Дәріс 4. Ашық жүйелер процессорлар.
Ашық жүйе (Открытая система; open system) — 1) қоршаған ортамен (адаммен, ақпарат көздерімен, басқа жүйелермен) өзара орекетгесетін жүйе; 2) өзі қызмет жасайтын ортаның құралдарының есебінен кеңею қабілетіне ие болатын жүйе; 3) құрамды бөліктері тұлғалық немесе өндірістік стандарттарды қанағаттандыратын компьютерлік немесе желілік жүйе.
Ашық жүйелерді құрастырудың негізгі принңиптері:
әр түрлі платформалардың арасында ақпарат пен программалық жасақтамаларды оңай тасуға мүмкіндік беретін тасымалданушылық (portability);
әр түрлі өндірушілердің құрылғыларының бірге жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әрекеттестік (interoperbility);
аса қуатты ақпараттық платформаға өту кезінде ақпарат мен программалық жасақтамаларға инвесищияларды сақтауға кепілдеме беретін кең ауқымдылық (scalability).
Ашық жүйелерді құрастырудың негізгі принциптері:
әр түрлі платформалардың арасында ақпарат пен программалық жасақтамаларды оңай тасуға мүмкіндік беретін тасымалданушылық (portability);
әр түрлі өндірушілердің құрылғыларының бірге жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әрекеттестік (interoperbility);
аса қуатты ақпараттық платформаға өту кезінде ақпарат мен программалық жасақтамаларға инвесищияларды сақтауға кепілдеме беретін кең ауқымдылық (scalability).
Ашық жүйелер әрекеттестігі (Взаимодействие открытых систем; open system inter connection (OSI) — халықаралық стандарт жөніндегі ұйым (ISO) ұсынған желілік және желі аралық әрекеттестік стандартының жобасы. Мұнда желі архитектурасының жеті деңгейі анықталады: физикалық, арналық, желілік, транспорттық, сеанстық, бейнелеушілік, қолданбалы.
Ашық жүйелер әрекеттестігі моделі
Ашық жүйелер әрекеттестігі моделі (Модель взаймодействия открытых систем; open system interconnec¬tion, OSK model) — есептеу торабы жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі. Ашық жүйелер әрекетгестігі моделі байланыстың бірнеше деңгейге біріктірілген хаттамалар мен ережелер тобы болып саналады, әрбір деңгейі мәліметтер жеткізу кезінде белгілі бір қызметтер атқарады. Әрқайсысы өзінен төмен орналасқан деңгейге сүйенеді. Жеті деңгейдің алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, төртінші (көліктік) деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтайды. Ашық жүйелер әрекетгестігі моделінен баска көп тараған модель — TCP/IP моделі.
Ашық жүйелерді жалғастырудың эталондық моделі
Ашық жүйелерді жалғастырудың эталондық моделі (Эталонная модель соединения открытых систем; referance model of open system) — үлестірілген есептеу жүйелерін (компью¬тер желілерін) логикалықжәне қызметтік құрудың абстрактілік принциптерін сипаттайтын модель; стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым әзірлеген.
Жүйенің жеті деңгейі бар:
қолданбалы
өкілетті
сеанстық
көліктік
желілік
арналық
физикалық
Жалпы алғанда ашық жүйе деп кез-келген жүйені нұсқауға болады (компьютер, есептегіш желі, ОС, бағдарламалы пакет, басқа да аппараттық және бағдарламалық өнімдер), ол ашық спецификацияларға сәйкес тұрғызылған.
Естеріңізге сала кетейік, “спецификация” терминінің астарында (есептегіш техникада) аппараттық немесе бағдарламалық компоненттердің пішіндік суреттемесі , оларды функциялау тәсілдері, басқа да компаненттермен өзара әрекеттесуі, пайдалану шарттары, шектеулер мен ерекше сипаттамалар ұғымдары тоғысқан. Бүкіл спецификацияның стандартқа сай еместігі мәлім. Өз кезегінде ашық спецификация стандартқа сәйкес басылған, жалпыға ортақ және қызығушылық танытқан бүкіл тараптардың жан-жақты талқылап, келісімнің нәтижесінде қабылданған спецификацияларды қамтиды.
Шынайы жүйелер үшін толық құпиясыздық қол жетпес мінсіздік болып табылады. Ережеге сәйкес, ашық деп аталатын жүйелердің өзінде аталмыш анықтамаға сыртқы интерфейске қолдау көрсететін тек кейбір бөліктері ғана сәйкес келеді. Мәселен, Unix операциялық жүйелер жиынтығының ашықтығы қосымшаларды Unix белгілі бір нұсқасындағы ортадан екінші бір нұсқадағы ортаға өте қарапайым жолмен көшіруге мүмкіндік беретін, ядро мен қосымшалар арасындағы стандартталған бағдарламалық интерфейстің болуымен түсіндіріледі. Ішінара ашықтықтың тағы бір мысалы барынша жабық Novell Net Ware жүйесінде адаптерлер жүйесіне дербес өндірушілердің желілік адаптерлерін қосу үшін Open Driver Interface (ODI) ашық интерфейсін қолдану болып табылады. Жүйені дайындауда ашық спецификация неғұрлым көп болса, ол соғұрлым ашық болып табылады.
OSI үлгісі ашықтықтың тек бір ғана аспектісіне жанасады, нақтырақ айтсақ есептегіш желімен байланысты құрылғылардың өзара әрекеттесу құралдарының ашықтығына байланысты. Бұл жерде ашық жүйе дегеніміз қабылданатын және жөнелтілетін хаттамалардың мазмұны мен мағынасын, форматын айқындайтын стандартты ережелерді пайдалана отырып басқа да желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге дайын желілік құрылғы болып табылады.
Егер екі желі ашықтық қағидасын сақтай отырып құрылған болса, ода ол келесідей артықшылықтарға ие болады:
желіні бірдей стандартқа сүйенетін, әралуан өндірушілердің аппараттық және бағдарламалық құралдарының құрастыру мүмкіндігі;
желі кампоненттерін бөгде, айтарлықтай жаңа, аз шығынмен дамуға мүмкіндік беретін кампоненттермен ақаусыз алмастыру мүмкіндігі;
бір желінің екіншісімен жеңіл қосылу мүмкіндігі;
желіні игеру және қызмет көрсету қарапайымдылығы;
Достарыңызбен бөлісу: |