«Жобалау», «болжамдау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарының байланысы. Жобалық әрекет «жобалау», «болжау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарымен тығыз байланысты. Болжау бұл белгілі бір атаудың алдағы мүмкін болатын күйі туралы ықтималды ғылыми пікір, оның болашақтағы көрінісін арнайы зерттеу мен ғылыми болжаудың әртүрлілігі. Сонымен қатар, «ізденушілік болжам» ұғымы да кездеседі. Ізденушілік болжамның мақсаты берілген өлшемге бағдарымен қоса, мәселені шешудің мүмкін болатын жолын анықтайтын нормативтік және перспективалық мәселені, тиісті шешімді іздеу.
Жобалау мен болжаудың мақсаты мен нәтижеге жету бағдары жалпылыққа ие. Алайда, жобалық тәжірбиеде тікелей қолдануына, нәтижеге қол жеткізу үшін жүзеге асырылуына қарамастан, қаталдық пен жауапкершілікті көбірек талап етеді. Болжам «келешек жайында пікір» ретінде қорытындыда белгілі бір түрленушілікке жол беріледі. Жобалау мен болжамның өзара әсері жобалауда зерттеу әрекеті болжамның жаңа қайнар көзі болу ықтималдығына баға болып табылатындығына негіз болады. Болжам міндетті ойлау процедурасы ретінде жобалауда осы не басқа объектінің немесе болашақтағы атаудың мүмкін болатын күйін, перспективасы туралы қалыптасу үшін қолданылады.
Құрастыру бастапқыда инженерлік әрекет түрі ретінде пайда болады; құрастыру инженерлік объектті не жүйені белгілі бір үйлесімділікте құрастырумен байланысты, содан соң өндірісте құрылады. Көбінесе бұл жағдайда типтік, стандартталған элементтер(бөлшектер) қолданылады, осылардың үйлесімділігінен жаңа өнім шығады.
Құрастырудың қазіргі таңдағы түсінік ауқымы кеңеюде. Мысалы, әлеуметтік салада, құрастыру әлеуметтік байланыстар жүйесін табу, нақтылау, өңдеу мен орнату мағынасында қолданылады. Құрастыру мен жобалау оның пәндік іске асырылуына түпкі ой үйлесімділігінің жүйелі кезеңі. Құрастыру үрдісінде жобаланатын объект элементтері, бөлшектері өңделеді, ол жобалауда осы элементтердің өзара байланысты жүйесі құрылады, өңделеді және жоба дайындалады.
Жобалау,сонымен қатар, үлгілеумен байланысты, үлгілеу әртүрлі табиғат объектілерін олардың ұқсастығында (үлгіде) зерттейді.
Үлгі (лат. modulus- өлшем, үлгі, норма) – бұл элементтер арасындағы қатынас пен қасиеттің бейнеленген немесе жүргізу құрылымының және зерттелінетін объектінің схема, суреттеу, физикалық конструкция не формула түрінде құралған үлгі.
Үлгі материалдық (пәндік) және идеалдық болуы мүмкін. Материалдық үлгі объектінің (мысалы, архитекторлық құрылыс үлгісі, самолет үлгісі) геометриялық (физикалық, динамикалық, функционалдық) сипатын айқындайды. Идеалдық үлгі – объектінің бейнелік не белгілік түсінігі (мысалы, математикалық, физикалық үлгі).
Үлгілеу жобалауда шынайы өмірде кездеспеген не олар қандайда бір себеппен белгісіз объектіні атауды, үрдісті таныстыру мен қайта қалыптастыру үшін кең қолданылады. Үлгі объект, атау мен үрдістің жеке аспектілерін бөліп көрсетуге, оның берік қасиеттерін анықтауға, соларға сүйеніп іс жүргізуге және оларды дәлірек логикалық сараптауға салуға мүмкіндік береді.
Жобалау саласында үлгі мыналарға мүмкіндік береді:
Объект не атау бейнесін құруға;
Шынайы үрдісті болашақтағы әрекетімен елестетуге;
Жобалаудың мүмкін болатын нәтижелелеріне қол жеткізуге, салыстыруға, бағалауға;
Жобалық процедура шеңберіне болашақтағы объект, үрдіс пен атау үлгілерін құру жатады, сондықтан үлгілеу жобалаудың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен, жобалау ақыл-ой әрекетінің басқа түрлерімен де байланысы бар, олардың әдісін жобалық мақсатты іске асыруда қолдануға мүмкіндік береді.
Білім берудің тұтас саласы да жобалау пәні бола алады, бұнда тәжірибелік зерттеулер жүргізілуі эксперименттердің жобалық бағдарламалық түрі пайда болуына алып келеді.
В.В. Давыдов пен Ю.В. Громыко ғылымилықтың жаңа жобалық – бағдарламалық түрін белгіледі. Оның негізіне ғылыми сипаттама беру (модельдеу), жаңа фрагменттер мен жүйелер құрастыру алынады. Жобалау пәні ретінде әлеуметтік –мәдени әрекеттер жүйесінің мәдени – тарихи түрлері алынады, бағдарламалау пәні ретінде тәжірибенің даму үрдісі алынады. Аталған В.В. Давыдов пен Ю.В.Громыконың тұжырымдамасын білім берудегі жобалаудың мета –әдіснамасы деп есептей аламыз және ол дәстүрлі педагогикалық үрдістің тұтас адам құндылықтарына көшуін белгілейді. Оның жобалау негізінде қолданылу шарттары төмендегідей қарастырылады:
белгілі бір білім мекемесі деңгейінде тәжірибелік зарттеудің зерттеудің қажеттігін анықтау;
білім саласындағы дәстүрлі нормативтік қызметтермен қатар инновациялық тәжірибелік алаңдардың болуына жағдай жасау;
білім беру саласындағы тәжірибелік жаңғыртулардың құралы ретінде жобалық әрекеттерді алу.
Айта кететін жайт, білім берудегі жобалау инновациялық жобаларды барлық білім беру ұйымдарына міндеттеуге тиіс емес. Бұл жағдайда басқару маниулятивтік сипатта болып, білім беру ұйымдары бірдей сипат алуы мүмкін.
Білім беруді жаңарту білім беру жүйелерін жобалау әдіснамасына, әртүрлі білім мекемелері сипатын және олардың өзін –өзі дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Білім беруді дамытудың перспективалық бағыты ретіндегі жобалау идеяларын В.И. Слободчиков білім берудегі инновациялық әрекеттері тұрғысынан зерттейді. Ол инновациялық әрекеттерді:
белгілі бір әлеуметтік тәжірибе кеңістігінде;
дәстүрлі нормалардың жаңа әлеуметтік күтінімдерге сәйкес болмауынан пайда болған проблемаларды шешуге бағытталған әрекеттер ретінде;
қалыптасқан тәжірибені жаңартуға бағытталған әрекет ретінде қарастырады
Мысалы, зерттеу әрекеттері «мақсат –құрал – нәтиже» схемасы бойынша бар нәрсені зерттеу түрінде болатын болса, басқару әрекеттері «бағдар – әрекет – бақылау» түрінде, ал жобалау әрекеттері логикасы «идея –орындау – рефлексия» түрінде жүзеге асырылады. Жобалаудың өзіне тән ресурстары бар, олар:
интеллектуалдық, ерік – жігерлік;
адами позициялық;
ұйымдастырушылық;
басқару;
кәсіби – әрекеттік
материалдық – қаржылық, т.б
Инновациялық жобалау төмендегі өзара байланысты қызметтерді қамтиды, олар:
ғылыми –зерттеу әрекеттері, немесе жаңа білім ашу, игеру;
білім беру әрекеттері, немесе субъектілердің өз тәжірибесі негізінде өзіндік білімді игеруі;
Осылайша, жаңа әлеуметтік –мәдени жағдайлар ұлттық білімнің жаңа бейнесін қалыптастыра бастады, оның мәні мен белгілері –қоғамдық тәжірибенің өз бетіндік түрі, тарихи тәжірибенің универсалды түрде берілуі, адамдық мәннің қалыптасуы мен күшеюінің жалпы тарихи –мәдени түрі.
Білімнің аталған жаңа бейнесіне сәйкес оның құрылымы өзгереді, білім саласы құрылымының көрінісі үш қырынан байқалады, олар: