8 млн. теңге) және күрделі жөндеу бойынша 87,2%-ға (332,8 млн. теңге) төмендеді.
(млрд. теңге)
2015 жылдың қаңтар-тамызында 166 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, олардың 159-ы тұрғын үйлер.
Қалалық құрылыс жұмыстарының көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 27%-н құрайды.
Қала бойынша тұрғызылған тұрғын үй ауданы 74,5 мың м2, оның ішінде тұрғындардың есебінен салынған – 48,4 мың м2 немесе жалпы салынған тұрғын үйдің көлемінен 64,9%-н құрайды. Тапсырылған тұрғын үй ауданы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,9%-ға көп (НАИ – 106,9%).
(мың м2)
Тұрғын үй құрылысына 9,6 млрд. теңге бағытталды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3 есе жоғары, оның ішінде халықтың меншікті қаржы есебінен – 8,7 млрд. теңге.
Негізгі капиталға инвестиция салу 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларында 78,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 55,5%-ға жоғары, оның ішінде 24,65 млрд. теңге (жалпы көлемінен 31,1%) көлік және қоймалауға бағытталған.
(млрд. теңге)
Атап кететін жәйт, инвестицияның артуы 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда меншікті қаржылары есебінен 57,8%-ға (53,6 млрд. теңге), қарыздық қаржылары есебінен 27,5%-ға (8,8 млрд. теңге), банктік несиелер есебінен 6 есе 8,2 млрд. теңге сомада және бюджеттік қаржыдан 36,5%-ға (8,2 млрд. теңге).
(млрд. теңге)
Негізгі капиталға салынған инвестиция техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 43 млрд. теңге (жалпы көлемінен 54,5%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 28,9 млрд. теңге (36,6%) және өзгелер – 7 млрд. теңге (8,9%).
Қалалық негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 28,1%-н құрайды.
Орташа айлық жалақы мөлшері 2015 жылдың I-ші жарты жылдығында қала бойынша 224 727 теңгені құрады немесе 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға өсті (210 078). Қала бойынша 2015 жылдың I-ші жарты жылдығында жалдамалы жұмысшылардың саны 95,1 мың адамды құрады, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындарда – 74,8 мың адам. Жалдамалы жұмысшылар саны 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 2,3 мың адамға өсті немесе 2,4%-ға көп.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9%-ды құрайды.
01.09.2015 жылға жұмыспен қамту органына өтініш білдірген азаматтар саны 2185 адамды құрады немесе өткен жылдың тиісті деңгейінен 51,2% жоғары.
Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларында 5560 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2014 жылдың тиісті деңгейінен 2,7%-ға жоғары (5413).
Ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі адамдар саны, 01.09.2015 жылға 915 адамды құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 34,4%-ға көп (01.09.2015 жылға – 681 адам).
Халықтың табиғи қозғалысы. 7 айға бала туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 28,31 промилле (4,6%-ға төмен) және өлім-жітім деңгейі – 5,84 промилле (2,5%-ға өсім). Аналар өлімі болған жоқ.
Есептік кезеңде нәрестелердің шетінеуі 52,8%-ға төмендегені айқындалды және 4,7 промиллені құрады. Сонымен қатар, туберкулез бойынша ауру-сырқау деңгейі 100 мың адамға шаққанда 20,2%-ға өсті және 47,6 жағдайды құрады (2014 жыл – 39,6 жағдай).
Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері
Ағымдағы жылдың 8 айына салық пен басқа да міндетті төлемдерден мемлекеттік бюджетке 56,6 млрд. теңге түсті (2014 жылдың сәйкес кезеңіне 107,3%), оның ішінде республикалық бюджетке – 17 млрд. теңге (101,5%), жергілікті бюджетке – 39,6 млрд. теңге (109,9%).
01.09.2015 жылдық жағдай бойынша жергілікті бюджетке салық пен төлемдерден 16,4 млрд. теңге түсті, жоспар бойынша 14,9 млрд. теңге немесе орындалысы 110% құрады.
Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен жинақтардан салықтық түсімдер – 9,2 млрд. теңге (120,1% - есептік жоспарға), салықтық емес түсімдер – 149,96 млн. теңге (158,4%), негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 2,4 млрд. теңге (95,5%) және трансферттік түсімдер – 4,6 млрд. теңге (100%).
Трансферттік түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 11,8 млрд. теңге түсті немесе есептік жоспарына 114,6% орындалды.
Бюджеттің шығын бөлігі 15,6 млрд. теңгеге орындалды немесе жоспарланған қаржының 93,4%-ы (16,7 млрд. теңге).
(млрд. теңге)
Төлемдер жөнінде берешек 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға төмендеді және 01.09.2015ж. жағдай бойынша 15,65 млрд. теңге құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 10,1%-ға өсті (1,6 млрд. тенге).
Достарыңызбен бөлісу: |