Дәріс 3. Мәліметтердің моделдері мен типтері.
Мәліметтер қоры ақпараттық технологияда үлкен роль атқарады және үлкен
көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады.
Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін қарапайым
және ыңғайлы құрал және
өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Мәліметтер қорының мүмкіндіктері
мәліметтер қорының реляциялық жүйесі теориялық тұрғыдан жасалынып және жүзеге
асырылғаннан кейін едәуір артты.
Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры мен білім қорының жүйесі кең көлемде
таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры реляциялық
мәліметтер қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын есептерді шеше алады. Білім
қорларындағы мәліметтер қорының реляциялық жүйелерінде мәліметтерден аса жоғарғы
деңгейдегі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы
қолданылады.
Есептеу желілерінің дамуы үлестірілген мәліметтер қорының ролін арттырып отыр.
Клиент/сервер технологиясы мәліметтерге орталықтандырылған қол жеткізу және
басқарумен үлестірілген мәліметтерді өңдеуді білдіреді.
Мәліметтер
қорының жалпы теориясы, негізгі анықтамалар, мәліметтер қорының
файлдық құрылымды мәліметтерден айырмашылығы мен артықшылықтары
мәліметтер
қорларын практика жүзінде қолдану кезінде қалыптасқан мәліметтер қорының әралуан
модельдері, мәліметтер қорларын концептуальды жобалаудың принциптері мен бейнелеу
деңгейлері беріледі. Теориялық негізін реляциялық алгебра,
реляциялық есептеу
құрайтын, қазіргі уақытта ең көп тараған реляциялық модель жеке қарастырылады.
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер. Оларды жергілікті
ақпараттық жүйелер және бірнеше компьютерге таралған жүйелер деп айырады. Қолдану
салалары бойынша ақпараттық жүйелерді өндірісте, білім беру саласында, денсаулық
сақтау саласында, ғылымда,
әскери істе, әлеуметтік салада, саудада және де басқа
салаларда пайдалынатын жүйелерге бөлуге болады. Ақпараттық жүйелерді мақсаттық
функция бойынша басқарушы, ақпараттық-анықтамалық,
шешім қабылдауды қолдау
сияқты негізгі категорияларға шартты түрде бөлуге болады. Файл/сервер және
клиент/сервер сәулеті (архитектурасы) ақпараттық жүйелердің ең көп тараған сәулеттері
болып табылады. Мәліметтерге қашықтан қол жеткізу моделі (Remote Data Access –
RDA)бар ақпараттық жүйелерде ақпаратты ұсыну функциясы мен қолданбалы өңдеу
логикасын жүзеге асыратын бағдарламалар біріктірілген және компьютер-клиентте
орындалады. Мәліметтерді басқару қызметіне жүгіну SQL тілініңоператорларының
көмегімен немесе API арнайы кітапханасының функцияларын шақырып жеткізу ортасы
арқылы орындалады. Мәліметтер қорының серверінің(DataBase Server – DBS)
алдыңғы
модельден айырмашылығы компьютер-клиент функциясы ақпаратты бейнелеу
функциясымен ғана шектеледі де, ал қолданбалы функциялар компьютер-сервердегі
қосымшалармен қамтамасыз етіледі. Бұл модель RDA-модельге қарағанда барынша
технологиялық болып табылады.
Мәліметтер қорларын бағдарламалық қамтамасыз ету жалпыға арналған
қамтамасыз ету, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және мәліметтер қорларын
жобалау мен жасауды автоматтандыру құрал-жабдықтары болып бөлінеді. Мәліметтер
қорларымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған бағдарламалық
қамтамасыз ету мәліметтер қорларын басқару жүйелері дегеніміз – бұл мәліметтер
қорларын жасауға, жүргізуге, қорғауға және енгізуге арналған тілдік және бағдарламалық
құрал-жабдықтар кешені. Мәліметтер қорларын қолданбалы бағдарламалық ету дегеніміз
– бұл нақты қолданбалы есептерді шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушы,
немесе пайдаланушылардың өздері жасап шығарылатын бағдарламалар мен жүйелер.
Delphi, Cu, Visual Basic және тағы басқалар қазіргі заманғы бағдарламалардың
алгоритмдік тілдерінде SQL тілін пайдаланатын мәліметтер
қорларына қол жеткізу
мүмкіндігін бағдарламалау құрал-жабдықтары бар. Оған қоса, көптеген МҚБЖ-де жүйеге
қоса орнатылған бағдарламалау тілі бар. CASE-құралдары деп аталған CASE-
технологиясын жүзеге асыратын бағдарламалық-технологиялық құралдар мәліметтер
қорларын жасау мен ақпараттық жүйелерді жобалауды автоматтандыруға арналған. CASE
(Computer Aided Software Engineering) терминін компьютер көмегімен бағдарламалық
қамтамасыз етуді жасау деп аударуға болады. CASE-құралдары дегеніміз – бұл
талаптарды талдау мен тұжырымдау, мәліметтер қорлары мен қосымшаларын жобалау,
кодты
генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны басқару және
тағы басқалар сияқты ақпараттық жүйелерді жасау мен ілесе жүру үдерістерін қолдайтын
бағдарламалық құралдар. Төртінші бөлімде SQL тілі қарастырылады. SQL тілі – қазіргі
заманғы көптеген реляциялық МҚБЖ-ның стандартты тілі болып табылады. SQL
дегеніміз - Structured Queries Language сөздерінің қысқартылған түрі, ол сұраныстардың
құрылымдалған тілі деп аударылады. SQL тілі реляциялық түрдегі мәліметтер
қорларымен жұмыс істеуге арналған. Ол реляциялық МҚБЖ пайдаланушыларға ұсынатын
барлық негізгі мүмкіндіктерді жүзеге асырады. SQL тілі командалар (операторлар)
жүйелерінен тұрады, олардың ішіндегі ең маңыздылары төмендегілер:
DML (Date Manipulation Language), мәліметтерді манипуляциялау тілі.
SELECT – мәліметтерді оқуға сұраныс жасау;
INSERT – мәліметтер қорына жаңа жазба қосу;
DELETE – мәліметтер қорынан жазбаларды жою;
UPDATE – мәліметтерді өзгерту.
DDL (Date Definition Language), мәліметтерді анықтау тілі.
CREATE TABLE – жаңа кестені жасау, оның құрылымын сипаттау;
DROP TABLE – кестені жою;
ALTER TABLE – кесте құрылымын өзгерту;
CREATE VIEW – бейнелеуді жасау;
DROP VIEW – бейнелеуді жою;
CREATE INDEX – индексті жасау;
DROP INDEX – индексті жою;
Қол жеткізуді басқару.
GRANT – пайдаланушыға артықшылықтар беру;
REVOKE – берілген артықшылықтарды алып тастау.
Транзакцияларды басқару.
COMMIT – транзакцияны аяқтайды;
ROLLBACK – транзакцияны алып тастайды.
SQL командаларын интерактивті режимде орындаумен қатар, жоғары деңгейдегі
тілдерде бағдарламалауда пайдалануға болады.