Дәріс:Қан және қаналмастырғыларды құю Инфузия және трансфузия. (тезистер)



бет1/5
Дата09.10.2023
өлшемі30.55 Kb.
#480194
  1   2   3   4   5
5 Дәріс Инфузия және трансфузия


Дәріс:Қан және қаналмастырғыларды құю - Инфузия және трансфузия.
(тезистер)
Адам ағзасына сүйық дәрілерді енгізіу инфузия деп атайды. Енгізетін дәрілерді инфузиялық ерітіндер немесе инфузиялық орталар деп атайды. Инфузиялық орталарды ағзаға енгізу жолдары түрлі (тері астына, қуыстарға, сүйек ішіне, лимфа тамырларға) ең кең қолданатың тәсіл – бүл көк тамыр арқылы.
Инфузиялық емнін негізгі мақсаты ағзадағы түрлі патологиялық процесстерге байланысты(қан жоғалту,сусыздану, түз-су балансының және қышқылдар-сілті теңдістігнің бұзылыстары,улану т. б..) дамыған гомеостаздың бұзылыстарың ретке келтіру.
Осы ерітіндерді енгізу мақсатына байланысты барлық инфузиялық орталарды бір-неше топқа бөледі.
Гемодинамикалық ерітіндер.
Қолдану мақсаты – түрлі ішкі ауруларда, жарақаттарда, қан кеткенде бүзылған гемодинамикалық көрсеткіштерді(Қ/Қ,пульс сапасы) реттеу.
Полиглюкин – 6%декстран ерітіндісі – гемодинамикалық әсері ең биік препарат. Шок және қан кету кезінде, тез уақытта айналымға қатысатың қан мөлшерін толтырады. Сонымен бірге қанның осмостық қысымың көтереді.
Реополиглюкин – изотониқалық натрий хлорид немесе 5% глюкоза ерітіндегі 10% кіші молекулярлық декстранныңерітіндісі. Тез арада қан орның толтырады, микроциркуляция жағыдайың жақсартады.
Желатиноль – натрий хлорид изотоникалық ерітіндегі 8%желатин ерітіндісі. Құрамында глицин, пролин, метионин, цистин ақуыздар болғандықтан, биік коллоидты-осмостық қысымы тамыр арнасына үлпадағы сүйықтары ығыстырады.
Дезинтоксикациялық ерітіндлер.
Қолдану мақсаты – қан ішіндегі токсиндерді байлап несеп арқылы ағзадан шығару.
Реамбирин- құрамында натрий, калий, кальций, магний, хлор иондары бар. Көптеген токсиндерге әсері мол.
Полидез – фармакологиялық әсері гемодез әрерімен бірдей.
Парентералды тамақтандыру үшін қолданатың ерітіндлер
Қолдану мақсаты - ауыз арқылы тамақтану ағзаның энергетикалық шығымың түгел қамтымаған кезде (операциядаң кейінгі кезендегі науқастар, өнештін тарлуы т.б.).
Осы дәрілерді үш топқа бөледі: ақуыздар, майлар, көмірсулар.
Ақуыз ерітіндері – парентералды тамақтандыруда ең маңызды орын алады. Осы топқ ақуыз гидролизаттары және аминоқышқыл қоспалары жатады: аминокровин, аминопептид, гидролизат казеина, альвезин, альбумин ерітіндісі,т.б..
Майлы эмульсиялар – аз мөлшелрлі сүйықтықпен көп мөлшерде каллория жіберуге мүмкіндік туғзады.(10-20 тамшы 1 минутта жылдамдықпен жіберледі). Өкілдері: липофундин, липомайз, интралипид т.б..
Көмірсулар – энергетикалық шығымдарды қамтамасыз ету үшін қолданлады. Оған 5,10,20,40 пайыздық глюкоза ерітіндерді қолданады. Қолдану кезінде инсулин ерітіндіні жібереді ( 1БӘ - 4грам құрғақ глюкозаға есептегенде)
Су-түз алмасу және қышқыл-сілті жағыдайың реттегіштер
Қолдану мақсаты - түз, су тапшылығын реттеу, осмостық кысымды реттеу, қанның электролиттық жағыдайың қалыптастыру.
Натрий хлорид изотоникалық ерітіндісі,Рингер-Лока ерітіндісі, Лактосол, Дисоль,Хлосоль, Ацесоль т.б..
Өттегі тасмалдаушы препараттар
Қолдану мақсаты – қаназдық, улану тағы басқа себептерден дамыған өттегі тапшылығымен күресу.
Перфторан, Проксанол
Кешенді әсерлі плазманың орның толтырушы ерітіндлер. Олардың гемодинамикалық, дезинтоксикациялық, реологиялық әсерлері бар.(Реоглюман,Полифер)
Трансфузия – адам ағзасына қан немесе қан құрамынан дайындалған сүйық дәрілерді тамыр ішіне немесе сүйек кемігіне енгізу болып табылады.
Қан құю шаралары XVI-XVII ғасырларда да өткізіліп отыратын, бірақ нәтижесінің теріс болып, қанның құрамын білмеу салдарынан, бұл мәселе кішкене ұзақ уақытқа кейінге шегерілді.
Тек қана 1901 жылы австрий ғылымы К.Ландштейнер адам қанының үш тобың ашып, ал 1907жылы Янский төртінші қан тобың ашқаннаң кейін қанды құйю емдік шара түрінде қолдануына гылыми негізі қаланды. Аталып кеткен ғылымдардың ашылымдарына сүйеніп 1921 жылы қан топтардың халықаралық классификациясы қабылданды. 1926 жылы ең бірінші рет дүние жүзінде Мәскеу қаласында қан құю институты ашылды. Қан құюдың күрделі жүйесі құрылды. Қан мен оның препараттарын дайындап, емдік мекемелерде қан құюды қадағалап отыратын институттар, станция мен бөлімшелер пайда болды.
Ұлы Отан соғыс жылдары кезінде қан құю көптеген жаралы әскерлердің өмірін сақтап қалды. 5,5 миллионнан астам адам донор болды
Қан топтарының халықаралық жікткелуі АВО жүйесі деп аталады.Осы жіктелу адам қанындағы А және В агглютиногендер, α және β агглютининдер бар болғанына негізденеді. Агглютиногендер қаның қызыл түйіршіктерінде, ал агглютининдер қанның сарысуында орналасады.
Қазіргі жағыдайда қанды қүйю кезінде қанның АВО жүйесі бойынша жіктелуіне сүйенеді. Осы жүйе бойынша адам қаны келесі формулар арқылы танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет