Гемодиализге арналған аппараттар үш компонеттен тұрады:
қанды тасымалдайтын құрылғы
диализдеуші ерітіндіні дайындайтын және тасымалдайтын құрылғы
диализатор
Роликті насостың түтікшелері арқылы қан диализаторға өтеді, бұл жүйеге қанның ағу жылдамдығын және қысымды өлшейтін құралдар қосылады (оптимальді қан ағу жылдамдығы 300-450 мл/мин). Диализаторғадиализдеуші ерітінді резервуардан немесе дозатордан беріледі. Диализдеуші ерітінді құрамы жағынан плазманың сұйық бөлігіне ұқсас болып келеді, бірақ қажетті жағдайда науқастың электролиттердің деңгейіне байланысты өзгертуге болады. Жиі калий концентрациясын өзгертеді, ал кальций, хлор және бикарбонат концентрациясы тұрақты болып тұрады.
Диализді бастамас бұрын науқасты дәрігер қарайды, қан қысымын, пульсін, температурасын өлшейді. Содан кейін науқасқа тамырлық кірісу қояды және диализді аппаратқа қосады. Процедура барысында науқастың жағдайын бақылайды. Гемодиализ аяқталғанда катетр аймағына асептикалық таңғыш қояды. Ұзақтығы мен жиілігін дәрігер әр бір науқасқа жеке анықтайды
Гемодиализге көрсеткіш: жедел бүйрек жетіспеушілігі және созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальді кезеңі. Бұл кезде қан сары суында креатинин көрсеткіші 800-1000 мкмоль/л, мочевина 20-40 ммоль/л, шумақша фильтрациясы деңгейі 5 мл/мин төмен, ал бикарбонаттар (метаболикалықацидоз) - 15 ммоль/л төмен. Гемодиализді жүзеге асыру үшін атриовенозды шунт (немесе анастомоз) қояды. Гемодиализді аптасына 2-3 рет 5-6 сағат сеанспен жасайды.
Гемодиализге қарсы көрсеткіш болып: геморрагиялық диатез, атеросклероз, жүрек астмасы мен ауыр қан айналым жетіспеушілігі.Созылмалы гемодиализдің тәртібі мен бағдарламасы әрбір науқасқа жеке анықталады. Қазір кең қолданылатын үш реттік қағида (аптасына 3 рет) 4-5 сағаттық диализ.Диализ аралығындағы кезеңде науқастар құрамында көп мөлшерде калий бар тағамдарды шектеу (жеміс жидектер). Гемодиализдегі науқастарда көбінесе фосфор-кальций алмасуы бұзылған, бұны коррекциялау үшін арнайы дәрілік препараттар тағайындалады, құрамында фосфор мөлшері жоғары тағамдарды (мысалы,сүт өнімдерін) шектеу. Құрамында алюминий бар препараттарды шектеу. Алюминий бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқасқа өте токсигенді болып келеді және асқынулар тудыру мүмкін: ОНЖ ауыр зақымдануы, сүйек тінінің зақымдануы, анемия. Науқастарға поливитаминді комплекстерді, құрамында А дәрумені бар және минералды қосылыстарды қабылдау гемодиализ бөлімінің қызметкерлерінің кеңесінсіз қабылдауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |