ДӘріс №2 ms dos туралы негізгі мәлімет



Дата09.03.2016
өлшемі72 Kb.
#47349
ДӘРІС №2

MS - DOS ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТ


  1. DOS туралы негізгі мәлімет.

  2. Операциялық жүйелерінің негізгі компоненттері

  3. MS-DOS негізгі құрама бөліктері

  4. MS-DOS қадамдап қосу.


1. DOS туралы негізгі мәлімет.

Өзіміздің РС қолданылатын DOS – супервизорлар, басқарушы программалар немесе ЖО ретінді бізге танымал компьютелік программалар классының ішіндегі тек бір мысалы бола алады. DOS сияқты ОЖ-лер машиналарға құрылған барлық программалар ішіндегі ең күрделі және қиын компьютерлік программалар болып табылады.

Компьютерлер тек есепті шығаруға емес сонымен бірге өзінің жұмысын қамтамасыз ететін операцияларды өзі бақылап отырады. Компьютер – бұл адамзаттың осы уақытта құрған ең күрделі құралы болып табылады. Бұл машиналардың күрделілігі оларды тікелей қолдану қиындығы. Компьютерді басқару үшін біз ОЖ-ді қолданамыз. Біз өзіміздің компьютерімізге өте күрделі тапсырманы өзі орындап шықсын деп тапсырма береміз.

Кез-келген компьютердің физикалық бөлімі белгілі бір басқаруды, ал кейбіреулері өте күрделі басқаруды талап етеді. Мысалы: уақытты қадағалау үшін қолданылатын компьютер сағаты 18 с/рет үзілістің өңделуін талап етеді. Пернетақтаның әрбір пернесін басып, жіберу кезінде де үзілістер өңделеді. Мысалы: «клавиатура» сөзін жазу үшін компьютер 20 рет үзіліс жасайды.

Компьютердің ішінде болып жатқан барлық операциялар ОЖ орындалады.

DOS ОЖ-сі үш негізгі операцияны орындайды: құрылғыларды басқарады, программаларды басқарады және командаларды орындайды.

DOS-тың құрылғыларды басқару қызметі – принтерді, дисктерді, дисплейді, пернетақтаны және т.б – компьютердің осы компоненттерінің дұрыс қызмет атқаруы үшін барлығын іске қосады. Тар мағынада бұл қызметі құрылғыларға команда береді және олардың берген кез-келген қате хабарламасын жөндейді. Ал, кең мағынады кез-келген ОЖ ROM-BIOS-ты негізгі кілттік компоненттердің бірі ретінде қолданады. Жоғарғы деңгейде ОЖ компьютер құрылғысын басқару қызметін атқарады.

DOS екінші кең көлемде атқартын қызметі – бұл программаларды басқару. Ол дискіден программаны жүктейді және оның орындалуын қосады, сонымен бірге бұл программаларға арнайы функциялар бөліп береді.

DOS үшінші негізгі қызметі – бұл командаларды орындау, яғни DOS-тың бізбен, компьютер қолданушыларымен тікелей қарым-қатынасқа түсуі. Әр кез біз мәтін терген кезде енгізуді шақыру үшін DOS процессорының командаларымен жұмыс істейміз. Біздің ОЖ-ге беретін командамыз негізінен программалардың орындалуына нұсқау беру болып табылады. Кейбір күрделі ОЖ-де біздің командамыз сонымен бірге ОЖ-нің жұмысын басқарады. ОЖ орындалатын команданың қандай түрі болмасын оның негізгі қызметі – қолданушы командасын қабылдау және орындау.
2. Операциялық жүйелерінің негізгі компоненттері

MS-DOS дистрибутивті дискінде io.sys, msdos.sys файлдары, command.com командалық процессоры, ОЖ сыртқы командалар файлы (олар format.com, fdisk.exe және т.б), драйверлер және басқада файлдар орналасқан.

io.sys, msdos.sys және command.com файлдары MS-DOS-тың негізгі компоненті болып табылады.

IO.SYS

io.sys файлы BIOS-ты (Basic Input/Output System) кіргізу/шығару базалық жүйесінен тұрады және ОЖ мен BIOS арасында интерфейс болып табылады. Бұл файл ОЖ-де компьютер аппараттарымен және BIOS қарым-қатынас жасау үшін қолданылады.



MSDOS.SYS

msdos.sys файлы үзілістерді, яғни INT 21h үзілісін өңдеуге арналған. Бұл ОЖ ядросы болып табылады. MS-DOS программлары INT 21h үзілісіне тек ОЖ-ден қызмет алу үшін хабарласады. Мысалы: жады блогын сұраныс беру үшін, файл ашу үшін немесе оның құрамын оқу үшін және т.б.



COMMAND.COM

command.com файлын – командалық процессор деп атайды. Командалық процессор компьютер қолданушысымен сұқбатты ұйымдастыруға арналған. Ол енгізілген командаларды талдайды және олардың орындалуын ұйымдастырады.



CONFIG.SYS

config.sys файлы MS-DOS конфигурациясын анықтау үшін, сонымен бірге драйвер мен резидентті программаларды іске қосуға арналған текстік файл болып табылады. Ол MS-DOS-ты орнатқан кезде автоматты қосылады және қате болса қролданушы оны өзгертеді. Файлды өзгерту үшін MS-DOS құрамына кіретін edit текстік редакторын қолдануға болады.



AUTOEXEC.BAT

MS-DOS жиі қолданылатын командаларды автоматты орындауға арнлған файлдық пакет деп аталатын пакет құруға болды.


3. MS-DOS негізгі құрама бөліктері

Дисктік операциялық жүйе (Disk Operating System - DOS) – бір қолданушылық операциялық жүйе, оның интерфейсі командалық жол болып табылады. Қолданылатын модулдер мына кеңейтулерді қабылдайды: -exe, -com, -bat.

MS-DOS келесі компоненттерден тұрады:


  • алғашқы іске қосу блогы (жүйелік дикеттің 1-секторында, 0-жолы мен 0-бетінде орналасады);

  • BIOS қарым-қатынасқа түсетін модуль (5.0 және одан жоғары версия үшін IO.SYS);

  • Үзілістерді өңдеу модулі (5.0 және одан жоғары версия үшін MSDOS.SYS);

  • Командалық процессор (COMMAND.COM);

  • MS-DOS сыртқы командалары (программалары);

  • Құрылғылар драйвері;

  • CONFIG.SYS файлы;

  • AUTOEXEC.BAT файлы.

Алғашқы іске қосу блогы + IO.SYS + MSDOS.SYS MS-DOS ядросын құрайды

Алғашқы іске қосу блогы. Орналасады:

Жүйелік дискеттің 1-ші секторы, 0-жолы, 0-бетінде

HDD-дискінің 1-секторында, DOS жанынан бөлінген бөлімде

Жүйелік дисктің түпкі каталогын қарап шығады. Каталогтағы бірінші екі файл - IO.SYS және MSDOS.SYS файлы ма екенін бақылайды. Егер ИЯ – болса оларды ОЕС қосады және MS-DOS-қа басқаруды береді. Егер ЖОҚ - болса экранға хабарлама шығады және қолданушыдан кез-келген пернені басуды сұрайды:




 Non-System disk or disk error

Replace and press any key when ready



Жүйелік диск емес немесе диск қатесі

Ауыстырыңыз және кез-келген пернені дайын болған кезде басыңыз


 Сол себепті жүйелік дискіні «дайындау» кезінде - IO.SYS және MSDOS.SYS файлдарын арнайы SYS.com немесе дискіні форматтаған кезде FORMAT.com программалары арқылы жүйелік дискетке ауыстыру керек.

 IO.SYS. бұл резиденті модуль (РС қосылып тұрғанда үнемі ОЕС болады). Түпкі катологта орналасқан (hidden, read only) BIOS бірге қызмет атқарады. BIOS мүмкіндіктерін кеңейтеді және оның құрамын өзгертеді. ОЖ алғашқы іске қосқан кезде қажет. Мына тізбекті іске қосады және жібереді MSDOS.SYS, CONFIG.SYS және содан кейін COMMAND.COM.

MSDOS.SYS.бұл резидентті модуль. Ол қолданбалы бағдарламалар үшін жоғарғы интерфейсті қамтамасыз етеді, файлдарды басқару үшін програмалық құралдардан тұрады, енгізу-шығару құралдары, ерекше (қате) жағдайларды өңдеуге және т.б тұрады. Қолданбалы программа модульдің функциясын үзіліс CPU регистрі арқылы MS-DOS-қа ақпарат жіберіп механизм арқылы шақырады. MSDOS.SYS қолданбалы программлардың бір немесе бірнеше (IO.SYS+BIOS) сұранымдарын таратады (аударады).

 Командалық процессор (COMMAND.com). MS-DOS-тың бөлек модулі. Бұл модулді бұданда ыңғайлы модулге ауыстыруға болады.

Қызметі:


  • пернетақтадан немесе *.bat - файлынан команданы қабылдап оны орындау,

  • MS-DOS жүктегенде AUTOEXEC.BAT файлының командасын орындайды

  • MS-DOS ортасында қолданбалы программалардың орындалуын іске қосады және ОЕС-ға қосады

Командалық процессор 3 бөлімнен тұрады:

    • Резидентті (MSDOS.SYS кейін ОЕС-а орналасады, кейбір үзіліс процедура қызметтерін іске қосады, MS-DOS стандартты қателерін өңдеу процедураларын, командалық процессордың транзитті бөлімін іске қосу процедурасын қосады);

    • Инициализацияланатын (резидентті бөлімнен кейін орындалады OS іске қосылғанда оған басқару беріледі; ол AUTOEXEC.BAT файлын «орындайды» және кейбір жағдайларды орындайды; командалық процессордың бұл бөлімі программа жүктелгенде ОЕС жойылады);

Транзитті (ОЕС ескі адресінде жүктеледі; ішкі барлық командаларды, пернетақтадан енгізілген команданы және *.bat-файлынан енгізілген команданы өңдейді; MS-DOS жүйелік анықтамасын береді; ОЕС құрылғысына программаларды жүктейді және оларға басқаруды береді).

 Сыртқы командалар (бағдарламалар). MS-DOS кіретін белгілі – бір функцияны атқаратын қосымша бағдарлама

 Құрылғылар драйвері. Сыртқы құрылғыларды басқаратын арнайы программалар. Драйверлер ОЕС құрылғысында CONFIG.SYS файлында берілген тәртіп бойынша іске қосылады.

 CONFIG.SYS. Арнайы текстік файл, онда іске қосылып жатқан қосымша драйверлер туралы және басқада MS-DOS қолданылатын қолданбалы бағдарламалар туралы мәліметтер болады. MS-DOS бұл файлды COMMAND.com. іске қосқаннан кейін автоматты түрде іске қосады.

 AUTOEXEC.BAT. Арнайы текстік файл, онда қосымша құру ақпараттары болады. MS-DOS бұл файлды CONFIG.SYS файлынан кейін автоматты түрде қосады.

4. MS-DOS қадамдап қосу.

Файлдық конфигурациялардың CONFIG.SYS және AUTOEXEC.BAT қадаммен орындалуы үшін «Starting MS-DOS» хабарламасы пайда болғанда F8 пернесін басу керек. MS-DOS қадамдық қосылу бөлімінде командалар экранға шығады және сіз әрбір командадан кейін Y пернесін басып отырасыз, ол команданың орындалуын білдіреді немесе N пернесі осы команданы өткізіп жіберу үшін қолданылады. Сонымен бірге ESC пернесін басу арқылы келесі командаларды сұраусыз өткізіп жіберуге болады немесе F5 пернесін кейінгі командалардың орындалуына шектеу қою үшін. «Starting MS-DOS» хабарламасы пайда болған кезде F5 пернесін жылдам басатын болсақ CONFIG.SYS және AUTOEXEC.BAT конфигурациясы орындалмай өткізіліп жіберіледі



DOS шақыру. DOS қолданушымен сұқбатқа дайын болғанда ол экранға шақыру шығарады, мысалы A> немесе C:\>. Бұл DOS команданы қабылдауға дайын деген сөз.

DOS шақыруының сыртқы түрін өзгерту үшін PROMPT командасы қолданылады. Команда форматы: PROMPT [текст]. Текст аумағында келесі символдар қолдануға болады::

$p – ағымдағы дисковод және каталог;

$n – ағымдағы дисковод;

$d – ағымдағы күн;

$t – ағымдағы уақыт;

$v –DOS версиясы;

$_ - жаңа жолға ауысу;

$s – бос орын (пробел);

$h – алдыңғы символды жою;

$g – «>» белгісі;

$l – «<» белгісі;

$b – «|» белгісі;

$$ - «$» белгісі.


MS-DOS файлдық жүйесі

DOS негізгі функцияларының бірі – дисктерде ақпараттарды сақтауға арналған файлдық жүйені ұйымдастыру



Файлдық жүйе – бағдарламаларды және мәліметтерді, мәтіндік, графикалық және кез-келген ақпараттарды сақтаушы

Файл деп диск жадын белгілі бір атпен алып жатқан құжатты атаймыз. Файлдың аты (1-ден 8 символға дейін) сақталатын ақпаратты сипаттайтын кеңейтілу (.FOR, .BAS, .HLP, .SYS, .DAT және т.б), сонымен бірге файлдың құрылған күні мен уақытын көрсетіліп тұрады. Бұлардың барлығын файл атрибуттары деп атаймыз және олар каталогта көрініп тұрады.

Каталог – белгілі бір белгілері бойынша жинақталған файлдар жиынтығы. Каталогтар файлдық жүйені реттеп тұруға қолданылады. Каталогтың өз аты болады және оның ішінде бірнеше ішкі каталогтар болуы мүмкін. әрбір дискте түпкі каталог болады.

ЭЕМ жұмысын және файлдық жүйені басқару үшін MSDOS командалары қолданылады. MSDOSжүйесінде белгілі бір әрекетті орындау үшін команданы теріп «ENTER» ("Ввод") пернесін басу керек.




Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар

  • DOS туралы негізгі мәлімет

  • Операциялық жүйелерінің негізгі компоненттері қандай?

  • MS-DOS негізгі құрама бөліктерін атап беріңіз?

  • MS-DOS қосу әдістері қандай

  • MS-DOS файлдық жүйесіне сипаттама беріңіз?

  • Каталог және файл дегеніміз не?

  • DOS шақыруының сыртқы түрін өзгерту командасы қандай?

  • MS-DOS қолданылатын қандай командаларды білесіздер?





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет