Дәріс Кіріспе. Этология ғылым, мақсат – міндеттері. Қысқаша даму тарихы Сұрақтар



Дата21.01.2020
өлшемі14.35 Kb.
#447850
Дәріс 1. Кіріспе. Этология ғылым, мақсат – міндеттері. Қысқаша даму тарихы

Сұрақтар

1. Этология ғылым, мақсат – міндеттері

2. Этология ғылымының қалыптасуы
Қоршаған ортадағы өзгерістер тірі ағзаның бейімделуіне ықпал етеді. Қоршаған ортаның баяу өзгерістері дегеніміз - мүшелер жүйесінің немесе ағзаның бірте-бірте физиологиялық өзгерістерге ұшырауы. Қоршаған ортаның кенет өзгеруіне жануарлардың бейімделуі физиологиялық және мінезқұлықтық жылдам реакциялар арқылы жүзеге асады.

Мінезқылық – бұл жануар ағзасының қоршаған ортаның өзгерістеріне жауабы, яғни ағза мен тіршілік ортасының өзара байланысы.

Мінезқылық реакциясы бейімделгіш болып келеді және түр мен түршелердің өмір сүруіне ықпал етеді. Мінезқылық – бұл жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін функция.

Этология мінезқылықтың мынадай түрлерін зерттейді: азықтық, ата-аналық және әлеуметтік мінезқылықтар, жануарлардың орын ауыстыруы, себепті мінезқылық факторлары, онтогенездегі мінезқылық эволюциясы және дамуы, жануарлардың түрлік ерекшеліктері мен мінезқылқы. Этологияның негізін қалаушылардың бірі К.Лоренц (1970)бұл жіктеуді «Мінезқылық морфологиясы» деп атап, жануарлардың этологиялық ерекшеліктеріне назар аударады. К.Фабридің пікірі бойынша (1976) мінезқылық – жануарлар өмірлік қажеттіліктері үшін, қоршаған ортамен байланысуға бағытталған қозғалыс жүйесі деп атады. Э.Кеделл (1980) мінезқылыққа жануарлардың қоршаған ортаға немесе өз ағзасының күйіне жауап қайтаратын үрдісті жатқызады.

В.Великжаниннің (1983) ойынша, мінезқылық– бұл жануарлардың биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған өмір сүру салты. Жалпы барлық анықтамаларда ғалымдар интактті мінезқылық негізіне жануарлардың өмірлік маңызды қажеттіліктері мен оған қозғалыс реакциясының жиынтығы кіреді деп жазған. Л.Баскин (1976) мінезқылықтың белсенділігінің 5 типін ажыратты: азықтық, әлеуметтік, жыныстық, аналық және қорғаныс.

В.Великжанин (1983) бірінші дәреженің 5 типін ажыратуды ұсынады: азықтық, бейімделгіш, қозғалыс, популяциялық және репродуктивті.

И.П.Павловтың рефлекстердің классификациясына негізделе отырып және зоотехника ғылымында қалыптасқан дәстүрлерді ескере отырып, үй жануарларының мінезқылқының жүйесін Б.П. Мохов (1991) 6 типке бөлді:

- гомеостатикалық (азықтық, ыңғайлық, экскреторлы);

- репродуктивті (жыныстық, аналық,есте сақтау);

- топтық (иерархиялық, ойындық, табындық, еліктегіш және т.б.);

- қорғаныс (агрессивті, байқаушы, жасырын және т.б.);

- зерттеулік;

- себепті.

Этология ғылымын зерттеушілердің бірі Роберт Кайндтің ойынша, жануарлардың мінезқылқы жүйелерінің классификациясы шектеусіз. Бірақ, барлық ұсынылған классификацияларды тәжірибеде және зерттеулік жұмыстарда қолдануға болатынын ескеру қажет. Мал шаруашылығында азықтық, топтық және репродуктивті мінезқылықты зерттеу негізгі орында болғаны жөн.



Этологияның қолданбалы мағынасы мінезқылықтың ең қолайлы шарттарын анықтау, жануарларды қолданудың жүйелерін жобалау мен жағымды мінезқұлықтың құрылу әдістерін қолдану болып табылады.

Мінезқылықтың жағымды жақтары өндірістің экономикалық тиімділігін арттырумен қатар ағза мен қоршаған ортаның ара қатынасын үйлестіріп. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың өзгеруі, онтогенез, қоршаған орта жағдайы мен ағзаның физиологиялық жағдайының негізінде мінезқылықтың реттелуі жайлы сұрақ туындайды. Мінезқылықтың өзгеруінің себептерін оқып білмей этологияда тәжірибе жүргізуге болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет