жиынтығын анықтыйды. Иерархиялық декомпозицияның нәтижесінде деңгейлердің салыстырмалы
тәуелсіздіктеріне қол жеткізуге болады, яғни оларды жеңіл алмастыру мүкіндіктері пайда болады.
Желілік өзара әрекеттесу құралдары, әрине, иерархиялық ұйымдастырылған көптеген модульдер түрінде
кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда төменгі деңгей модульдері, мәселен, екі көршілес тораптардың арасындағы
электрлік дабылдарды сенімді түрде таратумен байланысты бүкіл мәселелерді шешеді. Жүйе
қызметтерін
жүзеге асыруға және суреттеуге арналған көпдеңгейлі тәсілдеме тек желілік құралдарға қатысты
пайдаланады деуге болмайды. Осындай функциялау үлгісі, мәселен, файлға рұқсат алу үшін келіп түскен
сұраныс бірнеше бағдарламалық деңгейлермен тізбектей өңделетін жаһандық файлдық жүйелерде
пайдаланады. Сұраныс ең алдымен жоғары деңгеймен талданады, ол жерде файл нышанды құрама аты
тізбектей жіктелу және бірегей файл идентификаторды анықтау шаралары жүзеге асырылады. Келесі деңгей
бірегей атау бойынша файлдың бүкіл негізгі сипаттамаларын айқындайды:
мекен-жайы, рұқсат ету
атрибуттары. Содан соң айтарлықтай төмен деңгейде файлға рұқсат алу құқығын тексеру ісі жүзеге
асырылады, одан әрі, талапқа сай мәліметтерді қамтитын файлдың облыстық координаттарын есептеп
болғаннан кейін диск драйыердің көмегімен сыртқы құрылғылар мен физикалық алмасу жүзеге асырылады.
Қос тораптың өзара әрекеттесуі қос атсалысқыш тораптардың сәйкес деңгейлерінің
әрбір жұбы өзара
әрекеттесу ережелерінің жиынтығы түрінде суреттелуі мүмкін. Бір деңгейде бірақ әртүрлі тораптарда
жатқан желілік компаненттер алмасатын хаттамалардың тізбегі мен форматын анықтайтын ережелдер
хаттама деп аталады.
Көршілес деңгейлердің және бірдей торапта жатқан хаттамаларды жүзеге асыратын модульдер нақты
анықталған ережелерге сәйкес және хаттамалардың стандартқа сәйкес
форматтарының көмегімен бір-
бірімен өзара әрекеттеседі. Бұл ережелерді интерфейс деп атау қабылданған. Интерфейс берілген деңгейдің
көршілес деңгейге беретін сервистер жиынтығын анықтайды. Жалпы алғанда, хаттама мен интерфейс бірдей
түсінік береді, дегенмен дәстүрлі түрде желі ішінде оларға әралуан әрекет ету салаларын бекітті: хаттама
әртүрлі тораптағы, бірдеңгейлі модульдердің өзара әрекеттесу ережесін анықтайды, ал
интерфейс- бір
тораптағы көршілес деңгейлер модулін.
Әрбір деңгейдің құралдары, біріншіден, өзінің жеке хаттамасын, ал
екіншіден, көршілес деңгейлердің
интерфейсін өңдейді.
Желідегі тораптардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін жеткілікті хаттамаларының иерархиялы
ұйымдастырылған жиынтығы коммуникациялық хаттамалар стегі деп аталады.
Коммуникациялық хаттамалар бағдарламалық түрде де, аппаратты түрде де жүзеге асуы мүмкін. Төменгі
деңгейлер хаттамасы көп жағдайда бағдарламалық және аппараттық құралдардың жиынтығымен жүзеге
асырылады, ал жоғрғы деңгей хаттамалары,
ережеге сәйкес, таза бағдарламалық құралдардың көмегімен
орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: