Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет1/8
Дата22.08.2023
өлшемі18.36 Kb.
#476174
  1   2   3   4   5   6   7   8




ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)




Топ/сынып

Ортаңғы топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы




Балалардың жасы

3 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні




Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

02.01-06.01.2023ж.

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма



















Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

"Ұйқы жетіспеушілігінің зияны" тақырыбында ата-аналармен әңгімелесу; балалардың үйде күн тәртібін сақтауларын және уақтылы ұйықтау керектігін талап ету.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)







"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Үйді өздігінен тазалай білуін, табиғат мүйісіндегі мекендеушілерді күте білуін қалыптастыру.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балаларды ойыншықтар мен көмекші құралдарды өз бетінше және эстетикалық түрде орналастыруға, шкафтарда тәртіпті сақтауға, шаңды сүрту.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балаларды өсімдіктерді суару, жемсалғышты, астауды, көкөністерді жуу; астауға су құю және дайын жемді жемсалғышқа салу, балыққа жемді өлшеуішпен салу.







Зейінді дамытуға арналған жаттығу.
"Қимылдарды қайталаймыз".
Мақсат-міндеттер. Аталған ойынның тағы бір нұсқасы. Педагог қандай да бір қимылды көрсетеді, ал балалар біреуінен немесе екеуінен басқа барлық қимылдарды қайталайды. Мысалы, егер жүргізуші қолын жоғары көтерсе, балалар шапалақ ұруы керек; қолдары екі жаққа созылғанда, балалар аяқтарын тыпырлатады. Кім қателессе, сол жүргізуші атанады.
(дене шынықтыру)

Зейінді дамытуға арналған жаттығу.
"Суреттерді салыстырамыз".
Мақсат-міндеттер. Педагог балаларға бір-біріне ұқсас, бірақ біраз өзгешеліктері бар суреттерден айырмашылықтарын табуды ұсынады.
(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, математика негіздері)


Санамақтар айтқызу. "Кел, санайық санамақ".
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Ал, кәнеки, ұш.
Төрт, бес, алты, жеті,
Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау - ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он,
Сегіз, тоғыз, он,
Ал, кәнеки, қон.
Асықпа да саспа,
Бірден қайта баста.
(қазақ тілі, математика негіздері)

Саусақ жаттығуын айтқызу.
Ақшақарлар қалықтап (алақандарды ашу, саусақтарды көрсету),
Ұшып барады, асықпай (саусақтармен кезек-кезек жыбырлату).
Айналып, оңға ұшып (қолдармен бір жаққа бұраңдау),
Айналып, солға ұшып (қолдармен екінші жаққа бұраңдау).
Мамықтай жерге түсіп (алақандармен жоғары бұлғап, төмен қарай түсіру),
Тыныш жатыр, бізді күтіп (алақандарды үстел басына, тізеге салу).
(сөйлеуді дамыту)

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (сылдырмақтармен).
1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
1.1. Балалар сылдырмақтарын жоғары көтеріп, екі қолымен сылдырлатады.
1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
2.1. Қолдарын оң жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады.
2.2. Бастапқы қалып.
2.3. Қолдарын сол жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады.
2.4. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады).
3. Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, сылдырмақ ұстаған қолдары екі жанында.
3.1. аяқтарын жинап, сылдырмақ ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, сылдырлатады.
3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде.
4.1. Сылдырмақтарын артында ұстап, бір орында тұрып секіру.
4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).
(дене шынықтыру)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет