Баоөж
Пән: Балалар әдебиеті
Тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың балаларға арналған шығармалары
Орындаған: До-22-1 Серікқызы Гүлзада
Қабылдаған: Ерназарова Гүлбаршын
Мен-балаң жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
С.Торайғыров
1893 ж – 28 қазанда қазіргі Көкшетау облысы Қызылту ауданында дүниеге келген.Анасынан 2 жасында жетім қалып,6 жасында әкесі Шоқпыттан хат таниды.Ауыл молдалары Әлі,Тортай,Торғай,Мұқан молдалардан білім алады.
1908 – “Дін”,”Соқыр сопы”,”Орнымыз-медресе оқып жатқан” өлеңдері жарық көреді.
1912 ж – “Оқып жүрген жастарға”,”Талиптерге”,”Оқудағы мақсат не?”,”Шығамын тірі болсам адам болып”,тб өлеңдерін жазады.
1913 ж – “Айқап” журналы редакциясына жұмысқа тұрады.
1917 ж – Томск қаласына оқуға түсіп,орысша білімін жетілдіреді.Ол жақта география,тарих,философия ілімдерін игереді.
1918 ж – “Кедей”,”Айтыс”,”Адасқан өмір” поэмалары жарық көреді.
1920 ж – 21 мамырда көкірек ауруынан қайтыс болады.
Қазақ балалар әдебиетіне жаңа бағыт,жаңа идея тудыруда Сұлтанмахмұт шығармалары ерекше рөл атқарды.
1)жастарды өнер-білімге,оқуға шақыруда балалар әдебиетін жалынды күрес майданына айналдарды. 2)өзшығармалары арқылы өнер- білімге,жаңа типті оқудың іске асуына қарсы болған,ұлт араздығын тудырған ел бүлдіргіштеріне ашық та аяусыз күрес жүргізді.
3)орыс халқының өнер- білімін,мәдениетін игеруге,география,тарих пәндерін білуге шақырды.
4)оқып білім алудың түп мақсаты-ел үшін еңбек етуге жұмсалуға тиіс деген ұран тастады.
Ақын 1902-1903 жылдары Әлі деген молданың, 1904-1905 жылдары Торғай деген молданың алдынан өтеді. Әсіресе, бұлардың арасынан Мұқан молданың оқыған-тоқығаны көп, шәкірттеріне деген сүйіспеншілік, махаббаты байқалады.
Осы Мұқан молданың тікелей әсер етуімен С.Торайғыров та 13 жасынан қолына қалам алып, өлең жаза бастайды. Оның түңғыш өлеңі «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам» деп аталады. Ақын :
Лепес қып түкірген соң молда Мұқан,
Қаламды шын беріліп алдым берік,
– деп өзінің ақындыкқа біржолата бет бұрғандығын, енді білім іздеумен қатар,қысқа өмірінде өлеңді де серік қып өтетінін айтады.
Осы кезден бастап Сұлтанмахмұт өнер-білімге біржолата ден койып, өлең,әңгіме жазуға белсене кіріседі. Бұл кезеңде ол «Дін», «Сарыбас», «Соқыр Сопы», «Оқу»,«Кезек қашан келеді» деген сияқты бірталай өлеңдерін жазады. Оларда Сұлтанмахмұт ескі оқу мен жаңа оқудың айырмашылығын,оқудың,өнер-білімнің пайдасы туралы,дін,байлық,кедейлік,еңбек туралы әңгіме етеді.
1912 жылдың қараша айында С. Торайғыров Троицк қаласына барып оқуға түседі. Окуға түстім, енді бар арманыма жетем, халқыма ай емес, күн болам деп шаттанған ақын «Шәкірт ойы» деген өлеңін жазады :
Қараңғы казақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам?
Оның бұдан басқа «Оқудағы мақсатым не?», «Анау-мынау», «Қандай», «Зарлау» деген сияқты бір топ көлемді, мәнді өлеңдері де осы, кезде жазылған. Бұл өлеңдерінде ақын мақсаты молда болып, підия, зекет, бітір жинау емес, тілмаш болып жем табу емес,мақсат - өнер, білім алып, жарыққа талпыну, отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.
1913 жылдың күзінде Троицк қаласына қайтып оралады. Осы кезде Сұлтанмахмұт қазақ зиялыларының бірі –М. Сералинмен кездесіп, оның көмегімен «Айқап»журналының хатшылық қызметіне орналасады. Сөйтіп, қашан ол жұмыстан қол үзгенше, көптеген өлең,әңгіме,мақалаларын жазып,өнімді еңбек етеді.Оны ақынның «Досыма хат» деген арнау өлеңінің мына бір шумақтарынан көруге болады :
Бөлініп ақылым - алты, ойым-онға,
Қол сермеп, құр жүгіріп, әрбір жолға.
Надандықтан қалсын деп жаным тыныш,
Редакция қызметін алдым қолға.
Осы жылға толар-толмас «Айқап» журналының редакциясында қызмет істеген уақытында Сұлтанмахмұт бір роман («Қамар сұлу»), екі кітап («Тентектің жинаған шоқпары», «Тамшы»), бес-алты мақала және оннан астам өлең жазған. Оның бұл өлеңдерінің арасынан «Ендігі беталыс», «Айт», «Көш» сияқты қазақ халқының өміріне, тұрмысы мен салт-санасына арналған жыр жолдарына арнайы тоқталуға болады.
Қазақ халқының сол кездегі кедей табының қиын өмірін көрсетуге арналған «Айт» өлеңінде :
Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп,
Аштықтан өңі кеткен беті де арып.
Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр,
Дегенге : «Құтты болсын, айт Шәріп!»,
– деп толғанады.
Томск қаласында қысқа курста оқып,білімін жетілдіреді. Осы кезде олорыстың классик ақын,жазушыларының таңдаулы шығармаларымен қатар тарих,философия, география ілімдерімен де жақынырақ танысады. Ақын өмірінің бұл тұсын : «...Жұмасына екі ғана обед (ет татам), құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, вечерлерге бір мәрте болсын барғаным жоқ. Күні-түні айналдырғаным ала қағаздың беті... Халім осы. Сонда да қайғырмаймын. Бір тиыным қалғанша оқимын. Сонан соң тұрмыс қандай жүк салса да көтерем.Бірақ, көңілім оқуда болмақ»..., - деп хатқа түсірген.Ақынның өзі айтып отырғандай, шынында бұл кезең ол үшін оқу мен білімнің соңына шам алып түскен сәттері болған сияқты.
Сұлтанмахмұт дүниедегі ғылым-білімді екі жікке айырып ұғады : бірі дене азығы, екіншісі - ар азығы, дене азығы - әділдік деп біледі.
Ал,ар азығы ер жеткенде дене азығы адамды бақытты етуге жұмсалады, адам жеңіл күн көретін болады. Адамның ақыл-оймен, күш-қуатымен жасалған құралдар - дене азығы адам қоғамын гүлдендіруге, адамды бақытты етуге жұмсалады», - дейді ақын.
1920 жылы 21 мамырда көкірек ауруынан қайтыс болды.
“Сөйтіп, аса қадірлі замандасым, әрі туысым Сұлтанмахмұт 1920 жылы 21 май күні түстен кейін дүние салды да, ойлаған мақсатына жете алмай, бастаған шығармаларын аяқтай алмай арамыздан кетті. Ол өзінің «Кім жазықты?» романың да қайта жазбақшы еді, мұнысы да орындалмады.”
Шәйбай Айманов
Достарыңызбен бөлісу: |