Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
№
апта
Дәріс
тақырыбы және тезистер
Сағат
көлемі
1-бөлім. Тәрбие үдерісі мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық
процестің бір компоненті
№ 1
дәріс
1.
Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымындағы тәрбиелеу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Тәрбие мәдени – тарихи феномен
2. Тәрбиелеу үдерісі: мақсаты, мәні.
3. Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас
педагогикалық процестің
негізі.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,
олардың
айналамен қарым - қатынасын, өмірге көзқарасын және
соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
«Тәрбиелеу - халықтар бойына білімге негізделген этикалық
ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (әл-Фараби).
«Тәрбие - біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне
ықпал
ету... Тәрбие - бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді
мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі
(Л.Н.Толстой).
«Тәрбие-кең мағынасында - бұл рухани жағынан үнемі жетілу және
баюда көп салалы процесс (В.А.Сухомлинский).
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген
сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл
жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген
мағынада жүргізіледі (М.Жұмабаев).
Олай болса, тәрбие көптің ісі.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі,
біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты
қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін-оны өмір сүре
білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса, тәрбие процесі деп - қоғамның талып - тілектеріне сай
әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін,
ерік-жігерін, мінез-
құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
өзара бірлескен әрекетін
айтамыз.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік
ерекшеліктері бар. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның
материалдық жағдайының өсуі,
идеологиясының өзгеруімен
байланысты
тәрбиенің
мақсат-міндеттері,
мазмұны
мен
ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
жақсарып отырады. Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие- біртұтас
процесс. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс.
Жеке адамның
қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді..
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін
көбінесе жуық арада байқауға болады.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп
тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның
барлық
азаматтарының міндеті, отбасы, балабақша мен
жұртшылықтың бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.