Дəріс 13 Дəрілік заттарды енгізудің энтеральді жолы



Pdf көрінісі
Дата04.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497594
Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістер



Дəріс 13
Дəрілік заттарды енгізудің энтеральді жолы


Дəрілерді тік ішекке енгізудің мынандай артықшылықтары бар:
1. Тез сіңірілуі жəне мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы
2. Дəрі ферменттердің əсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, 
жəне, дəрі төменгі геморраидальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай 
бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі
3. Бұл тəсіл құсудың болуының, өңештің тарылуының, жұғынудың бұзылуының 
салдарынан ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға, дəріні қабылдаудан бас 
тартқан, қозу жағдайындағы (сандырақтап жатқан) психикалық сырқаттарға дəріні 
енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дəрілік 
клизмамен енгізу козумен нəтижелі күресуге мүмкіндік береді.
Тік ішекте ферменттердің болмауы бұл тəсілдің артықшылығы ғана болып қоймай, 
оның кемшілігі де болып табылады, өйткені белоктық, майлық, полисахаридтік 
құрамды дəрілер ферменттердің қатысуынсыз ішектің қабырғасы арқылы өте алмайды
жəне олар жергілікті əсер ету мақсатында қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет