«Құдықағаш ауылының Рамазанг Елебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» кмм баяндам а тақырыбы: «Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру»



Дата29.01.2024
өлшемі21.96 Kb.
#490184
баяндама


«Құдықағаш ауылының Рамазанг Елебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Б А Я Н Д А М А

Тақырыбы:
«Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру»

Дайындаған: география пәнінің мұғалімі
Каримова Н.Б.


2023-2024 оқу жылы
Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде. Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады. Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл бейімділіктер өте ерте, кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділігінің одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
“Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады.
Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерін зерттей отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән бейімділіктердің дамуы үшін адами қоғам, әлеуметтік орта қажет дейді.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуы тарихи тұрғыдан анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактордан - тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие тұрады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі - баланың дамуы тәрбие мен білім беруі тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э. Мейман. А. Ф. Лазурский, Ж. Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, “баланың дамуының соңында бірге жүреді” (Л. С. Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы яғни оқыту мен тәрбие көмегімен жүзеге асырылады, бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешуді көздейді (К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский).
Субъектінің әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың “дәрменсіздігі” деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі де екенін ескеру керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. Жеке тұлғаның белсенділігі, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетінің мәні зор.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктерінен туады.
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар– ішкі және сыртқы екі топқа бөлінді. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз – информациялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус – қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық поцестердің, қасиеттер мен қатынастардың әралуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас-әрекеттің күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуының ішкі механизмі болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, наным-сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды.
Қарым-қатынас – балан белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі қырлары бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. ғжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар – адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік.
Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен тереңдеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-тәсілдері қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, іскерлік әрекетінде көрінеді.
Адамның белсенділігі айналаны қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, шығармашылық, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.
Жеке тұлғаның белсенділігі оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: білім алу - танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жҒмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру, оның белсенділігінің барлық бағытта дамуына әсер етеді. Белсенділік баланың барлық күшін жұмсауға, іс-әрекетіндегі өзгешелігін анықтауға, жеке тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекет түрлерімен және әдіс-тәсілдерімен қаруландыру, баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы болады.
Жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне пікірлес етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күшке айналады.
Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың белсенді іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайтыны да белгілі.
Қабілеттіліктің дамуы үшін баланың бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңіл-күйге түсу, жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Дарынды бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, баға үшін емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшін емес, сол жұмыспен айналысқысы келетін болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни ол балада жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көңіл аудартады. Бұл – жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсері. М. Князеваның ойынша, адамның өзін-өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пікірінше өткеннің ұлы адамдарының Ұмірбаяны, күнделіктері, естелік жазулары, сырлары, хаттары өзін өзі қалыптастыру, өз өзіне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелі бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсіби еңбектерінің бастауы болып, өмір жолында әрдайым серік болған:”... адам тек қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендірмейді. Адамзаттың бүтін тарихы – өзін-өзі қалыптастыру мен қайта құрудың жүйесі.
Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектілік) және әлеуметтік факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етеді: әлеуметтік алдын ала анықталып қою, іс-әрекеттің амал-тәсілдері, көпфакторлық, педагогикалық процестің ақиқат-шындығы.
Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).
Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н. И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін “жөнді универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет