Дәріс 7 Қорғалатын грунттағы агротехниканың ерекшеліктері
Гүлдерге деген қызығушылықты тек қана олардың хош иісі мен әсемділігі ғана тартпайды. Ертеден-ақ көптеген гүлдердің (календула, ақтүйнек, лалагүл және т.б.) емдік қасиеттері белгілі болған.
Мыңдаған жылдар бойына адамдар табиғат силаған гүлдерді пайдаланды. Заманауи селекционерлер мен генетиктер декорациялық гүлдердің көптеген сұрыптарын шығарды. Көптеген жылыжай гүлдерін салқын жұқа қабықшамен жабылған жылыжайларда қсіруге болмайды. Оның үстіне бұл декоротивті гүлдердің көпшілігін (пуансеттия, цикламен, колеус, кальцеолярия, фукция және т.б.) үйде арнайы ыдыстарда өсіруге болады. Бұл экзотикалық өсімдіктермен балкондыда безендіруге болады. Көптеген адамдар үшін, әсіресе егде жастағы адамдармен мүгедектер үшін бұл сыртқа шықпай-ақ балконда әдемі гулдермен таысуға және оларға қарап отырып рахаттануға мүмкіндік береді.
Арайоттар (сухоцветы) - (акролинум, гелихризум, лемониум, качим және т.б.) Еуропа елдерінде аса кең көлемде және түрлі ассортиментте өсіріледі. Олар композиция жасау үшін кеңінен қолданылады, әсіресе тірі гүлдермен жиі қолданады. Лилово-сиренді лемониумнен және ақ качимнен жасалған гүл шоғы қыс бойына үйге көрік береді.
Көптеген бағбаншылар өз бақшаларында альпы тауын тұрғызады. Мұндай декорацияға қызығушы адамдар интернет беттерінен альпы тауын тұрғызу үшін қажетті түрлі гүлдер, арайоттар және күй талғамайтын гүлдерді таңдау туралы толық ақпараттар таба алады.
Алайда көбінесе қызығушылықты жылымайтын жылыжайларда өсірілетін өсімдіктер тудырады.
Ерте көктем кезінде жаңа піскен көкөністер тапшы кезде, жұқа қабыршақпен жабылған жақсы жылытылмайтын жылыжайда аскөк, кресс, шпинат, су крессін және т.б. аскөк түрлерін өсіруге болады. Бұл өсімдіктер дәрумендерге, минералды тұздарға, эфир майына және т.б. адам ағзасына пайдалы заттарға аса бай. Сонымен қатар олар тағамның дәмдік қасиетін арттырады және олардың көбісі емдік қасиетке ие. Бұл өсімдіктердің жабық аймақта өсірілу арқылы ерте көктем кезіндегі «аштық» орын толтыруға, әсіресе адам ағзасы дәрумендермен емдік заттарға қажет еткен кезде қажет.
«Жылыжай шаруашылығын ендіру» атты интернет беттері – көкөністі және декоративтік өсімдіктерді шыны арқасында өсіру үшін құнды практикалық бастама болып табылады. Ол интернет беттерінен бағбан жылыжай шаруашылығында тәжірибе жүзінде қолдануға болатын мәліметтер таба алады.
Ашық аспан астында өсірілетін өсімдіктерді көпшілігі суыққа төзімді, ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді өсімдіктер тобына жатады. Жылыжайларда, көшетханаларда және жабық аймақтарда негізінен температураның аз ғана төмендеуіне сезімтал өсімдіктер өсіріледі. Мұндай өсімдіктер жағдайы мен өсіп-жетілуі жылыжайдың шынымен немесе синтетикалық қабықшамен қоршалуына және жылумен жабдықталуына байланысты болады. Мұндай қоршауларсыз олардың өліп қалуы даусыз.
Ашық аспан астымен жылыжайларда өсірілетін өсімдіктерді күтіп-баптау микроклиматты бақылауымен ерекшеленеді. Жылыжайдағы өсімдіктер өсіп жетілуі оларды күтіп-баптаумен бағбаншының шеберлігіне байланысты.
Климат факторларын бақылау ережелері.
Жылыджайдағы микроклиматты реттеу ондағы өсімдіктердің талабына сай температураны сақтап тұру болап табылады. Әр бәр өсімдіктің оптимальды түрде қсіп-жетілуі үшін қажетті нақты оптимальды температура болады. Бағбаншы минимальды температураны емес дал осы температураны өсімдік дурыс өсіп жетуі үшін ұстап тұруы шарт. Оптимальды температураға қосымша жасанды жылу беру арқылы, жылумен желдету арқылы, жылудың жоғалуымен күресу арқылы және т.б. температура күрт өзгерген жағдайда қолданылатын шаралар арқылы қалыптастыруға болады. Өсімдіктер үшін ең бастысы дұрыс жарықталу дәрежесі, ылғалдылығы және жеткілікті дәрежеде ауамен қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Климат зоналары
Жылыжайлардағы қажетті микроклимат өсіріліп отырған өсімдік талаптарын ескере отырып қалыптастырылады. Жылу сүйгіш өсімдіктер, әсіресе Жеротра теңізі аймақтарында өсірілетін пиязшық арқылы көбейетін өсімдіктер ыстық құрғақ жазды және жылы жанбырлы қысты қажет етеді. Шыны жылыжайлар өсімдікті жаңбырдан қорғайды, алайды олар күн сәулесі мен жылуын өткізеді. Күзгі-қысқы шақта өсімдіктірдің өсуі жылдамдығы жылы берілу мен суғарылудың реттелуіне байланысты. Тропикалық ормандарда өсетін өсімдіктер үшін жыл бойына температураның жоғары болуы, аздап көлеңкелеу болуы және ауаның ылғалдылығының жоғары болуы шарт. Сондықтанда жылыжайларда тұрақты жылыту жүйесі қамтамасыз етілген, ал жаздың ыстық күндерінде аздап көлеңкелеумен жылыжайды ылғалдандыру қарастырылған. Оңтүстік Африкалық көптеген өсімдіктер суықтан сақтауды, ыстықты және жеткілікті ауа алмасуды қажет етеді. Жылыжайларда бұл тұрақты түрде вентиляторлы ауажылытқыш арқылы желдету арқылы және минимальды ылғалдандыру арқылы жүзеге асырылады.
Бұл сипаттамалар өсімсдіктердің жекеленген түрлері мен топтарына тән. Әдетте бір жылыжайда әртүрлі климаттық зонада өсетін өсімдіктерді егеді және олардың әрқайсысына оптимальды жағдай тудыру мүмкін емес. Олай болса бір ғана жағдайда қалайша әртүрлі өсімдіктер қсуі мүмкін.
Жоғары да атап кеткендей, кез-келген өсімдіктер тобын өсіру үшін оптимальды температураның болуы шарт. Жабық аймақтағы температуралық режим суық, қалыпты, орташа және жылы болып бөлінеді. Жылытылмайтын жылыжайларды әдетте жылытпайды, алайда ол жерлерде агротехникалық минимум температураны ұстап тұрады. Қалыпты жылыжайларағы қысқы түнгі температура 45°-тан төмен болмауы шарт, орташа жағдайда 10° төмен емес, ал жылы жылыжайлар үшін ең төмен температура 16° С-тан төмен. Тек қана кейбір өсімдіктер ғана аса жоғары температураны қажет етеді. Минимальды температура ретіне өсімдіктерге кері әсерін тигізбейтін температура есептелінеді. Ол әр түрлі өсімдіктер үшін әркелкі болсада, ол қолайлы бағыттау болып табылады. Кітапта әртүрлі өсімдіктер үшін өсіп-жетілудің қолайлы температурасы келтірілген.
Жоғары температураны «жылыжай ішіндегі жылыжай» деп аталатын арнайы қондырғыда ұстап тұрады.
Температура өсімдіктердің өсіп жетілуіне қажет маңызды факторлардың бірі, бірақ ол жалғыз фактор емес. Егер жылыжайлардағы өсімдіктерге су дұрыс құйылмасада өсімдіктер зардап шегуі мүмкін, ал зиянкестерге қолайлы жағдай тудырылса пайда болады. Жылыайдағы микроклиматты бақылау толығымен бағбаншы мойнында және оның шеберлігімен біліміне байланысты болады.
Көшетханалар және паналар
Көшетханалар – жылыжайдың кішірейтілген түрі болып табылады. Көшетханаларда өсірілетін өсімдіктергеде оптимальды жарықтану, жылу және желдету болуы керек. көшетханалар негізіген ашық аспан астында өсірілетін көкөністер мен гүлдер үшін қолданылады. Сонымен қатар онда суыққа төзімді ерте көктемде өсетін өсімдіктер мысалы аскөк, сондай –ақ тамыр жемістілер, сәбіз, шалқам және шомыр сияқты көкөністер өсіру үшін қолданылады.
Шыны немесе синтетикалық жұқа қабықшалар арқылы жабылған паналарда өсірілетін көкөністермен бүлдіргендерді ашық аспан астында өсірілетіндеріне қарағанда ертерек жинап алады. Өсіп-жетілудің бұлайша тез болуы күн сәулесімен қамтамасыз етілуімен, суық пен қатты желден сақталуынан болады.
Хризантемалар – гүлшоғыры үлкен және мөлшері үлкен гүлдер.
Хризантемалардың жыл бойы өсуін тездету арқылы қамтамасыз етуге болады. Бұл сапшадан гүлге дейін 4-4,5 айды қамтыйды. Бұл әдісті қолдана отырып жылдын кез-келген мезгілінде өнім алуға болады. Алайда ол үшін өсімдіктерді өсірудің барлық шарттарын ұстап тұру керек. Өсу барысында жарық күн 14 сағаттан болу керек. өсірудін оптимальды температурасы 16…18°С. Бүрлену кезінде температура 10°С-қа дейін төмендейді, ал жарық беру уақыты 10-11 сағатқа дейін төмендейді. Көшетханадағы ауаның ылғалдылығы 70…80% болуы керек. қазіргі таңда қалыпты жапырақ шығару температурас 16…18°С болуы керек. вегетациялық периодта ылғалдылық 60…65% болуы керек, ал бүрлену кезінде суғаруды доғару керек.
Жазғы уақыттарда хризантема өсірілетін жылыжайларда суыту мен көлеңкелеу, ал қысқы уақытта жасанды жылытумен жарықтандыру қолданылады. Хризантема егіліп болған соң 10-12 күннен соң оларды құнарландыру процессі жүру керек. ары қарай әр 4-10 күн сайын құнарландыру жүріп тұруы керек.
Хризантема өсірілетін топырақ қарашірік пен шымтезектен тұрады (1: 1).
Көшетханада СО2 деңгейін ұстап тұру маңызды, ол үшін көмірқышқыл газымен құнарландырылады немесе көшетхананы желдетеді.
Гүл шоғыры үлкен хризантемалар күзгі композицияға жақсы болып табылады. Гүлдерінің алуан түстілігі, жапырағынын әдемілігі, вазада ұзақ уақыт бойына сақталып тұруы хризентаманың белгілі болуының және кең қолданылуының кепілі болып табылады. Жаз кезінде хризентатеманы суғару мен құнарландыру оның күзгі гүлінің жақсы болуы үшін қажет.
Хризантема жас кезінде оның тамырлары берік болмайынша жиі суғарып тұру керек. хризантеманы суғару барысында оның жапырақтарына су құйылып кетуден сақтаған шарт. Қызыл хризанттеманың өсіп жетілуі үшін қажетті қоректік зат азот болып табылады. Ол гүлдің түсінің қанықтығына, биіктігіне, жапырақтарының беріктігіне әсер етеді. Топырақ құрамында азот мөлшері шектен тыс болған кезде хризантеманың биіктігі, гүлімен жапырақтарының мөлшері артып кетеді. Азаотпен құнарлаған хризантеманың жапырағы мен гүлінің түсі белсенді болады. Алайда азоттың оң әсері оны тек қана оны оптимальды мөлшерін қолданған кезде ғана болады. Азот жеткіліксіз болған кезде хризантеманың сабағыың түсі әлсіз, күңгірт жасыл жапырақ пен майда пішіні дұрыс емес болады, олар өте кешігіп гүлдейді. Хризантемаға азот жетпеген жағдайда оны екінші рет пайдаланады (яғни, өсімдіктің жоғары жағындағы бөлігі төменгі жағындағы бөлігінен алады). Азоттың артық болуыда оларға кері әсер етеді: хризантема әлсіз болып өседі, олардың жапырағы тұйық-жасыл, қатты болады.
Хризантеманы ең жақсысы табиғи органикалық тыңайтқыштармен байытқан дұрыс: тауық нәжісі, ашыған шөп, сиыр садырасы, биогумас және т.б. азоттың хризантемаға әсері фосфор мөлшерінің жеткілікті болған жағдайында болады әсіресе оның гүлдеуі кезінде аса маңыызды. Фосфор хризантеманың гүлдеуін тездетеді және оның түрлі ауруларға төзімді болуын қамтамасыз етеді. Фосфор жеткіліксіз болған жағдайда хризантеманың өсуі тежеледі: кеш гүлдейді, гүлдену аз болады, жапырақтары майда болады, ашық жасыл түске ие болады, беріктігін төмендетеді. Фосфор қатты жетпеген кезде хризантеманың төмегі жапырақтары құрап қалады.
Гүлшоғыры ірі хризантемаларды күтіп-баптау. Хризантемаға ұдайы күтіп-баптау керек, қураған жапырақтарын алыптастап, зиянкестерін жойып тұру керек. негізінен хританземаны қаракүйе былғайды. Кейде үнді хризантемаларын шымшыктар шокып ластайды. Ірі шоқ гүлді хризантемалар қаламшалары сәуірдің екінші жарысы мен мамыр айында қадаса будандастырмайды. Ал қаламшалар ерте (ерте көктемде, ақпан-наурызда) егілетін болса онда оларды алдынға жылға қаламшаға будандастырады.
Хризантеманың «Газель» және «В. Терешенкова» сұрыптары үшін будандастыру екі реттен көп болмайды. Бірінші рет өсімдік 15 см биіктікте өскенде будандастырса, екінші рет 25 см биіктікте болғада будандастырады. Хризантеманың кесілген өркендері ары қарай көбеюге қолданылады. Жетіліп келе жатқан арнайы бір өркен мен жоғары декоротивті болуы үшін бір гүлшоғыр қалдырады. Кейде 2-3 кескен өркен қалдырады. Ірі хризантема алу үшін оның сабағының айналасында өркендерімен бутақтарын ұдайы кесіп тұрған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |