Сезімталдык бұзылуының синдромдары. Көру, есту бұзылыстардың сипаттамасы



бет1/4
Дата15.02.2024
өлшемі0.72 Mb.
#491907
  1   2   3   4
Көру, есту бұзылыстардың сипаттамасы.


Сезімталдык бұзылуының синдромдары. Көру, есту бұзылыстардың
сипаттамасы
Жүйке жүйесi өз қызметiн орындау үшiн iшкi және сыртқы орта туралы үзiлiссiз
ақпарат алып тұруы тиiс. Бұл ақпарат үлкен рецепторлық аппаратпен, соның
iшiнде сезiм мүшелерiмен де қабылданады.
Сезiмталдық пен сезiм мүшелерiн бөліп қарау қалыптасқан. Сезiмталдық
түрлерiнiң жіктемесі рецепторлардың анықталған маңызына негiзделеді,
яғни құрылыстарының ерекшелiктерi мен барлық анализаторлық
жүйелердiң қызметiн анықтайды. Анализаторлық жүйе өзiне рецепторлық
бірлiктi, өткiзгiш жолдарын және соңғы (қыртысты) бөлiмдi қосады. Бас
миының қыртысында қоздырудың анализi және синтезi орындалады,
нәтижесiнде сезiм пайда болады.
СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
I. Жай түрлер
1.Беткей:
Жанасу сезімі
Ауырсыну
Температура (суықтық, жылылық)
2. Терең:
бұлшық ет – буын сезімі
діріл сезiмi
қысым сезiмi
салмақ сезiмi
терiлiк - кинестетикалық сезiм
II.Күрделi түрлер:
орналасу сезiмi
дискриминация сезiмi
екi өлшемдi - кеңiстiк сезiмi
стереогностикалық сезім
Жалпы сезiмталдықтың рецепторлары келесi түрлерге
бөлiнедi:
экстрарецепторлар
-тері мен шырышта орналасады
проприорецепторлар
- бұлшық еттерде, сiңiрлерде,
буындарда, жарты шеңберлi каналдарда және лабиринтте
орналасады;
висцерорецепторлар (интерорецепторлар)
ағзаларда, тамырларда орналасады.
Осыларға сай беткей (экстрорецептивтiк, контактiлiк),
терең
(проприоцептивтiк)
және
интероцептивтiк
сезiмталдықтарды анықтайды.
СЕГМЕНТАРЛЫ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ
ИННЕРВАЦИЯ АЙМАҚТАРЫ
Сезiмталдықтың терең жолдары (вибрациялық сезім, жартылай тактильді, бұлшық ет - буын)
Вибрациялық сезім, жартылай тактильді, бұлшық ет – буын сезімдерінің
проприорецепторлардан басталуы
I нейронның жұлын ми түйінінде орналасуы
II нейронның – сопақша мида орналасуы Голль және Бурдах ядролары (tractus
bulbo-thalamicus). Қолдың проприорецепторларынан қоздырғыш әкелетiн
талшықтар, артқы бағандардың сырт бөлiгiн алып, сына тәрiздi шоғыр (Бурдах
шоғыры, fasciculus cuneatus) түзейдi. Аяқтан келетiн талшықтар iшкi бөлiгiнде
орналасып, нәзiк шоғырын (Голль шоғыры, fasciculus gracilis) түзейдi.
II нейронның аксондары жаңа шоғыр түзейдi, ол сопақша мидың төменгi
зәйтүн (олива) маңында қарама қарсы жаққа өтедi, жоғарыға көтерiледi, ми
көпiрiнде оған ауырсыну және температуралық сезiмталдық талшықтары
қосылады.
Бұл шоғырдың екi аты бар: оның бiрi басталатын және аяқталатын орны
бойынша– fasciculus bulbothalamicus, басқасы – ескi, анатомиялық сипаттамасы
бойынща - медиальды iлмек (lemniscus medialis).
III нейронның көру төмпегiнiң артқы вентро-латеральды ядросында аяқталауы
(tractus thalamo-corticalis)
Жол артқы орталық қатпарда аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет