Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕТАЛЛУРГИЯ, ТАУ-КЕН ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ КАФЕДРАСЫ
Кіріспе.
Дәріс №1
«Рельс және арқалық өндірісінің технологиясы» пәні
Дәріс жоспары:
1. Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы
2. Прокат және оны өндіру
3. Прокаттау тәсілдері
Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы
Металл бұйымдарды қысыммен өңдеу тек металдардың созымдылығы арқасында мүмкін, яғни олардың пішіні мен өлшемдерін өзгерту қабілетіне байланысты.
Әртүрлі металдар мен қорытпалар бірдей емес табиғи созымдылығымен белгілі, ал сондықтан қысыммен өңдегенде өздерін әр түрлі ұстайды. Металдар мен қорытпалардың созымдылығы химиялық құрамына, құрылымына, қыздыру температурасына, деформа-цияның жылдамдығы мен дәрежесіне, кернеулі жағдайдың схемасы мен деформацияның схемасына байланысты.
Құйылған металдың созымдылығы деформацияланатынның созылымдылығынан төмен, бұл олардың әртүрлі құрылымымен түсіндіріледі: бірінші жағдайда металл ірі түйіршікті құрылымды, екіншісінде ұсақ түйіршікті болады.
Металдың температурасының жоғарлауымен, дағдыдағыдай, созылымдығы жақсарады, ал деформацияға кедергісі азаяды.
Прокаттағанда металды прокат станының (1,а-сурет) екі айналатын біліктерінің арасында жаншиды, соның нәтижесінде дайындаманың қалыңдығы азаяды, ал ұзындығы мен ені ұлғаяды.
Бұйым алу үшін металды әр түрлі тәсілдермен қысыммен өңдейді: прокаткамен, созумен, сығымдаумен, еркін соғумен және штамптаумен.
Прокаттаумен (а) дөңгелек және квадрат пішінді профильдерді, рельстерді, балкаларды, швеллерлерді табақшаларды, сонымен бірге басқадай прокат түрлерін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |