Дәріс № 3
Паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылардың типтері.
Кокцидиялар мен безгек плазмодиясының көбеюіндегі ерекшеліктер
Дәріс мақсаты мен міндеттері: Студенттерге споралылардың тіршілік әрекеті мен биологиясын түсіндіру. Споралылардың ағзаға тигізетін әсерін, олардан сақтану жолдарымен таныстыру
Дәріс мазмұны:
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктін әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында – микрогаметаларында -талшығы болады.
Cпоралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоидтар деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы – гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаның ішінде, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар-бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралылардың ішінде орналасады. Споралылар типі 2 класқа бөлінеді: Грегариналар- Gregarinina және кокцидиятәрізділер –Соссіdiomorpha.
Кокцидиялар - қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, насекомдардың ішек эпителий клеткаларында паразитті тіршілік етеді. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың денесінің алдында екі айырша органоидтар орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрильді – коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2 ден 14-ке дейін – роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің клеткаларының ішіні кіреді. Роптрия шыққан сұйық зат иесінің эпителий клетка мембранасын ерітеді де, коноид зоит бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді. Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды.Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып ішінен 8 спорозоит шығады. Коноид және роптриялар арқылы спорозоид клеткаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі. Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға айналады, микрогамонттардың ядросы көпке бөлініп цитоплазмамен қапталынып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Копуляция нәтижесінде пайда болған зигота сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішіндегі спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозоиттар түзіледі.Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінің жарылып, ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында даму циклын бастайды.
Қан споралылар отряды – Haemosporidia.
Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш насекомдардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.
. Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын қоздырушы. Безгекпен ауырғанда безгек ұстауынан басқа анемия байқалады және плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін бөледі. Ауру адамның безгегі әр 72, 48, 24 сағат сайын қайталанып отырады .Безгек ауруын адамнан адамға анофолес туысына жататын безгек масаларының түрлері ғана таратады. Безгек ауруына қарсы шаралардың бірі-масалардың сан мөлшерін азайтуға қолайлы тәсілдерін қолдану, ауырған адамды дәрілермен емдеу.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба кестелер, бейнефильмдер (қарапайымдылар), слайдтар, фотосуреттер
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, түсіндіру, проблемалық лекция
Деңгейлік тапсырмалар:
1- деңгей сұрақтары
1.Кокцидияның, безгек плазмодиясының тіршілік циклі.
2. Қарапайымдылар – судың ластануын көрсететін – биоиндикаторлар.
2- деңгей сұрақтары
1. Қарапайымдылардың экологиясы жəне олардың табиғаттағы маңызы.
2.Қарапайымдылар әлемі бір клеткалы жәндіктер
3- деңгей сұрақтары
1. Қарапайымдылардың көбеюі және таралуы
2. Қарапайымдылардың систематикасы
ОБСӨЖ тапсырмалары: Кокцидияның, қан споралылардың (безгек плазмодиясы) даму циклі, иесіне жұғу жолдары. Грегаринаның даму жолдары
СӨЖ тапсырмалары: Қарапайымдылар көптүрлілігі. Паразитті формалар, олардың жұғу жолдары, туғызатын аурулары жəне күрес шаралары. Қарапайымдылардың табиғаттағы, ғылымдағы, халық шаруашылығындағы маңызы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
К. Ә. Дәуітбаева Омыртқасыздар зоологиясы А. : [б. и.], 2005
Х. Қ. Торыбаев Ауылшаруашылық зиянкес насекомдар атаулары Алматы 2010
В.А. Догель Зоология беспозвоночных Москва : Высшая школа, 1975
И.Х.Шарова Зоология беспозвоночных М:Владос 2004
И.Д.Митяев,Р.В.Ященко, В.Л.Казенас Ғажайып омыртқасыздар Алматы кітап 2006
Түсіпова, К. С. Омыртқасыздар зоологиясы Алматы : [б. и.], 1999.
Х. Ќ. Торыбаев Энтомофаг насекомдар- А. : Полиграфия сервис и К, 2009. - 220
Достарыңызбен бөлісу: |