2.3. ОҚО-ң қалалар
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкент қаласы. Бұл - Қазақстандағы инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі өнеркәсіпті-индустриялы қалалардың бірі.
Халқы 446,7 мың адам (2003 жылдың қаңтарына). Халқының негізгі топтары:
қазақтар - 49,5%;
орыстар - 24,6%;
өзбектер - 15%;
татарлар - 2,7%;
әзірбайжандар -2,1%.
Шымкент Өгем жотасының етегін алып жатқан жазыққа солтүстік ендіктің 42-градусы мен шығыс бойлықтың 69-градусына сәйкес келетін Бадам мен Сайрам өзендерінің (Сырдария бассейнінің өзендері) аралығына орналасқан. Жердің теңіз деңгейінен орташа биіктігі - 506 м., аумағы 300 шаршы км, яғни облыс көлемінің 0,3%-ын құрайды.
Агроклиматтық жағдайынан алғанда қала қуаң тау етегі аймағында сүртопырақты жерге орналасқан. Ауа райы құрғақ, жауын-шашын мөлшері аздау. Жыл бойына жылы уақыт 185 - 215 күн, жылдық жауын-шашын мөлшері 300-500 мм.
Шымкент қонысы Ұлы Жібек керуен жолдарының тоғысында пайда болған. Ол орталық Азияның көне қалаларының қатарына жатады.
Қаланың аумағында 3 таримхи ескерткіш сақталған, Бұлар қаладан шыға берісте, Байтұрсынов көшесінде (б.з. І-ІІ ғғ.) орналасқан. Ескі қаланың орталығында - Ордабасы алаңынан бастап, 1 және 2 - базар көшелері мен Қабанбай батыр даңғылының аралығында XII - ХҮІІІ ғғ. Қалашық жатыр. Мұхамед Хайдар Дулати (бұрынғы К.Маркс) көшесінің қиылысында ХҮІ-ХІХ ғғ. Керуен сарай орналасқан.
Шымкент туралы алғашқы жазба деректерде Ақсақ Темірдің1365 -1366 жж. әскери жорықтары туралы жазылған парсы тарихшысы Шараф аддин Әли Йаздидің (1415 ж.) «Зафар наме» («Жеңістар кітабы») кітабында айтылады. Темірдің Ташкенттен солтүстікке қарай жасаған бір жорығын сипаттай келіп, тарихшы «олар (темір әскерлері) өз арбалы керуендерін Шымкенттен тапты» Қыстақтың баяндалып отырған оқиғадан бұрын пайда болғаны анық. Шымкенттің жанындағы қазіргі Сайрам ауданының аумағындағы көне Испиджап жазирасының жасы мың жалдан артық әрі бұл аймақ атам заманнан бері оңтүстіктен солтүстік пен шығысқа қарай сауда жолдарының торабына айналған.
«Шымкент» сөзі екі бөліктен тұрады: түрікше «шым» - алқап, қойнау және иранша «кент» - «елді мекен» ,яғни «Жасыл қала».
Ғасырлар барысында Шымкент көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды, олардың көпшілігі осы жерлерде өтті. Қала талай рет басқыншылардың шабылуына ұшырады. Шыңғысхан әскерлері көне Шымкент жерін талай рет басып өтті. Шымкент бірнеше ғасыр бойы оның ұрпақтарының иеліктерінің құрамында болып келді. Ақ орда және Көк орда хандықтарына қарсы табыспен аяқталған әскери жорықтардан соң Шымкент Темір мемлекетінің құрамына енді. ХҮ ғ. Басында Шымкент ойрат (батыс моғолдық) тайпаларының, ал ХҮІІ ғ. Ортасынан бастап ХҮІІІ ғ. Дейін жоңғар басқыншыларының шабуылдарына жиі ұшырап отырды.
Халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өміріне қауіп-қатер төнгізген сансыз соғыстар мен өзара тартыс-қырқыстарға қарамастан, Сайрам жазирасы дамыған егіншілік, бау-бақша, әртүрлі қол өнерлер өлкесі болып қала берді.
ХҮІІІ және XIX ғ. Бірінші жартысында қала үшін Қоқан және Хиуа хандықтарының арасында күрес жүріп жатты. 1810- 1864 жылдары Шымкент Қоқан хандығының қол астында болып, хан өкілінің тұрағына айналды. Қалада саны өте көп Қоқан әскери гарнизоны тұрды, шын мәнісінде қала әскери қаламға айналды.
1864 ж. қаланы шабуылмен орыс әскерлері алды. Қазақстан мен Орта азияның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін Шымкент Жаңақоқан желісінің, сондан соң Түркістан облысының құрамында болып, 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласына айналды. Осы кезден бастап Шымкент еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен байланыстыратын маңызды транзит пунктіне айналды. Қаланың бейнесі өзгеріп, түзу әрі кең көшелеріне еуропалық сипаттағы үйлер көптеп салына бастайды.
1970 ж. Шымкентте 5422 адам тұрған. Өнеркәсібі нашар дамыған, негізгінен ұсақ қолөнершілікпен айналысқан. 1885 ж. сол кездердегі ірі өнеркәсіп орны - сантонин зауыты (қазіргі «Химфарм» АҚ)салынады, онда 70 адам жұмыс істейді. Зауыт сол кездегі алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтармен жабдықталып, маусымда 50 -60 мың пұт емдік дәрі сантонин (ішек құртына қарсы қолданылатын) алынатын дәрмене өсімдігінің дәндерін өңдеп шығаратын болған. Зауыт дүние жүзіндегі бірден - бір сантонин шығаратын кәсіпорын болды, оның өнімдері тек экспортқа шығарылып тұрады. Дәрмене Арыс өзенінің арнасында ғана өсетін болған. 1906 ж. Орынбор-Ташкент жолының құрылысы аяқталды. Жол Арыс стансасы арқылы өтетін болған. Ол арыс стансасы арқылы өтетін, Шымкентке дейін ол 1915 ж. жеткізілді.
1914 ж. Қазақстанның Ресейге түпкілікті қосылуының 50 жылдығы құрметіне қалаға орыс генералы Черняевтың аты берілді, бірақ көп ұзамай 1921 ж. ежелгі аты қайтарылды.
Бүгінгі жарты миллиондық халқы бар Шымкентте 40 өнеркәсіп орны бар. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібі дамыған. Мұнай-химия өнеркәсібі төмендегідей ірі кәсіпорындардан құралады: «ПертоКазахстан Олй Продакшн»ААҚ (Бұрынғы ШНОС) - мұнай өнімдерін өңдеуші кәсіпорын, 2003 ж. бірінші жартысында облыстағы барлық өнеркәсіп өндірісінің 42 %-ын берді.
«ИнтерКомШина»ААҚ. Технологиялық желілерін қайта құрғаннан кейін бұл жерде жеңіл, жүк және ауылшаруашылық машиналары үшін пневматикалық шиналардың импорт алмастырушы үлгілерін шығару меңгерілді.
«Химфарм»ААҚ - қазіргі заманғы технологиямен жабдықтарған бірегей өндіріс, 160 түрлі дәрі-дәрмек шығарады, олардың кейбіреулерінің стратегиялық маңызы бар. 2002 жылы өнімнің жалпы көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 133% болды.
«Казфорфор»ЖШС, «Шымкентфорфор»СМС цехы бас төмендетуші стансада құрал жабдықтарды жөндеу, цехты жылу оқшаулау, қосу-үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. 2003 ж. аяғына импорт алмастырушы СМС шығаруды жолға қою жоспарлаған.
Металлургия өнеркәсібінің өкілі «Южполиметалл»ЖАҚ технологиялық цикл негізінде қымбат тұратын реагенттер мен реактивтер өңдеу технологиясын меңгерген, нэтижесінде металл мырыш өндіру іске қосылды.
6-кесте
Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары
№
|
Қала атауы
|
Қаланған уақыты ж.
|
Жер көлемі
км 2
|
Халық саны
мың
|
1
|
Арыс
|
1928
|
3 000
|
446,7
|
2
|
Кентау
|
1955
|
6 000
|
85,8
|
3
|
Ленгір
|
1945
|
1,6
|
21,8
|
4
|
Жетісай
|
1928
|
0, 8
|
45,3
|
5
|
Шымкент
|
ХІV ғ.
|
3 000
|
446,7
|
6
|
Түркістан
|
б.з. 500
|
7,4
|
176,2
|
7
|
Сарыағаш
|
1905
|
1,7
|
26,0
|
8
|
Шардара
|
1968
|
24
|
27,5
|
Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. 1962 - 1992 ж. Шымкент облысы деп аталды. Аумағында 117,3 мың км2. Тұрғыны 2,18 млн. Адам (2004)Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік, аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа) 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
Табиғаты. Жер бедері Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінде жазық (орташа биіктігі 200-500 м) солтүстігінде тасты сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төмен ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 2-ге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (100 жылқы) тауы (2176 м) Қаратаудың оңтүстік шығысында Боралдай (1400-1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік шығыстан Бадыс Тянь-Шаньның сілімдері (Өтем жотасы), Қаржантау (2800-29(Юм) Қазығұрт тауы (1700 м),Талас Алатауының батыс сілімдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м)таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы. (4299 м) оңтүстік батысында Қызылқұм құмы -, Қаратау тауы (388 м) оңтүстігінде Шардала даласы, Ызақұдық құмы, Қауымбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігінде Мырзашөл алып жатыр.
Мұнда күйіс қайырмайтындар тобынан жабайы шошқаны таулы беткейлерден, «Қызыл кітапқа» енген күйіс қайыратын арқар, тау ешкі, елік және маралдардың жоғары ендіктер мен бұғалы ағашты алқаптардан кездестіруге болады.
Жартқыш отрядынан Батыс Тянь-Шаньдық қоңыр аюдың 60 - 70-ке жуығы мекендейді. Бұл аю Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысық тұқымдастары мен қар барысыы - ілбістің шамамен 10-15 жұбы мекендедй.і Ілбіс халықаралық табиғатты қоғау орталығының «Қазақстан Қызыл кітабына» тіркелген. Түркістан сілеусінін де, бұталы, ағашты алқаптардан сусар тұқымдастарынан күзен мен борсықты да кездестіруге болады.
Далалы, шөпті жерлерде қарсақ, шиебөрі, қасқыр, түркі т.б. аңдардың саны артуда / 18,19,20,21,22,23,24,25 /.
2.4. ОҚО-ң өнеркәсібі
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан - елімізде қарқынды дамып отырған облыстардың бірі. Аймақтың таңдаулы кәсіпорындарының экономикалық көрсеткіштері тұрақты дамудың айғағы болып отыр. Экономиканың табылсты дамуының тағы бір дәлелі - ол жаңа кәсшорындарының пайда болуы, бұл әсіресе мақта өңдеу саласында елеулі көрініс тапты. 2003 жылдың аяғына қарай иіру фабрикасын салу жоспарланған. Ірі өнеркәсіптің дамуы ұсақ және орта бизнес кәсіпорындары санының артуымен қоса іске асырылды.
2003 жылдың бірінші жартысында дүние жүзінің 55 елімен экспорттық - импорттық операциялар іске асырылды. Алты айлық сауда айналымы 240 млн. АҚШ долларын құрады.
Осы мерзім ішінде өнімдерді экспортқа шығарудың импортан асып түсуіне байланысты сауда байланысының оң қайтарым сальдосы 80 млн. АҚШ долларын құрады. Салыстыру үшін бүкіл 2002 бойынша оң қайтарым сальдосының 70 млн. АҚШ доллары шамасы, ал сауда айналымының жалпы көлемінің 335 млн. АКДІ долларынан арттық болғандығын келтірейік. 2002 жылы облыс өнімдері дүние жүзінің 37 еліне шығарылып, 66 елден тауарлар әкелінсе, 2003 жылдың бірінші жартысында тауарлар әкелетін елдердің саны - 52-ге дейін қысқарды.
Болашағы. Облыстың сыртқы сауда қызметінің басты мақсаты -экспортқа бағыттандырылған өнеркәсіптердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және облыс үшін бұрын үрдіс болмаған, жаңа эспотр көздерін дамытуға жағдай туғызу. Сыртқы сауда қызметіндегі екінші бір баса көңіл аударатын мәселе - импорт құрылымын жаңарту болып қала бермекші.
Келешекте 2006 жылға дейін эспортта мұнай өңдеу, түсті металдар мен мақта өнімдерін жетекшілік орында қалдыру. Көзделіп отыр, импортта резина - техникалық өнімдер шығаруға қажетті шикізаттар, мұнай және минералдық жанармай, машиналар мен құрал - жабдықтар, көлік - қатынас құралдары басым болмақшы.
Облыс кәсіпорындары Қазақстанның барлық өнеркәсіп елдерінің 5%-ын шығарады. Мақта мен мақта майы, экскаватор түгелдей, трансформаторлардың 98%-ын, фармацевтика өнімдерінің 75%-ы оңтүстікте шығарылады.
Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін мұнай өңдеуші және металлургия өнеркәсіптері анықтайды. Бұл салалар негізінен түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсіптерінің өсуі байқалып отырған Шымкент және Кентау қалаларында дамуда.
Облыс орталығы Шымкент - Қазақстанның инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі өнеркәсіпті - индустриялы қаласы. Қалада 40 өнеркәсіп орыны бар.
Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар:
«ПетроКазахстанОйл Продактс» (мұнай өңдеу, бұрынғы ШНОС) ААҚ және «Интерком Шинм» (шина шығару) ААҚ.
Құрылыс өнеркәсібі - «Шымкентцемент» ААҚ («портланд» маркалы), «Дыш Тиджарет ве Пластик Санаил» АОК Оңтүстік Қазақстандық филоиялы, «Құрылыс материалы»ААҚ.
Химия өнеркәсібі - «Химфарм» ААҚ (дәрі – дәрмек препараттарын шығару).
Жеңіл өнеркәсіп - АФ «Восход» ААҚ (жүн және жартылай жүн маталардан тігін бұйымдары: костюмдер, пальтолар, курткалар т.б.). «Эластик» ААҚ (жоғары сапалы тіптен шұлық-ұйық бұйымдарын тоқу), «Адал» ЖШС (жіп және мата). Тоқыма және тігін өнеркәсіпінде Түркістан қаласының «Яссы» ААҚ, «Тұран» ШШ, «корпорация АК Алтын» ЖШС, «ШТФ - Түкістан»ЖШС елеулі үлес қосуда.
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының өнеркәсіп өнімдерінің 83%-ы тоқыма және тігін өндіріс кәсіпорындарының үлесіне тиеді.
«Нимэкс» ЖШС, «Мырзакент» ААҚ, «Мақташы»ААҚ, «Мақтаарал»ААҚ, «Ақ Алтын» АА Қ, «Ынтымақ» ААҚ, «Көктал» ЖАҚ облыстағы шитті мақтаның жалпы көлемінің 67%-ын өндіреді. Сарыағаш ауданында ең табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын - «Фабрика «Сенім»» ЖШС.
Тамақ өнеркәсібі саласында жетекші кәсіпорындардың қатарына «Шымкентмай» ААҚ мен «Қайнар» АҚ енеді, (мақта, күнбағыс, сафлор, соя дәндерін өңдеу, тамаққа пайдаланылатын тазартылған өсімдік майларын, т.б. өндіру).
Сайрам ауданында «Арай» КШС өсімдік майын (тазартылған) өндірумен, ал Қазығұрт айданында «Амангелді»ЖШС үн және үн өнімдерін шығарумен айналысады.
Түлкібас ауданында (МЭК лтд) ЖШС ұн және крахмалды өнімдерді, «Плодоконсервный Юг»ЖШС жеміс – жидек және көкөніс өнімдерін шығарады.
Салқын сусындар мен арақ – шарап өнімдерін шығарушы кәсіпорындар да табысты дамып келеді.
Ең алдымен бұл шетелдік құрал – жабдықтарды пайдаланып, чех және неміс технологиялары бойынша сыраның танымал жеңіл сортын шығаратын бүкіл республикаға әйгілі «Шымкентсыра» ААҚ.
«Бахус – Деронсек»ЖШС кейбір көнерген жүзім алқаптарын жаңартуды іске асырды, осы мақсатпен кәсіпорын Сарыағаш ауданының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілеріне 2002 жылы 10?5 млн, теңге, 2003 жылдың бірінші жартысында 4,5 млн. Теңге қаржы бөлді. Сайрам аударының «Нұр»ЖШС және «Лада»ЖШС жүзім алқаптарын жаңарту және жүзімдіктерді баптау жұмыстарына тиісінше 350 мың теңге және 400 мың теңге бөлді. Мақтаарал ауданындағы «Жуалы» ААҚ, Сарыағаш ауданындағы «АВК Капланбек»ЖШС ірі шарап өндіруші кәсіпорындардың қатарына жатады.
Бүкіл республикаға әйгілі минералды су облыстың «бетке ұстарына» айналды. Көбірек танымал маркаларын Сарыағаш айданындағы «Алекс» және «Асем - ай»ЖШС құяды. Жақында олардың қатарына «Сұлтан ММ» және «Тұран»ЖШС қосылды. Темекі өнімдерін шығарумен ЛЪ ЖАҚ айналысады. 2002 жылы кәсіпорын 1211,0 млн. дана сигарет шығарды.
Кентау қаласына қарайтын аймақта фосфорит, қорғасын, барит және мырыш сияқты пайдалы қазбалардың едеуір қоры бар.
Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын «Южполиметалл» ЖАҚ (қорғасын және т.б. өнімдері); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: «Карданвал» ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктері мен айқастырмалар шығару, «Южмаш – К» ЖАҚ (ұстаханалық престеу машиналары, қосалқы бөлшектер мен құрал — жабдықтар шығару), «Электроаппарат» ЖАҚ (қуатты ажыратқыштар және басқа да өнімдер шығару), «Эксскааватор» ААҚ, «Кетау трансформатор зауаты» ААҚ және «Түркістан - насос» АҚҚ (өнеркәсіптік сорғылар шығару).
«Карданвал»ААҚ - Қазақстан мен Орта Азиядағы УАЗ, ВАЗ, РАФ, «Москвич» жеңіл автомошиналары, «Беларусь» тракторлары үшін кардан біліктері мен айқастырғыштар және агроөндіріс кешендерінің машиналары үшін қосалқы бөлшектер шығаратын бірден - бір кәсіпорын. «Южмаш»ААҚ ұстаханалық - престеу машиналарын, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар шығарды.
«Электроаппарат» ААҚ - жоғары вольтті аппартура, күштеп ажыратқыштар және халық тұтыну тауарлар шығарады.
Жеңіл өнеркәсіп орындарының ішінде жетекші орын алатындар: «Восход»АФ ААҚ – саланың ең ірі кәсіпорны, жүн және жартылай жүннен тігін бұймдарын шығаруға мамандандырылған, негізгі өнімдері: ерлер мен әйелдердің сыртқы киімдері, күш құрамдары үшін форма киім, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың қызметкерлеріне арнаулы киімдер. ААҚ жанында «Восход и К» және «Восход и ЮГ» ЖШС жұмыс істейді, олар кәсіпорындарды сегпенттеу нәтижесінде ұйымдастырылған. «Восход и К» костюмдер, пальтолар, курткалар, т.б. шығарады, ал «Восход и ЮГ» бұрынғы «Эластик» жоғары сапалы жіптен шұлық тоқумен айналысады.
«Адал»ЖШС тоқыма өнімдері, қазіргі кезде кәсіпорын мақта талшығын өндіруден бастап, дайын өнім шығарумен аяқталатын цикл бағдарламасын жасау үстінде.
«Эластик и К» АҚ - фабрика ай сайын 200 мың жұп жылы шұлық шығарады, бұл бұйымдар мақта - мата және жартылай жүн, махрадан жасалады, ерлерге, балаларға, әйелдерге арналған. Құрылыс материалдарын «Шымкентцемент» ААҚ («портлэнд» маркалы цемент), «Құрылыс материалдары» ААҚ (құрылыстық кірпіш) және басқа да кәсіпорындар шығарады.
«Шымкент май» ААҚ өсімдік майын, тропиктік стеарин (пальма майы), кірсабын шығарады, «Шымкент сыра» ЖАҚ - сыраны сыйымдылығы 50 литрлік КЕГ-ке құюға арналған, қуаттылығы 240 КЕГ/сағаттық жоғары технологиялық желі іске қосылды, ол өнімді 1777 мың декалитрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Шетел шикізаты негізінде жұмыс істейді. Өнімді өткізу, коммерациялық – делдалдық фирма «КиМ» ЖШС арқылы іске асырылады «Визит»АҚ салқын сусындар шығарады.
«Шымкент макарон фабрикасы» ААҚ әртүрлі ұн және макарон өнімдерін береді. «Теріден аяқ киім тігу зауытық ЖШС - ірі қараның терісін өңдеумен айналысатын, дамып келе жатқан кәсіпорын. Аталған кәсіпорындардан басқа қала шаруашылығының әртүрлі саласында көптеген ұсақ және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді.
Коммуналдық қызмет, қалалық және қалааралық жолаушы таситын көлік шаруашылығы дамыған.
ҚР үкіметі қабылдаған іс - шараларға сәйкес келешекте эспортқа бағытталған және импорттың орнын басатын өнімдерді шығарушы кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетуге басты назар аударылмақшы.
Экономика саласындағы жағдайды барлығынан бұрын облыстың қалалары мен селоларының сыртқы пішіндеріндегі өзгерістерден байқауға болады. Соңғы бір - екі жылдың ішінде Шымкенттің, басқа да қалалары мен аудан орталықтарының көшелері мен алаңдары күрт өзгерді.
Соңғы жылдары еліміздің өмірінде болып жатқан күрделі өзгерістер қоғамның әлеуметтік бейнесінің өзігеруіне де әсер етті. Бірақ біздің адамдарымызды танымал еткен негізгі қасиет – ерекшелік өзгеріссіз қалды.
Ия, біздің берекелі өлкеміздің тұрғындарына тән ерекше «түстік» ділі соңғы жылдардағы қол жеткен елеулі жетістіктеріміздің негізі болып табылады. Ол ерекшелік ғасырлар бойында Ұлтаралық қатынастардың қара қазанында қайнап пісті. Нәтижесінде оңтүстік қазақстандықтардың мінез -құлқында бірден көзге түсетін сипаттар қалыптасты, ол ақкөңілділік пен қонақжайлылық, еңбекқорлық пен ерекше «түстіктік» белсенділік. Мұның барлығы қосылып, өлкенің табиғат сыйлаған бірегейлігін сақтауға және аға ұрпақтың мұраға қалдырып кеткен байлығын көбейте түсуге қабілеттілігінің дәлелі бола алады.
Құрылыс. 2004 жылы тұрғын үй құрылысына жалпы алғанда 2043750 теңге бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін коммуналдық тұрғын үй құрылысына қайтарымсыз негізде 393750 теңге, ал несие негізівде 1650000 теңге ипотекалық несиелеу жолымен іске асырыла-тын тұрғын үй құрылысына бөлінген.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің басшылығымен коммуналдық тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы есебінен Шымкент қаласында Желтоқсан көшесіндегі жалпы алаңы 8100 м2 тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталды. Пәтерлер тұрғындардың әлеуметтік қорғалған бөлігіне бөлінді.
Облыстың аудан, қала, ауылдық әкімгершіліктерімен бірлесіп, ипотекалық несиелеу жүйесіне оңтайлы қатысушылар санын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сол жұмыстар барысында 8 аудан анықталып, 2004 жылдың өзінде жалпы алаңы 87387 шаршы метр бір қабатты 70 тұрғын үйдің және 16 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылыстары басталып кетті.
Тұрғын үйлерді жобалау мен құрылыс жұмыстарына Оңтүстік Қазақстан облысының 96 кәсіпорны және мекемелері тартылған Құрылыста жұмыс істеушілердің саны 300( адамға жетті / 1,2 /.
Петроказахстан компаниясының «Шымкенторгсинтез» зауытының көрінісі
10 -сурет
«Адал» ЖШС тоқыма өнімдері шығаратын фабрика цехі
11-сурет
.
Оңтүстік Қазақстанның экономикалық картасы
12-сурет
2.5. ОҚО-ң көлік кешені
Автомобиль көлігі. Облыс жері арқылы 445,0 км қос бағыттағы темір жол 5,3 мың км автомобиль жолы, азаматтьи авиация жұмыс істейтін 27 мың км әуе жолы өтеді.
Облыс орталығында Орынбор — Ташкент және Түркістан — Сібір халықаралық магистралі түйіседі. Сонымен қатар, Таш кент — Шымкент — Тараз — Алматы және Ташкент — Шымкент — Түркістан — Самара автомагистралі өтеді. Облыс тұрғындарына барлық меншік нысанындағы 5 автокөлік кәсіпорыны қызмет көрсетеді олардың 21 кәсіпорыны қалааралық және ауданаралық бағыттарда, 17-і Шымкент қаласының тасымалдау бағыттарының барлық түрлеріне қызмет етеді. Облыстың автомобиль жолдар желісі 525 бағыттан тұра ды, олардың 175-і қалааралық және 199-ы қала маңы бағыттары. Шымкент қаласын да 1282 кестеден тұратын 126 автомобилі бағыты және 30 кестеден тұратын 4 троллейбус бағыты негізінде қызмет көрсетіледі. Жалпы автомобиль жолдарының ұзын дығы 4467,7 км.
Әуе көлігі. "Шымкент" әуежайы 193 жылдың наурыз айында іске қосылды. Ол уақыттағы ұшақтардың барлығы "ПО-2" машиналары болатын. Бүгінде әуежайды "Ту-154", "Ту-204", "Ил-96-300", "Ил-76" "Ан-124", "Боинг-7478Р", "Боинг-300ЕР" типті ұшақтарды, басқа да әуе кемелері және тікұшақтардың барлық түрлері қабылдауға мүмкіндігі бар.
"Шымкент" әуежайы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға, Таяу және Қиыр Шығыс елдеріне баратын әуе көлігі жолдарының қиылысында орналасқан. Сондықтан да тікелей және транзитті халықаралық әуе рейстерін орындауға өте қолайлы. Қазіргі уақытта Шымкент әуежайынан Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Армения және Сирия елдеріне ұшатын әуе қатынасы орнатылған. Рейстерді "Аэротранс", "СКАТ", "Трансаэро", "Аіr Аsianа", "С8Т Аего" авиакомпаниялары атқарады.
"Шымкент" әуежайы тәулік бойы жұмыс істейді, мұнда кедендік, шекаралық және санитарлық-карантин бақылауы орнатылған. "Сирена", "Габриэль" бронь жүйелерінің көмегі арқылы әуе билеттерін сатады. Жүк терминалымен және 500 шаршы метр алаңға орналасқан уақытша жүк сақтау қоймасымен жабдықталған.
Теміржол көлігі. "Темір жол бөлімшесі" тасымалдау процесін басқарушы құрылым ретінде облыс аумағында 1949 жылдың 1 қазанында Ташкент темір жолының құрамындағы Арыс стансасы басқармасында құрылды. 1959 ж. Қазақ темір жолының құрылуына байланысты Ташкент темір жолының құрамындағы Арыс стансасы қазақ темір жолының құрамына кірді.
Шымкент темір жол бөлімшесі арқылы тәулігіне әр түрлі бағыттарға (Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге және республика ішінде) қалааралық поездар жүреді. "Шымкент — Шеңгелді" қала маңы поезы 2004 жылдың қыркүйек айынан басnап Сарыағаш стансасына дейін ұзартылып, бұрынғы ескі вагондардың орнына жаңа және экологиялық таза электр поезд қатынайтын болды.
Шымкент тасымалдау бөлімшесі орташа есеппен тәулігіне 30 жұп жүк поездарына қызмет көрсетеді. Темір жол желісінің пайдаланылатын ұзындығы 497,3 км, орың ішінде екі және одан да көп желілердің ұзындығы 415,7км./ 5,7 /
Достарыңызбен бөлісу: |