Дәріс ХVII-ХVIII ғ. әлем әдебиеті. Мольер «Сараң» комедиясы Жоспар



Дата16.02.2022
өлшемі15.36 Kb.
#455412
Ä?ð³ñ ÕVII-ÕVIII ?. ?ëåì ?äåáèåò³. Ìîëüåð «Ñàðà?» êîìåäèÿñû Æîñï 2


Дәріс ХVII-ХVIII ғ. әлем әдебиеті. Мольер «Сараң» комедиясы

Жоспар:

1) Мольер комедияларының ерекшелігі;

2) Мольердің эстетикалық көзқарастары;

3) Мольер сомдаған бейнелер.

Ағылшын драматургы Сомерсет Моэм комедия туралы былай дейді: «Комедиядан реализмді талап ету ақылға сыймайды. Күлкі тек күлкі үшін болу керек». Әлем әдебиетінің классигі Мольер комедияға мұндай көзқарасты жоққа шығарады.

Оның комедияларында ақыл, философия бар. Оның комедиялары күлкі тудырады, бірақ бұл «күлкі үшін күлкі емес», оның күлкісі әлеуметтік және адамгершілік мәселелерін шешеді. Мольердің комедиясы туралы Белинский былай деп жазады: «Күлкі –шындықты жалғандықтан ажыратудың бірден-бір құралы. Мольер театры – үлкен мектеп, онда драматург көрермендерін қалжыңқой тілімен тәрбиелейді, саяси-қоғамдық, философиялық, адамгершілік мәселелерін көтереді. Сондықтан да ол өзінің кейбір комедияларын «Әйелдер мектебі», «Күйеулер мектебі» деп атаған».

Мольер (Жан Батист Поклен) Парижде 15 қаңтарда 1622 ж. туды. Әкесі сарайдың тұсқағаз жапсырушысы, баласына білім беруді ойлаған жоқ. Мольер 14 жасында жазып, оқуды әрең үйренеді. Ата-анасы балаларының өз жолдарын жалғастырғанын қалады. Бірақ әкесінің жұмысы баласын қызықтырмады. Мольердің білім алғысы келеді. Атасының көмегімен иезуиттік колледжге түседі. Бес жыл бойы Мольер ғылыми курстарды меңгереді.

Мольер жастайынан театрға әуестенді. Театр оның ең биік арманы болды. Заңгер дипломын алған соң, Мольер достарымен театр ашады (Парижде). Өзіне «Мольер» деп псевдоним ат қояды. Бұл кезде Парижде театр жаңа дамып келе жатты.

Мольердің театрында табыс болмай, жабылады. Мольер кезбе комедианттарға қосылып, 1645 ж. Франция қалаларын аралап шығады. Ел аралап жүргенде Мольер көп нәрсені бақылайды. Әр түрлі топтағы адамдарды көріп, халықтың тілімен танысады. Ол өз комедияларын жаза бастағанда отыздан енді асқан еді.

Мольер 1658 ж. Парижге оралады. Бұл кезде ол – тәжірибелі актер, драматург, өмір көрген адам. Мольердің труппасы король сарайында пьесаларын көрсетіп, табысқа жетеді. Олар астанада қалады. Бірақ жөнді театр болмайды. Олардан соң бір ғасыр өткеннен соң Вольтер де: «Францияда жақсы пьесалар бар, жақсы театр залдары – Италияда», – деп шағымданған екен.

Мольер он төрт жыл бойы өзінің талантын барлық қырынан көрсетті. Отыз шақты пьеса жазды. Оған король қолдау жасады.

Мольердің комедиялары үшін дұшпандары көп болды. Ол «Мнимый больной» пьесасында басты рольді ойнап болған соң, аяқ астынан 52 жасында, 1673 жылы қайтыс болады.

Архиепископ Мольерді христиан салты бойынша көмуге қарсы болады. Өйткені ол үшін Мольер – «тәубеге келмеген күнәһар».

Мольердің эстетикалық көзқарастары. Мольер «Тартюф» комедиясының алғысөзіне былай деп жазыпты: «Театрдың түзетушілік күші бар».

Демек, Мольердің өз сөзімен айтқанда комедияның екі міндеті бар: тәрбиелеу және көңіл көтеру». Мольер комедияға классицистикалық эстетика тұрғысынан қарады. Яғни, «жалпыға ортақ кемшіліктерін сахнада жағымды етіп көрсету».

Мольердің алғашқы пьесасы «Күлкілі қылымсушылар». Парижде 1659 жылы қойылды. Пьеса маркиза Рамбуйенің салонын күлкі еткендіктен, қойылуына тыйым салынады. Бірақ екі аптадан соң көрермендер сұранысымен қайта қойыла бастайды. Кардинал Мазарини өлім үстінде жатса да пьесаны өз сарайына қойғызады. Оған жасырын түрде жас король XIV Людовик қатысады. Мұнда прециоздық әйелдер сыналады. Прециоздықтың бұрынғы мағынасы – «таңдаулы», кейін комедиялық мағынасы «қылымсушы» болды. Осы комедиядан соң Франциядағы прециоздық стиль жойылады. Бұл стильдегі әйелдер түрлі-түсті перифраздармен сөйлейді. Заттарды өз аттарымен атамай, абстракты атаумен атайды.

1661 жылы маусымда «Күйеулер мектебі» комедиясы қойылды. Мольер мұнда әйелдің үйде құл сияқты емес, күйеуінің досы секілді еркін жүруі тиіс деген идеяны ұсынады.

1672 жылы «Ғалым әйелдер» комедиясы қойылды. Мольер әйелдердің оқымысты, ғалым болғанын сынға алып, әжуалайды. Мольердің көзқарасымен әйелдің орны – асүйде, әйел үй шаруасымен айналысуы керек. Көптеген көрермендер осындай түйін жасайды. 1789 жылы революциядан соң Франциядағы әйелдер Конвентке әйелдердің қоғамдық жұмысқа араласуын сұрап, ұсыныс жасайды. Көптеген депутаттар наразылық білдіреді.

1664 жылы «Тартюф» қойылды. Тартюф есімі бүкіл әлемге белгілі. Бұл есім әлем бойынша екіжүзділікті, қайырымды түр жамылған оңбағандықты білдіреді. Мольер кейбір атақты адамдардың үйінде спектакльді жасырын түрде қойып жүреді. 1664 ж. Ренсидегі принцесса Палантинскаяның сарайында көрсетілді.

1667 ж. король пьесаның қойылуына рұқсат береді. Париж архиескопы христиандарға комедияны оқуға, көруге, ойнауға тыйым салады. Мольер комедияны 3 рет жөндеді. Тартюф басында монахтың киімінде келетін, кейін шіркеу цензурасынан қашып Тартюфты зиялылардың киімінде көрсетеді.



Пьесада Оргонның шешесі Пернель Тартюфтан басқаның бәрін балағаттап ұрсады. Ол үшін Тартюф – әулие адам. Тартюф Оргонның сеніміне кіріп, үйдегілердің бәрін өзіне бағындырады. Оргонның қызы оған күйеуге шығатын болады, бүкіл байлық соның қолына өтеді. Оргон оған құпия заттарды да көрсетеді. Тартюф қызметші қыз Доринаға кеудесін орамалмен жабуын бұйырады да, өзі Оргонның әйелі Эльмираға қырындай бастайды. Корольдің көмегінің арқасында Тартюф тұтқындалады. «Дон Жуан» (1665). Әлем әдебиетінде, өнерінде Дон жуанның 100 түрлі бейнесі бар. Дон Жуанның прототипі – алдамшы, жауыз Дон Жуан Тирсо де Молина. Байронның «Дон Жуан» поэмасында Дон Жуан сұлулыққа ғашық, бала секілді аңғал, қызба. Пушкиннің Дон Жуаны «жұрттың басын қызыл тілімен айналдырып, өмірді босқа өткізуші». Мопасанның естелігі бойынша, Дон Жуан туралы роман жазуды Флобер айтқан. Флобер бұл ойын іске асыра алмаған.Мольер «Дон Жуанды» екі аптаның ішінде өлең түрінде емес, проза түрінде жазып шығады. Классицистикалық стиль бойынша пьеса өлең түрінде жазылу керек болған.

«Дон Жуан» бірнеше рет қойылған соң, репертуардан алынып тасталды. Содан бері 200 жыл өтсе де қойылмады. Принц Конде комедияға наразы болады, өзі тыйым салынғанына қарамай үйінде «Тартюфті» қойғызып жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет