Дәріс Бекеттегі автоматика және телемеханика жүйелері Дәріс жоспары



Дата03.01.2022
өлшемі0.68 Mb.
#450901
Бекеттегі автоматика және телемеханика жүйелері

Дәріс Бекеттегі автоматика және телемеханика жүйелері

Дәріс жоспары

  • Кіріспе
  • Бекеттегі автоматика және телемеханика жүйелері туралы негізгі түсініктер
  • Маневрлік маршруттарды ұйымдастыру тәсілдері
  • Электрлік орталықтандырудың жауапты электрлік тізбектерін құру принциптері
  • Қорытынды
  • Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

  • Бекеттердегі пойыздардың қозғалысын және маневрлік қозғалыс бірліктерді арнайы дайындалған жолдық телімдерде орындайды, оларды осыған сәйкес пойыздық және маневрлік маршрут деп атайды.

Бірінші тәсіл

  • Бұрманы бекет бойынша кезекші басқару пульті арқылы ауыстырады, ал қозғалуы туралы рұқсатты локомотив машинистіне радио арқылы хабарлайды. Мұндай маневрлар маршрутталмаған деп аталады. Олар маневрлік бағдаршамның орнатылуын қажет етпейді, сондықтанда ЭО құрылысы мен оған көрсетілетін қызметтің шығыны азаяды. Бұл кездегі қозғалыстың қауіпсіздігі толығымен бекет бойынша кезекшінің, маневр кезекшісінің (құрастырушы) және машинистің зерделігінен тәуелді болғандықтан бұрманың взрезі мен жылжымалы құрамның қақтығысуы болуы әбден мүмкін

Екінші тәсіл

  • Қозғалыстың тікелей көріну шартында оператордың бұрманы ауыстыруы кезінде вагондарды сұрыптау тиімді орындалады. Сондықтан сұрыптау райондарында пойыздық немесе маневрлік маршруттар өтпесе, онда маневрлік төбешігі бар бұрмаларды будка немесе бағана арқылы жергілікті басқару жүргізіледі. Қозғалыс командасын маневрлік район операторы машинистке немесе құраушыға радио арқылы береді. Маневрлік район маневрлік бағдаршамдар мен күзеттік бұрмалармен қоршалады

Үшінші тәсіл

  • Маневрлік маршрут бойынша маневрлік қозғалыс орнатылады, олар бағдаршамдармен қоршалған және оны бекет бойынша кезекші басқарады. Бұл тәсілді маршрутталған маневр дейміз, оны жиілік маневрлардың пойыздық маршрут жолдарын қиып өткенде қолданады. Бұл шарттарда жергілікті басқаруды қолдану, бұрма басқармасын бекет кезекшісінен операторға және оператордан бекет кезекшісіне беру көп уақыт алады. Жергілікті басқару кезінде құрам астында бұрманы ауыстыру немесе взрез маневр маршрутизациясын толығымен тоқтатады. Алайда, маневрдің орындалуы бекет бойынша кезекшінің қатысуын қажет етеді, ал бағдаршам бойынша қозғалыс маневрлік рейістің ұзартылуына жол береді

Төртінші тәсіл

  • Бекеттің басқа райондары үшін бұрманы екі басқармалы маневр маршрутизациясын қолдануға болады, мысалы егер район арқылы жергілікті басқаруда орындалатын эпизодикалық жұмысы бар пойыздық және маневрлік маршруттар өткен жағдайда қолданылады. Осындай райондарда бұрманы жергілікті басқармаға бергенде, күзеттік бұрмалар қоршалу жағдайында орнатылады, ал маневрлік бағдаршамның ашылуын болдырмайды, берілген райондағы маневрлік бағдаршамдар рұқсат етуші көрсеткіштерін ашады, яғни бұйрықтарды радиобайланыс арқылы береді

Дәріс 2 Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары

Қауіпсіз релелік жүйелерді құру принциптері

  • Реленің бастапқы жағдайын таңдау
  • Реленің сөнуін бақылау
  • Қайталағыштарды пайдалану
  • Релелерді қорек көзі полюстеріне қосу
  • Коммутациялық аспаптарды және төменгі класты сенімділікті релелерді пайдалану
  • Желілік тізбектер
  • Электрмен қоректендіру көздері

Қауіпсіз релелік сұлбалар

Әдебиеттер тізімі

  • Релейная централизация стрелок и сигналов. А.А. Казаков. Москва, «Транспорт». 1984
  • Станционные системы автоматики и телемеханики. под ред.
  • Вл. В. Сапожникова. Москва, «Транспорт». 2000
  • Телеуправление стрелками и сигналами. А.С. Переборов и др. Москва, «Транспорт». 1981


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет