Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет22/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Оттар – түрлері, 
алаңдары, 
жағылуы 
Тамақ 
дайындау, 
жылыну, 
киімдерді 
кептіру, 
дабылдар 
үшін 
құтқарушылар келесі 
түрдегі оттарды қолданады: 
«күрке», 
«құдық», 
«тайга», «нодья», «камин», «полинезийялық», «жұлдызша», 
«пирамида». 
«Күрке» шайды 
тез 
дайындауға 
және 
лагерді 
жарықтандыруға 
ыңғайлы. «Құдық» («шеген») бұл отты тамақты үлкен ыдыста дайындау
суланып қалған киімді кептіру керек болғанда жағады. «Құдықта» отын 
«күркеге» қарағанда ақырын жанады; жоғары температураны құрайтын шоқ 
шығарады. «Тайгада» тамақты бір уақытта бірнеше қазанда дайындауға 
болады. Бір жуан шөркеге (жуандығы шамамен 20 см) міндетті түрде жел жаққа 
қаратылып, астыңғы бұрыштары 30° жақындасатын бірнеше жіңішке кепкен 
шөрке салады. Отын ұзақ жанады. Бұндай оттың жанына түнеуге 
болады. «Нодья» тамақ дайындауға, түнеу кезінде жылынуға, киімдер мен аяқ 
киімдерді кептіруге жақсы. Бір – біріне жақын ұзындығы 3 м дейін құрғақ 
бөрене салады олардың арасындағы саңылауға тез жанатын отын жағады 
(жіңішке құрғақ бұтақшалар, қабық), содан кейін үстіне сондай ұзындықта
қалыңдығы 20-25 см үшінші құрғақ бөрене салады. Бөрене домалап кетпес үшін 
олардың екі шетінен жерге қазық қағып тастайды. Бұл қазықтар әрі қазан іліп 
қоятын таяқтарға тіреуіш болып қызмет етеді. «Нодья» ақырын жанады, бірақ 
тегіс 
жалындап 
бірнеше 
сағат 
жанады. 
«күркe» «құдық» «тайгада» «нодья» 
«камин» «полинезийялық» «жұлдызша» «пирамида» 
Кез – келген отты алаңды дайындап алған соң ғана жағу керек: кепкен шөп – 
шалам мен шемшек теру. жерді тереңдету құрылғысы, от жанатын орынды 
тастармен қоршау. Отқа отын ретінде құрғақ ағаштарды, шөп – шаламдарды, 
қамыстарды, бұталарды пайдаланады. Жанып жатқан кезде шыршалар, 
қарағай, самырсын, талшын, бал қарағай ұшқынды көп шығаратыны байқалған. 
Емен, үйеңкі, шегіршін, шамшат ақырын жанады. Отты тез тұтату үшін 


19 
тамызық (қабық, ұсақ және құрғақ бұтақтар мен шөркелер, резеңке кесінділері, 
қағаз, кепкен отын) керек. Ол «күркелерге» немесе «құдықтарға» тығыздалып 
салынады. Тамызық тез жану үшін оған балауыз шамның кесіндісін немесе 
құрғақ спирт салады. Отты сіріңкенің, күн сәулесінің және ұлғайтқыш әйнектің, 
үйкелеудің, атудың көмегімен жағуға болады. Соңғы жағдайда: 
 
оқты ашып онда тек қана дәріні қалдыру; 
 
дәрінің үстіне құрғақ мақта салу
 
қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жерді ату қажет; 
 
ескірген мақта оттың тұтанып – жануын қамтамасыз етеді;
 
қысқы уақытта от жағу үшін қарды топыраққа дейін тазалау немесе қарға жуан 
бөренелерді төсеу керек, өйткені еріген қар отты өшіріп тастайды. Оттың 
жайылуын болдырмау үшін оны шұңқырлармен немесе тастармен қоршау 
керек. Оттан шатырға дейінгі қауіпсіз қашықтық 10 м. болу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет