6. Қорытынды сұрақтары:
«Аритмия» түсініктемесіне анықтама.
«Жүректің ишемия ауруы» түсініктемесіне анықтама.
«Гипертония» түсініктемесіне анықтама.
«Гипотония» түсініктемесіне анықтама.
Кредит № 3
Дәріс №2
1. Тақырыбы: Асқорыту мүшелері жүйесі ауруларының қазіргі фармакотерапиясының негізгі принциптері. Асқорыту мүшелерінің секреторлы және моторлы функциясына әсер ететін дәрілердің, өт айдайтын және ферментті препараттардың клиникалық фармакологиясы
2. Мақсаты: Студенттерді ас қорыту мушелері жүйесі ауруларының қазіргі фармакотерапиясының негізгі принциптерімен. Асқорыту мүшелерінің секреторлы және моторлы функциясына әсер ететін дәрілердің, өт айдайтын және ферментті препараттардың клиникалық фармакологиясымен таныстыру
3. Дәріс тезистері
Асқорыту мүшелері жүйесінің ауруларына келесілер жатады: жедел гастрит, созылмалы гастрит, жүйелі асқазанды гиперсекреция, іштің қатуы, созылмалы панкреатит, диарея, асқазан және 12 елі ішек жара ауруы жатады.
Ас қорыту мүшелерінің функциясына әсер ететін дәрілерге бірнеше дәрілік топтар жатады:
Тәбетке әсер ететін дәрілердің жіктелуі
I. Катехоламинергиялық жүйеге әсер ететін дәрілер (ОЖЖ қуаттандыратын)
Фенилалкиламин туындылары: фепранон (амфепрамон), дезопимон (хлорфентермин)
Изоиндол туындысы – мазиндол (теронак)
II. Серотонинергиялық жүйеге әсер ететін дәрілер (ОЖЖ тежейтін)
Фенфлурамин (пондимин)
Сілекей бездерінің қызметіне әсер ететін дәрілер
Сілекей бездерінің фармакологиялық реттенуі негізінен олардың иннервациясына әсер ету жолымен жүзеге асады. Холинергиялық жүйкелердің қозуы сұйық сілекейлердің мол бөлінуін болдыратыны белгілі, сондықтан М – холиномиметикалық активтілікке ие заттар (пилокарпин гидрохлориді, карбахолин, прозерин және т.б.) сілекейдің бөлінуін күшейтеді. Керісінше М – холиноблокаторлар (атропин тобы) сілекей бездерінің секрециясын төмендетеді. Препараттардың соңғы тобы ғана практикалық маңызға ие. Оларды Паркинсон ауруы кезінде, ішек құрттардың инвазиясы, ауыр металдармен улану жағдайында пайда болатын гиперсаливацияда қолданады.
Асқазан бездерінің қызметі бұзылғанда қолданатын дәрілер
Асқазан бездер секрециясын жоғарылататын дәрілер.
Орынбасушы терапиядағы дәрілер
Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін дәрілер
Олардың жіктелуі
1. Таңдамалы М1 – холиноблокаторлар
Пирензепин гидрохлориді (гастроцепин)
2. Н2 – гистаминблокаторлар
Ранитидин (ранисан, ранитин)
Фамотидин (ульфамид)
Циметидин (гистодил)
3. Протон насостарының ингибиторлері
Омепразол (омез, омепрол)
4. Простагландиндердің синтетикалық туындылары
Мизопростол (цитотек)
Антацидті дәрілер
Гастропротекторлер Асқазан моторикасына әсер ететін дәрілер
Құсуды пайда ететін және құсуға қарсы дәрілер
Құсуға қарсы дәрілер
Өт айдайтын дәрілер
Өт айдайтын дәрілердің жіктелуі
I. Өттің пайда болуын қуаттандыратын дәрілер (холесекретиктер)
Өт қыщқылдары мен тұздары: дегидрохоль қышқылы (дегидрохолин)
Өт препараттары: холензим, аллохол
Өсімдік препараттары: холагон, холосас, салаубас препараттары (фламин), жүгері препараттары
Синтетикалық дәрілер – оксафенамид (осалмид)
II. Өттің шығуын жеңілдететін дәрілер (холекинетиктер)
М - холиноблокаторлар: платифилин гидротартраты, атропин сульфаты
Миотропты спазмолитиктер – дротаверин гидрохлориді (но-шпа)
Рефлекторлы әсер ететін дәрілер – магний сульфаты
Ұйқы безінің экскреторлы функциясы бұзылғанда қолданатын дәрілер
Ішек моторикасына әсер ететін дәрілер
Іш айдайтын дәрілер
Жіктелуі
I. Ішектің барлық аймағына әсер ететін дәрілер
1.Өсімдік текті – майсана майы
2.Тұзды іш айдайтын: магний сульфаты, натрий сульфаты
II. Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер
Өсімдік текті – сана препараттары (экстракт, антрасенин, сенаде)
Синтетикалық дәрілер: натрий пикосульфаты, бисакодил
Антацидті дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі: антацидтер ішек-қарын трактысындағы көптеген препараттардың сіңірілуін әлсіретеді, сөйтіп ішке қабылдағанда олардың биотиімділігін азайтады. Бұл әсіресе бензодиазепиндерді, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен, антибиотиктермен, туберку-лезге қарсы дәрілермен бірге қолданғанда байқалады. Жағымсыз әсерлесу болмас үшін антацидттерді басқа препараттарды қабылдамас бұрын екі сағатқа дейін немесе дәрілерді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң белгіленеді.
Селективті холиноблокаторлардың басқа дәрілермен бір-бірімен әсерлесуі: пирензепин асқазан секрециясына алкогольмен кофеиннің қуаттандырғыш әсерін азайтады. Пирензепинмен H2-блокаторларды бір уақытта белгілеу антисекреторлы әсердің потенциирленуіне әкеледі, ал бұл Золлингер-Эллисон синдромы бар науқастарда қолдануға болады.
Н2- гистаминді рецепторлерінің блокаторларының басқа дәрілермен бір-бірімен әсерлесуі: Циметидин бауырдағы Р-450 цитохромның микросомальды жүйенің мықты ингибиторлері болып табылады. Сондықтан ол метаболизімді азайтады және бір қатар дәрілердің концентрациясын қанда жоғарылатады. Н2-блокаторлар асқазандағы тұз қышқылының болуына байланысты болатын кетоконазолдың сіңірілуін азайтады.
Протон насосы ингибитролерінің басқа дәрілермен бір-бірімен әсерлесуі: омепразол және лансопразол бауырдағы Р-450 цитохромды әлсіз тежейді, нәтижесінде диазепам, варфарин, фенотоин секілді кейбір дәрілердің элиминациясын азайтады.
Асқорыту мүшелерінің функциясына әсер ететін дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динами-касын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |