ДӘРІС № 10 ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ.
Жоспар
-
Мәтіндерді форматтау
-
Абзацтарды форматтау
-
Құжатты автоматты түрде форматтау
МАҚСАТЫ:
-
Оқушыларға құжатты форматтауды үйрету
-
Шаблон құру, колонтитулдер, бет нөмірлерін қоюды, стильдерді құруды үйрету арқылы ой өрісін дамыту
1. МӘТІНДЕРДІ ФОРМАТТАУ
Символдарды форматтауға шрифт(қаріп) параметрлерін,символдар аралығындағы бос орындар мен оларды қатарға байланысты жоғарғы не төмен жылжу мүмкіндіктерін анықтау жатады. Осылар арқылы құжаттағы маңыздырақ деген элементтерді белгілеп алып,олардың параметрлерін өзгерту және оған қоса кейбір символдарды жоғарғы не төменгі индекс ретінде жылжытып жазу, кішірейтілген бас әріптер бейнелеу мүмкіндіктері де бар.
Бұлардан өзге арнайы шрифтер бар, олар құжатты көркейтіп оны безендіру істерін жандандырып тұрады.
Шрифтер. Шрифтер ұғымына:
-
оның түрі;
-
өлшемі (мөлшері);
-
сызылымы (начертание);
-
боялу түсі;
-
арнайы эффектілері жатады.
Шрифттегі символ көлемі пункт өлшемі арқылы беріледі, негізгі
текст үшін әдетте 9,10-пункт, тақырыптар – олардан үлкенірек (12-ден жоғары) өлшеммен, ал ескертулер мен сілтемелерді (сноска) көрсетуде – 8-пункт қолданылады.
Шрифттердің негізгі параметрлерін анықтау
Форматтау процесі негізінен символдың керекті параметрлерін енгізуден тұрады. Даярланған тексті белгілеп алып барып форматтауға немесе алдымен оның параметрлер анықталған соң тексті теруге болады.
Шрифтің негізгі параметрлері (типі, өлшемі, сызылымы) Формат командасының менюі арқылы, әйтпесе “Форматтау” саймандар панелі көмегімен немесе пернелік командалар және контекстік меню жүйелері арқылы да енгізіліп анықталады.
“Шрифт” сұхбаттасу терезесін пайдалану
Шрифттермен толық жұмыс істеу “Шрифт” сұхбат терезесінде жүргізі- леді.Бұл терезе кез келген шрифт түрін таңдап алып, оның Word жүйе- сінде қолданылатын параметрлерін тегіс анықтауға мүмкіндік береді.
“Шрифт” сұхбат терезесін ашу үшін мына әрекеттердің бірін орындаса болғаны:
-
Формат Шрифт командасын таңдау;
-
құжаттық текстің жұмыс аймағында тышқанның оң батырмасын басып, сонда пайда болған контекстік менюден “Шрифт” командасын таңдау. Осы әрекеттер нәтижесінде шыққан терезеде үш парақ бар: «Шрифт», «Интервал» және «Анимация».
Шрифт – компьютерде орындалатын шрифтер тізімі.
Шрифтердің сызылымы мына опциялардан тұрады:
-
Кәдімгі(обычный) – негізгі текст символдары үшін қолданылады;
-
Курсив – сөздерді, тақырыптарды айқындап қою үшін қажет;
-
Қарайтылған(полужирный)-сөздерді,тақырыптарды айқындау үшін;
-
Қарайтылған курсив-алдыңғы екі түрлі шрифтер комбинациясын пайдалану;
Мөлшер(размер)-әріптердің өлшемін таңдау (8-72 пунктер аралығында);
Астын сызу мыналардан тұрады:
-
Жоқ – текстің асты сызылмайды;
-
Кәдімгі – текстің асты түгелдей жәй сызықпен сызылады;
-
Тек сөздер (только слова) – тек сөздердің асты сызылып, сөз арасындағы бос орындар асты сызылмайды;
-
Қоссызық (двойное) – сөздердің асты қоссызықпен сызылады;
-
Пунктирлік – пунктир (бөлінген) сызықпен астын сызу;
Түс (Цвет) – текстерді бояйтын түстер (Авто, қара, қызыл, сары, т.б) көрсетіледі.
Эффектілер құрамы:
-
Сызылған (зачеркнутый) – текст үстінен оны түзу сызықпен сызу (түзету кезінде қолданылады);
-
Жоғарғы индекс – текст қатар деңгейінен жоғары көтеріледі;
-
Төменгі индекс – текст қатар деңгейінен төмен түсіріледі;
-
Жасырын (скрытый) – текст қағазға басылмай жасырын түрде беріледі;
-
Кішірейген бас әріптер (малые прописные) – текст кіші әріптер деңгейіндегі бас әріптер жазылады;
-
АБЗАЦТАРДЫ ФОРМАТТАУ
Кез келген редактордағы сияқты, Word жүйесінде де абзац дегеніміз текстің абзац символымен шектелген бөлігін айтады. Абзацты жеке форматтауға болады. Оны форматтау кезінде мынадай түсініктерді пайдаланамыз:
Шегініс (отступ) – текстің сол жақ шетінен абзацтың алғашқы қатарының басына дейінгі аралық, жәй текст қатарындағы азат жол.
Абзацтың бірінші қатары шегініп оң жаққа жылжумен қатар, нөмірленген тізім элементтерін көңіл аударарлық ету үшін немесе библиографиялық әдебиеттер тізімін көрсету кезінде нөмірлер қатардың сол жақ өріс шетінен де асып жазыла алады. Бұл әрекет ФорматАбзац арқылы орындалады.
Тексті туралау тәртібі қолданылу мақсатына байланысты төрт
түрлі болады, олар:
- сол жақ шетке қарай туралау - жәй мәтіндерді тергенде қолданылады;
- оқ жақ шетке қарай туралау–колонтитулдарда,яғни бөлім тақырып тарын беттердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде кездеседі;
- қатар ортасына қарай туралау – тақырыптарды жазғанда пайдаланылады;
- екі жақ шетін де туралау – іс қағаздарын, баспахана материалдарын даярлау кезінде қолданылады.
Табуляция - әрбір абзац алдында тұрақты шегініс жасау үшін және тексті бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам көшу мақсатында қолданылады.
Беттерді нөмірлеу
Көлемді құжатпен жұмыс жасағанда беттерді нөмірлеп қою өте тиімді. Беттерді нөмірлеу үшін:
-
Сыналап енгізу Бет нөмірлері (вставканомера страниц) командасын орындаймыз.
-
Тұратын орны (положение) тізімінен беттің нөмірі орналасатын қажетті орынды (жоғарғы немесе төменгі колантитул) таңдаймыз.
-
Бет нөмірінің туралау параметрін енгізген соң ОК батырмасын шертеміз.
Формат… батырмасын шертсек, Парақ нөмірлерінің форматы сұхбат терезесі ашылады.
Парақ нөмірлерін саймандар тақтасының көмегімен қоюға да болады. Ол үшін:
-
ТүрКолонтитулдар(ВидКолонтитулы командасын орындаймыз.
-
Колонтитулдар саймандар тақтасындағы жоғарғы/төменгі колонтитул батырмасын шертеміз.
-
Колонтитулдар батырмасын шертіп, Парақтар (страницы) жолын таңдау арқылы бет нөмірлерін қоямыз, ал автомәтін (мысалы ай, күн, жыл т.б) енгізу үшін осы жерде қажетті мәтінді таңдау жеткілікті.
Стильдер құру.
Word мәтіндік редакторында абзацтың немесе құжаттың форматталу үлгісіне стиль құрып, оны құжаттың басқа аймағына қолдануға болады. Стильдер құжаттағы тақырыптар, суреттердің айналасындағы жиектеме ішіндегі мәтін (надпись) және негізгі мәтін сияқты мәтін элементтерінің әртүрлі сыртқы түрлеріне құрылады. Стильдер бір ғана әрекет жасай отырып абзацқа немесе сөзге тұтас бір форматтау атрибуттарын пайдалану мүмкіндігін береді. Егер мәтіндегі қандай да бір элементтің форматын өзгерту қажет болса, осы элементке пайдаланылған стильді өзгерту жеткілікті. Стильдер құжатты форматтауды жеңілдетеді және олардың көмегімен мазмұн құрады.
Формат – Стиль командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінде стильді құру, өзгерту, өшіру осыларға сәйкес Құру (создать), Өзгерту (изменить), Өшіру (удалить) батырмаларының көмегімен жүзеге асырылады. Ал, бірнеше стильдерді өшіру немесе көшіру әрекеттері Ұйымдастырушы (организатор) сұхбат терезесінде орындалады. Стильдің басқа түрін қолдану үшін Стильдер тізімінен қажетті стиль түрін таңдап алған соң, қолдану батырмасын шертеміз.
Стильді автоматты түрде де құруға болады. Ол үшін: СервисАвтоалмастыру (автозамена) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінің Енгізу кезінде автоформаттау (Автоформатирование при вводе) астарлы бетіндегі Стильді анықтау (определять стили) жолының жалаушасын көтеру керек және керсінше автоматты түрде стиль құрудан бас тарту үшін осы жалаушаны алып тастаймыз.
3. ҚҰЖАТТЫ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ФОРМАТТАУ.
Word редакторында құжатты автоформаттау, оны жылдам оқу
мүмкіндігін береді. Жұлдызшалармен (*) және астын сызу (-) арқылы белгіленген құжаттар бөліктеріне, Интернет желі,электрондық почта адрестері гиперсілтеме ретінде автоматты түрде форматталады. Жартылай қарайтылған немесе асты сызылған қаріп түрлері қолданылады, сәйкесінше екі дефис (- -) ұзын сызыққа (-) алмастырылады. Құжатты енгізу кезінде тақырып, маркерленген және нөмірленген тізім, шекаралар, сандар, символдар т.б автоматты түрде форматталады.
Автоформат командасының көмегімен белгіленген мәтін немесе форматталынбаған толық құжатты форматтауға болады. Әрбір өзгерісті жазып алу, қабылдау, болдырмау мүмкіндіктері бар.
Терезедегі екпінді құжатты автоматты түрде форматтау үшін:
1. Формат Автоформат командасын орындаймыз.
2. Құжаттың автоматты режимде форматтау үшін бірден барлық құжатты, ал әрбір өзгерісті көріп отырғымыз келсе, әрбір өзгерісті көру жолын белгілейміз.
Құжатты теруден бұрын автоматты түрде форматтау үшін:
1.ФорматАвтоформат командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінде Параметрлер батырмасын шерту немесе Сервис Автотолтыру командасын орындау;
Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.
-
Мәтіндерді форматтау
-
Абзацты форматтау
-
Құжатты автоматты түрде форматтау
-
Парақ беттерін қою
-
Стильдер құру
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
-
В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 257-268 беттер
-
«Информатикадан 30 сабақ» 185-196 беттер
Достарыңызбен бөлісу: |